Экономика

Қазақстан туризмді қалай дамытпақ?

© SputnikБурабай көлі
Бурабай көлі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Бүгін үкімет отырысында 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы мақұлданды.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, тұжырымдама туризмді дамытудың стратегиялық пайымын, туристік саланы  дамытудың негізгі қағидаттарын қамтиды, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін айқындайды.

Тұжырымдаманы іске асыру мынадай бағыттарды қамтиды:

  • мәдени-танымдық және этнографиялық туризмді, Mice және Event – туризмді, балалар және жасөспірімдер, медициналық, аңшылық және спорттық туризмді, автотуризмді және караванингті дамыту;
  • елдің белсенді маркетингі және "Астана – Еуразия жүрегі", "Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы", "Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер", "Алтай маржаны", "Ұлы жібек жолын қайта жаңғырту", "Каспий қақпасы" өңірлік мәдени-туристік кластерлік дамуы;
  • туристік саланы дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша шараларды қабылдау, оның ішінде, инвестицияларды тарту, білікті мамандарды дайындау, тұрақты (экологиялық) туризмді дамыту, әкімшілік кедергілерді жою, визалық, көші-қон рәсімдерді жеңілдету, елдің туристік әлеуетін имидждік ілгерілетуді күшейту.

Қазақстанның киелі жерлерінің картасы

Бұл  жоба туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына кіреді.

Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы атанады

"Макросакральді нысандардың алдын ала тізімі – жұмыс картасы жасалады. Әр өңір бойынша 5-10 нысан айқындалған. Бүгінгі таңда алдын ала тізімге 100-ден астам нысан енді. Аймақтармен бірлесіп микросакральді нысандар тізімін жасау бойынша ақпарат жинау жүргізіліп жатыр, қазіргі таңда онда 500 нысан қамтылған", — деп баяндады Мұхамедиұлы. 

Оның айтуынша, биыл жобаны жүзеге асыру үшін алты бағыт бойынша ғылыми-зерттеу және дала экспедициясын жүргізу жоспарланып отыр (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Орталық және Оңтүстік Шығыс Қазақстан). Олардың қатарында Ұлттық парктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, қолжетімділігі қиын жерлер бар.

Туристік кластерлер

Министр атап өткендей, туристік кластерлер қайта қарастырылып, алтыншы кластер қосылады.

Астана кластері екі мәдени-туристік кластерге бөлінбек. "Астана – Еуразия жүрегі" Астана қаласын қамтиды. Ал "Табиғат пен көшпелі мәдениеттің тұтастығы" кластеріне туристердің қызығушылығын тудыратын жерлер мен Ұлытау мемлекеттік табиғи қорығы, Солтүстік Балқаш маңы туристік нысандары енді.

Іле Алатауы таулары - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстанның сұлу табиғаты америкалықтардың қалыптасқан ойын өзгертуде

 "Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы" кластеріне "Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығы, Жоңғар Алатау, Көлсай көлдері, Қара дала бальнеологиялық курорттық аймағы, Хан тәңірі шыңы қосылды. 

"Ұлы Жібек жолының жаңғыруы" кластеріне Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Қасқасу тау курорты енді.

"Каспий қақпасы" (Маңғыстау облысы және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының бір бөлігі) кластерінде әзірленетін негізгі туристік өнімге жағажай туризмі, мәдени туризм және басқалары жатады. 

 "Алтай жақұттары" (Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктері) кластері табиғат таңғажайыптары әлемі ретінде ұсынылып, экологиялық туризмді дамыту орталығына айналады.

Мұхамедиұлының айтуынша, тұжырымдаманың  жағымды имиджін және маркетингін қамтамасыз ету үшін дестинацияларды басқару мен маркетинг бойынша ұйымды құру көзделген.

Lost in Kazakhstan - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан туралы тамаша бейнежазба Ғаламторда тарап кетті

"Бұл ұйым Қазақстанды халықаралық туристік дестинация ретінде ілгерілетіп, Қазақстанның туристік брендін кәсіби басқарады. Сонымен бірге, маркетинг стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру, келетін және ішкі туристерді ілгерілету, туристік индустрияға ішкі және сыртқы инвестициялардың ағымын ынталандыру, инвестициялық жобаларға қатысу және туристік сала үшін білікті мамандар әзірлеу бойынша орталықтар құрумен айналысады", — деді министр.

Жаңа тұжырымдама екі кезеңде  - 2017-2019 және 2020-2023 жылдары жүзеге асырылмақ. 

Жаңалықтар
0