Денсаулық

Вакцина алмаған ұжымдарды тексеру қалай жүргізіледі

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуұжымдық жұмыс
ұжымдық жұмыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
Мониторингтік топ тексерудің нәтижесін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова ұжымдарда вакциналау көреткіші қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жобалық кеңсе вакциналау картасының негізінде кәсіпорындардың тізімін жасайды. Оған жұмысшылардың саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдыру көрсеткіші 60 проценттен төмен ұжымдар кіреді. Осы тізім жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Олар мониторингтік топты жіберіп, тексеру өткізеді", - деді Бейсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мониторингтік топ тексерудің нәтижесін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне жібереді.

"Біз болсақ, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір министрліктің 47-ші бұйрығы шықты. Осы құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді. Сол күннен бастап тексерулер басталады", - деп атап өтті Бейсенова.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0