АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Сенат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында қызметтік және азаматтық қару тасымалы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат депутаттары бейсенбі күні жалпы отырыста "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында қызметтік және азаматтық қару тасымалы туралы Келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады.
"Келісім қызметтік және азаматтық қаруды сату, спорттық шараларға қатысу, аңшылық, көрмеге қою, сынақ жүргізу, негізгі бөлшектерін жөндеу мақсатында, сонымен бірге иесінің басқа елге көшуіне байланысты тасымалдау, алып кіру, алып кету және ішкі транзитін жүзеге асырумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қатысты", — деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов отырыста.
Келісімді ратификациялау ЕАЭО мүше елдерінің өкілетті мемлекеттік органдарына азаматтық және қызметтік қару айналымын толығымен қадағалауға мүмкіндік береді.
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына биылғы І тоқсандағы еліміздің экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары, Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы есеп берілді.Президентке экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндалды. Әсет Ерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.
Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 17,6 миллиард теңге қажет. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды.
Құжатта аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған.
"Сайлау өткізуге шамамен 17,6 миллиард теңге қажет болады. Оның 4,8 миллиард теңгесі биыл 800-ден аса әкімнің сайлауын өткізуге керек", - деді Әбдіқадыров.
Вице-министрдің айтуынша, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын жергілікті бюджет қаржыландырады. Алайда алдағы екі жылда, яғни 2021-2022 жылдары сайлауға ақша Орталық сайлау комиссиясы арқылы бөлінеді. Ал кейін 2023 жылдан бастап бұл шығын жергілікті бюджет шығындарының базасына қосылады.
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік сайттардың кемшілігі мен осалдығын анықтап, оны жоюға көмектескен қазақстандықтарға ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстандықтар сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады.
"Мұндай бағдарламалар көптеген ірі компанияда – Mail.ru, Яндекс, Uber, Google-да бар. Егер қандай да бір маман, хакер жүйенің осалдығын тапса, ол оны тапсырып, ақшалай сыйақы ала алады. Қазақстанда біз бірегей бағдарламаны іске қостық, мұндай бүкіл әлемде жоқ. Азаматтар барлық мемлекеттік жүйеде анықталған осалдық туралы хабарлай алады", - деді Холдас брифингте.Ол Ұлттық банкпен бірлесіп BugBounty бағдарламасына барлық банкті қосу мәселесі шешіліп жатқанын айтты.
"Осал емес жүйе болмайды, тіпті пентагонның өзін бұзып жатады. Бірақ қалай да соны қорғау процесін ұйымдастыру қажет. Мәселен, өткен аптада зерттеушілердің бірі бүкіл қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге әсер ететін осалдықты анықтады. Мұның өзі осы бағдарламаның қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді", - деді орталық директоры.