Денсаулық

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдар санаты кеңеюі мүмкін

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Қазақстанда Pfizer препараты балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерден бөлек, басқа да азаматтарға егілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазақстанда Pfizer вакцинасын басқа санаттағы азаматтарға егуге рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

Қазіргі таңда Pfizer вакцинасы балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге егіледі.

"Басқа санаттағы азаматтарға да осы вакцинаны алуға мүмкіндік беру үшін  шешім іздеп жатырмыз", - деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Үкімет бұл шешімді осы аптада жариялауды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, 10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Келісім аясында Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 миллион дозасы сатып алынды.

Бұған дейін Pfizer салдырғысы келетін, бірақ аталған препаратпен вакциналау санатына кірмейтін алматылықтар емханаға барып, өтінім қалдыра алатыны хабарланған еді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0