Денсаулық

Індет тағы 37 қазақстандықтың өмірін жалмады

© AP Photo / Jorge SaenzМедики везут тело погибшего от коронавируса в морг
Медики везут тело погибшего от коронавируса в морг - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Індетке шалдыққандар арасында 520 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте 37 адам індеттен көз жұмды. Оның ішінде 8 адам коронавирустық пневмониядан, 29 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды.

4 қарашадағы мәлімет бойынша, 43 397 адам коронавирус инфекциясынан (–37 852 + және 5 545 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 710 пациент стационарда, 35 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 520 адамның жағдайы ауыр,
  • 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз:

"Балаларды тартып алады": министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұрады – Цой жауап берді

Жаңалықтар
0