Денсаулық

Індеттен тағы 42 қазақстандық қайтыс болды

© REUTERS / JOSE CABEZASмедицина қызметкерлері
медицина қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Коронавирус жұқтырғандар арасында 218 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Бір тәуілкте коронавирус 42 адамның өмірін қиды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

7 адам коронавирустық пневмониядан, 35 адам коронавирустан көз жұмды.

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (53 945 коронавирустан және 8 717 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 868 адамның жағдайы ауыр,
  • 218 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 139 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз: Коронавирус статистикасы: көрсеткіш төмендеп келеді

Жаңалықтар
0