Архивтегі сурет

Қазақстанда COVID жұқтырған науқастарға арналған 100-ден аса стационар жабылды

38
(Жаңартылды 17:08 13.10.2021)
Бұл стационарларда 30 мыңнан аса төсек-орын болған, егер қажеттілік туындаса, олар қайтадан пайдаланылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Қазақстанда 25 тамыздан бері коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге арналған 103 стационар жабылды. Мұндай шешім эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты қабылданды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

"Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты өңірлерде 25 тамыздан бері ковидтік стационар ретінде көмек көрсеткен 103 нысан жабылды", - деп жазды ол Facebook-те.

Министр жоғарыда көрсетілген стационарларда 33 465 инфекциялық төсек-орын орналасқанын нақтылады. Қажеттілік туындаса, олар вирус жұқтырғандарды емдеу үшін резерв ретінде қайтадан пайдаланылады.

Бұған дейін Цой Қазақстанда тамыздың екінші жартысынан эпидахуал тұрақтанғанын, аурушаңдық 3,2 есе, өлім-жітім 2,7 есе төмендегенін мәлімдеді.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 908 847 адам коронавирус жұқтырды, соның ішінде 850 849 пациент дертінен айықса, 11 613 адам қайтыс болды.

Бұған қоса, 2020 жылдың 13 наурызынан ковидтік пневмонияға шалдыққан 77 434 адам тіркелді, 4 931 науқас көз жұмды, 65 558 пациент сауығып шықты.

Оқи отырыңыз: 

38
Кілт сөздер:
коронавирус, науқастар, Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрлігі
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты Мамин

4214
(Жаңартылды 10:24 19.10.2021)
Премьер-министр үкіметтің алдында 60% ұжымдық иммунитетке қол жеткізу міндеті тұрғанын екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, нашарлаған жоқ. Өңірлердің бәрінде де вирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеді, ауыр науқастар мен стационарда, амбулаторияда емделіп жүргендер саны азайды", - деді Мамин үкімет отырысында.

Дегенмен, оның сөзінше, алты өңір әлі де "қызыл" аймақта. Олар: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Премьер-министр үкіметтің алдында 60% ұжымдық иммунитетке қол жеткізу міндеті тұрғанын екенін атап өтті.

Қазіргі таңда 8 миллионнан аса адам бірінші компонент, 7,2 миллионға жуығы екінші компонент салдырған. Сондай-ақ тұмауға қарсы егу науқаны да жүріп жатыр: 1,4 миллион адам егілді.

Мамин егу науқаны бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналау жоспары қайта қаралғанын мәлімдеден еді. Айтуынша, бүгінде вакциналауға жататын халық саны – 11,4 миллион адам.

Оқи отырыңыз: 

 

4214
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, эпидемия
Жедел жәрдем көлігі

Өткен тәулікте қанша қазақстандық COVID-19 жұқтырды

105
Ең көп жағдай Алматы қаласында анықталып отыр - 250 адам, тағы жеті өңірде індетке шалдыққандар саны жүзден асты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 387 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 149,
  • Алматы қаласы - 250,
  • Шымкент қаласы - 33,
  • Ақмола облысы - 126,
  • Ақтөбе облысы - 15,
  • Алматы облысы - 111,
  • Атырау облысы - 24,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 85,
  • Жамбыл облысы - 13,
  • Батыс Қазақстан облысы - 15,
  • Қарағанды облысы - 148,
  • Қостанай облысы - 103,
  • Қызылорда облысы - 14,
  • Маңғыстау облысы - 7,
  • Павлодар облысы - 159,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 128,
  • Түркістан облысы - 7.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 919 533 адамға жетті.

105
Кілт сөздер:
коронавирус, қазақстандықтар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Вакцинаның пайдасын кеш түсінеді": дәрігерлер жансақтау бөлімін көрсетті – видео
Коронавирустың ETA штамы: белгілері мен қаупі
Вирусолог вакцинаның екінші дозасын салғызбаса не болатынын айтты
Павлодарда бес жасар баладан коронавирустың Eta штамы анықталды
Алматыда коронавирустың жаңа толқыны бола ма – Бекшин жауап берді
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 21 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 20:12 20.10.2021)
Sputnik Қазақстан 21-26 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

14.30 - "Ұлттық рухани жаңғыру" Ұлттық жобасы: негізгі бағыттары. ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі".  Спикеры:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Балаева Аида Ғалымқызы; ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрқиса Мұратұлы; ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қабаев Әділбек Күнесханұлы.

16.30 - “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасы. Өтетін жері - Орталық коммуникациялар қызметі. Спикер: ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. 

19.00 – "Жұбайлар жұмбағы" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Байтұрсынов көшесі, 25/1).

19.00 – "Дон Паскуале" спекатклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев 1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Қара шекпен" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Үйлену" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы 103).

18.30 – "Жәмилә" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Севильский цирюльник" операсы (Абай атындағы Қазақ МАОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Любовница" ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 – "NE PROSTO ORCHESTRA" концерті (Республика сарайы, Достық 56)

19.00 – Amy Winehouse от "Vina"s Band" трибюті (La Boheme театры, павильон 2, Зенков, 24).

20.40 – "Утопия. Возвращение в сон" спектаклі (Пространство "ДОМ",  Бәрібаев көшесі, 36).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
14.00 - "Nobel Fest" үшінші Нобель фестивалі. Тақырыбы: "Будущее уже сегодня". Фестиваль онлайн өтеді (Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз. Байланыс: Батихан Қалыбеков, Нобель фестивалінің баспасөз қызметі, kalibekov@inpolicy.net, Instagram: @nobel_fest).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

0
Кілт сөздер:
қазан, Қазақстан, оқиғалар