Денсаулық

Дәрігер COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе
Люди в масках на пешеходном переходе - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Ғаламшар халқының 60 процентінде коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптаспағанша түбегейлі өзгерістер болмайды, деп болжады ресейлік инфекционист

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек –  Sputnik. Коронавирус пандемиясы кем дегенде тағы бір жылға созылады. Sputnik радиосына сұхбат берген ресейлік инфекционист дәрігер Георгий Викулов қалыпты өмірге оралуға кедергі болып отырған негізгі мәселені атады.  

Бұған дейін оның әріптесі Евгений Тимаков пандемия шамамен бір жылдан кейін аяқталады деп болжам жасаған. Георгий Викулов онымен келісіп отыр.  

"Неге тағы бір жыл деп жатыр? Себебі әлемдегі адамдардың басым бөлігінде әлі күнге дейін инфекцияға қарсы иммунитет жоқ. Әсіресе бұл тұрмысы төмен елдерде айқын байқалып отыр. Демек ондай жерде аурудың қоздырғышы айналып жүре береді", – дейді Викулов.

Оның айтуынша, жер-жаһанда адамдардың 60 процентінде COVID-19 инфекциясына қарсы иммунитет пайда болғанда пандемия аяқталады.  

"Адамдардың бір бөлігі ауырып шығады, басым бөлігі вакцина салдырады. Ғаламшар халқының 60 процентінде коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет қалыптаспағанша түбегейлі өзгерістер болмайды", – деп атап өтті дәрігер.

Инфекционист бүгінде әлем халқының тіпті үштен бір бөлігі де инфекцияға қарсы иммунитетке ие болмағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0