Денсаулық

Алматы облысында қазақстандық вакцинаның 1 млн дозасы құйылады

© Sputnik / Тимур НиталиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Италиялық өндірістен шыққан аппарат бір минутта 60 құтыға вакцина құюға қауқарлы

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында қазақстандық QazVac вакцинасы құйылады.

"Қарасай ауданының Абай ауылындағы "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорын алаңында QazVac вакцинасының 1 миллион дозасына дейін құю жоспарланып отыр", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, вакцина құюға дайындық биыл сәуірде басталған. Бүгінде италиялық өндірістен шыққан аппарат бір минутта 60 құтыға вакцина құюға қауқарлы. Әр құтыда 3 доза бар. Ал шілде айынан 300 мың доза құйылған. Әкімдіктің мәліметінше, бұл бүкіл процесс пен жабдықты тексеруге арналған валидациялық серия. Жабдықтың бәрі Еуропа, Америка мен Қытайдан әкелінді.

"Жетісу" ӘКК арқылы "Антиген" кәсіпорнына жалпы сомасы 420 миллион теңгеден асатын заманауи 13 бірлік технологиялық жабдық лизинке сатып алынды. Бұл жобаны іске асыру ел үкіметінің бақылауында", - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Ал "Антиген" кәсіпорнының директоры Нұрлан Ахметсадықов құтыларға құйылған 300 мың доза Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында тұрғанын атап өтті.

"Зерттеулер жақында аяқталады. "Антиген" ЖШС-да құйылған вакцина толық тексерістен өткен соң ғана қолданылады", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаң іске қосылғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: 

Отандық QazVac вакцинасы дельта штамға лайықталып жасалады

Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жіберуді шектеу туралы қаулы жарияланды

Елде балаларды жоспарлы вакциналау туралы сайт пайда болды

Жаңалықтар
0