Денсаулық

Қазақстанда зорлық-зомбылықтан кейінгі дене жарақатының есебі жүргізілуі мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Пилоттық жобаны республиканың бірнеше қаласында қарашадан бастап іске қосу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. "Ашық НҚА" порталында "Қатыгез қарым-қатынас салдарынан болған дене жарақаттарын және (немесе) психологиялық әсерді құжаттау жөніндегі есепке алу және есеп беру құжаттамасы нысандарын толтыру жөніндегі пилоттық жобаны енгізу туралы" жоба қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұйрық жобасына сәйкес, есепке алу және есеп беру құжаттамасы нысандарын толтыру жөніндегі пилоттық жобаны 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізу жоспарланған.

Сондай-ақ пилоттық жобаға қатысатын медициналық ұйымдардың тізімі көрсетілген: Нұр-Сұлтандағы №5 қалалық емхана мен Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы, Алматыдағы №7 қалалық аурухана және Қарағандыдағы Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана.

Енді осы мекемелердің пациенттеріне зорлық-зомбылық әдістері, азаптау, зорлау кезінде қару қолдану, оның ұзақтығы туралы есеп формасы толтырылады. Сондай-ақ дене жарақаттарының сипаттамасы жүргізіледі. Адамның психологиялық жай-күйі, эмоциясы, көңіл-күйі жайлы мәліметтер де енгізіледі.

Жоба 29 қазанға дейін талқыланады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0