Жарықтандыратын шам

Өзбекстан Қазақстанға миллиондаған қарызын төледі

1102
(Жаңартылды 18:02 24.12.2017)
"Узбекэнерго" АҚ соңғы алты жылдың ішінде электр энергиясы үшін 143 миллион доллар қарыз болып қалған

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Өзбекстан  электр энергиясы үшін 143 миллион доллар көлеміндегі қарызын өтеді, деп хабарлады қазақстандық KEGOC электр энергетикалық компаниясы. 

"Узбекэнерго" АҚ 2017 жылдың желтоқсанында 2011-2017 жылдардағы электр энергиясын жеткізу және қуатты реттеу қызметтерін көрсету шарттары бойынша "KEGOC" АҚ алдындағы негізгі қарызын толық көлемде өтеді", — деп жазылған хабарламада.

Өзбекстан тарапы қызмет ақысын төлемегеніне қарамастан Қазақстан екі елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйелері сенімді жұмыс істеуі үшін соңғы жылдары электр энергиясын жеткізуді жалғастырды.

KEGOC компаниясы "Узбекэнерго" АҚ-мен серіктестігін тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеді.   


1102
мұнай өндіру, фото

Тақтатас мұнайына салынатын инвестиция мөлшері төмендеді

46
Мұнай бағасының құлдырауы, үлкен қарыз және қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан АҚШ-тың тақтатас өнеркәсібінде банкроттық белең алды. Ірі ойыншыларға пандемия ауыр соққы болды. Бірақ жағдай бұдан да күрделене түсуі мүмкін

Себебі алдағы уақытта осы салаға салынатын инвестициялар көлемінің екі есеге дейін құлдырау қаупі бар. Бұл қиындықтан көп компания құтыла қоймасы анық, деп жазады РИА Новости.

Төмен бағалар

Мұнай бағасының көктем кезіндегі құлдырауы ең алдымен, АҚШ-тағы бұрғылау жұмыстарын күрт әлсіретті. Шикізат 50%-ке арзандады. Техас бұған мүлдем дайын болмады. Нәтижесінде Parsley Energy 150 мұнай ұңғымасын жауып тастады, Continental Resources өз өндірісін үштен бірге қысқартты, Texland Petroleum - толығымен.

Сәуірде тақтатас өндірушілердің бірі – Whiting Petroleum, артынша қызмет көрсететін Hornbeck Offshore Services компаниясы банкротқа ұшырады. Мамыр айында инвесторларға өз қызметін тоқтатынын калифорниялық California Resources және тақтатас алыбы Chesapeake Energy мәлімдеді. Сарапшылар бұл банкроттық толқынның тек бастамасы екенін, көп ұзамай жағдай бүкіл саланы толығымен қамтитынын ескертті. Pickering Energy Partnersтің болжамынша, осы жылы сектордағы компаниялардың 40%-ке жуығы күйреуі мүмкін.

Қазіргі баға әлі күнге дейін тақтатас өндірушілердің пайда табуына мүмкіндік бермей отыр. Олардың өндіріс құны бір баррельге 50-60 долларды құрайды. Қырық мүлдем жеткіліксіз. Бұл сала инвесторлар үшін де барған сайын тартымсыз бола бастады. Демек, шеңбер тұйықталып келеді: ал ағысқа қарсы тұру үшін ақша керек, бірақ қазіргі жағдайда сенім артатын ешкім жоқ.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) бағалауынша, тақтатас өндірісіне салынатын инвестиция биыл екі еседен астам төмендеп, 45 миллиард долларға жетеді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 100 миллиардқа жуықтаған еді.

World Energy Outlook ХЭА-ның баяндамасында ең жоғарғы көрсеткіш 2014 жылы, яғни 125 миллиард болғандығы айтылған. Бұл онжылдықта 30 пайызға аз болады деп болжануда - жылына шамамен 85 миллиард.

Rystad Energy халықаралық консалтингтік агенттіктің болжамынша, биыл 67 миллиард шамасында болады.

Қарызға белшесінен батты

Инвесторлар тақтатас өндірушілерге тек бүгін ғана салқын қабақ танытып отырмағанын айту керек. 2018 жылдың соңында көптеген компания инвестициялардың жетіспеуіне байланысты өз бюджетін миллиардтаған қаржыға дейін қысқартуға мәжбүр болды. Мұның себебі қарапайым, яғни кіріс жоқ.

АҚШ-тың әлемдегі ең ірі мұнай өндірушісіне айналуы - тақтатас өндірушілердің еңбегі. Алайда, олар үнемі жаңа ұңғымаларды бұрғылап отыруы керек, өйткені өндіріс аймақтары тез сарқылатыны анық. Олай болмаса, еріксіз қарызға батуға тура келеді.

Тақтатас "онжылдығының" нәтижелеріне сүйене отырып, инвесторлар бұл бизнестің әлі де үлкен кірістен алыс екенін түсінді, компаниялар мұнай өндіргеніне қарамастан, әлі де шығынға ұшырап жатыр, олар барған сайын қаражат жетіспеушілігін көп қарыз алу есебінен толтыруда. Он жыл ішінде осы саланың ең үздік деп танылған 40 жетекші өкілі тапқан кірісімен салыстырғанда, 200 миллиардқа жуық артық қаражат жұмсаған.

Тек кейбіреулері ғана өздерінің пайда табуға қабілетті екендіктерін дәлелдеді, дейді сарапшылар. Тақтатас кен орындарындағы мыңдаған ұңғымалар шикізатты инвесторларға уәде етілгеннен әлдеқайда аз шығаруда. Нәтижесінде компаниялардың акциялары сатылуда. Мұндай күрделі жағдайды ойыншылардың өздері де байқап отыр. "Өнеркәсіп соңғы онжылдықта инвесторлардың сенімділігін мүлдем жойды", - деді елдегі төртінші ірі мұнай өндірушісі саналатын америкалық "Marathon Oil" мұнай-газ компаниясының бас директоры Ли Тилман.

2007 жылдан бастап АҚШ-тағы тақтатас акцияларының индексі 31 пайызын жоғалтты, ал S&P 500 80 пайызға өсті.

Лас құпия

ХЭА жыл соңына дейін әлемдік мұнай жеткізілімдерінің қысқаруына ең көп үлес қосатын ел АҚШ болады деген болжам жасап отыр. АҚШ-тың жеті негізгі тақтатас бассейндеріндегі - Перм, Игл- Форд, Баккен, Ниобром, Анадарк, Аппалачин және Хейнсвилль бассейндеріндегі өндіріс көлемі тәулігіне 7,632 миллион баррельге дейін төмендейді. Оның ішінде тақтатас өндірісінің жартысынан көбін құрайтын Перм бассейнінде 4,5 миллионға дейін, Игл-Фордта 1,3 миллионға дейін азаяды. 

Бір қызығы, бүкіл америкалық мұнай өнеркәсібі арқа сүйеп отырған технологияның өзі оны жарқын болашағынан айырып отыр. Саланың жетекші инвесторларының бірінің айтуынша, өндіріс қабатының гидроажырауы елдің көмірсутегі қорын едәуір мөлшерге азайтқан. Бұл АҚШ-тың мұнай өндірісі мен энергетикалық тәуелсіздігінің қайта қалпына келуіне деген үмітті сөндіріп отыр.

Портфельдік-компаниялары ExxonMobil ірі бұрғылаушысынан сәл ғана аз өнім шығаратын Quantum Energy Partners жеке меншік инвестициялық компаниясының басшысы Уил Ванлох қабаттың гидроажырауы "Солтүстік Америкадағы қорлардың көп бөлігін жойғанын" мойындады.

"Бұл тақтатастың лас құпиясы. Ұңғымалар бір-біріне тым жақын бұрғыланады. Соңғы бес жыл ішінде біз тек қана жер қойнауын босатумен ғана айналысып келдік", - деді Ванлох Financial Times басылымына.

Әрі қарай не болады

Financial Times газетінің хабарлауынша, бірінші тоқсанда тақтатастың ірі тәуелсіз компаниялары 26 миллиард доллар болатын рекордтық жиынтық шығынды тіркеді. Біз банкротқа ұшырауға дайын болуымыз керек, деп атап көрсетті газет.

Бұл 2016 жылғы мұнай дағдарысы кезіндегіден де күрделі болады. Ол кезде 70 компания қаржылық төлем қабілетсіздігі туралы арыз жазды, бірақ төлем қабілетсіздігі аз мөлшерде болған еді және олар жалпы сомасы 56 миллиард доллар болатын қарызды қалдырып кетті. Енді алыптар біртіндеп құлдырай бастады. Маусым айында тағы бір ірі тақтатас өндіруші - Extract Oil & Gas ойыннан шығып кетті.

"Haynes and Boone" заң фирмасының берген мәліметтері бойынша, жылдың сегіз айында 51 миллиардқа жуық қарызы бар 36 фирма өзін банкрот деп жариялады. Ал ірі 25 компанияның жалпы жиынтық қарызы 150 миллиард долларды құрады.

"Нарық банкроттық пен қайта құрылымдауды күтіп отыр", - деген көңіл көншітпейтін қорытынды жасады KPMG рейтингтік агенттігінің энергетика бөлімінің бастығы Регина Мэр. Сарапшылар егер мұнай бағасы қажетті деңгей көтерілмесе, келесі жылдың аяғында 250 компания банкрот болады деп болжам жасап отыр.

Алайда пандемия қайтадан қарқын ала бастады. Ал бұл тиісті бағаны белгілейтін энергия тасымалдаушыларына деген сұраныстың төмендейтінін көрсетеді. Бірақ Deloitte консалтингтік-аудиторлық компаниясының жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, АҚШ-тың тақтатас өндірушілерінің шамамен үштен бір бөлігі қазірдің өзінде төлемге қабілетсіз болып отыр.

46
Нұр-Сұлтан әуежайында тұрған ұшақ

Қазақстанда әуе тасымалы қызметі арзандады

104
Биылғы жылдың қыркүйек айында жолаушылардың әуе көлігіне төлеген қызмет құны 8,7 процентке төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Биылғы тоғыз айда отандық әуе компаниялары 3,8 миллион адамды тасымалдады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40%-ке аз. Ал жолаушылар айналымы 2,2 есеге азайып, 5,9 миллиард жолаушы-шақырымды құрады, деп хабарлайды Energyprom.kz.

"Айталық, қыркүйекте 608,5 мың жолаушы әуе тасымалы қызметін пайдаланған, бұл өткен жылғы күздің алғашқы айымен салыстырғанда 20%-ке аз. Сол сияқты қыркүйекте жолаушылар айналымы 941,8 миллион жолаушы-шақырымды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,5%-ке төмен", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін халықаралық әуе көлігі ассоциациясының 2020 жылғы әуе тасымалы трафигін 2019 жылмен салыстырғанда 66%-ке дейін төмендейтінін күтетіні хабарланды.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларының кірісі былтырғы көрсеткіштен айтарлықтай төмендеген: ақшалай түрде 135,8 миллиард теңгеге дейін қысқарған. Ақпарат көзі мұндай жағымсыз динамика соңғы төрт жылда алғаш рет байқалып отырғанын атап өткен.

"Салыстыру үшін, 2019 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 297,1 миллиард теңгеге жетті. Биылғы жылдың қыркүйегінде жолаушылардың әуе көлігіне төлеген қызмет құны 8,7%-ке төмендеді", – деп жазады басылым.

Биыл әуе тасымалының бағасы тек төрт облыста – Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында өсті. Төрт облыста – Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында баға өзгеріссіз қалды. Ал Нұр-Сұлтанда (36,5%), Шымкентте (36,3%) және Маңғыстау облысында (24,7%) баға айтарлықтай төмендеді.

Оқи отырыңыз: Коронавирус халықаралық саудаға соққы жасады: ЕАЭО елдері не істеп жатыр

 Жалпы жолаушылардың әуе көлігі қызметі өткен жылмен салыстырғанда 9% -ке арзандады.

104
Кілт сөздер:
әуе тасымалдары, әуе қатынасы, әуе тарифі
Тақырып бойынша
Алматы – Ұланбатыр арасында әуе рейсі ашылды
Қазақстан тағы төрт елмен әуе рейстерін қысқартады
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Министр әуе тасымалы қалай жүзеге асырылатынын айтты
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Күзгі астана

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 20-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда көрсетіледі. Байланыс: 8 (7172) 75 00 10, press.kpm@mail.ru.

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

12.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында диктант жазудан халықаралық акцияға арналған Спикерлер: ғарышкер Айдын Айымбетов (диктант оқитын адам), жоба үлестірушісі Лаура Ілиясова, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Коропченко. Байланыс үшін: +7 (747) 2207401 (WhatsApp). Трансляция Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube-каналда жасалады.

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0