Экономика

Әзербайжан банкіндегі миллиардтаған зейнетақы қаржысының тағдыры не болды?

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңгелік банкнота
500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарызды қайтару кезінде шығын болады, бірақ негізгі қаражатты жоғалтпаймыз, деп сендірді министр Сұлтанов

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik, Айымгүл Әбіл. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланған зейнетақы қорының миллиардтаған қаржысы қалай қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін мәжілісте депутат Владислав Косарев министрден Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланған зейнетақы қоры қаржысының тағдыры не болып жатқанын сұрады. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Келімбетов: Әзербайжан банкі БЖЗҚ ақшасын түгел қайтарады
"Біз ол қаражатты жоғалтқан жоқпыз. Банк банкроттыққа ұшырап, кредиторлардың көпшілігі қарызды қайта құрылымдау туралы шешімді қолдамаған жағдайда осындай қауіп болар еді. Бүгінде банктің бұл облигациялары Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбасталды. Нәтижесінде қарызды қайтару мерзімі 15 жылға ұзартылды. 250 миллион доллар 3,5 пайыздық ставкамен төленеді. Сондықтан, біз қаражаттан айырылдық деп айтуға болмайды. Әрине, бастапқы инвестициялау шартымен салыстырғанда айырмашылық болады. Бірақ, негізгі ақшаны біз жоғалтқан жоқпыз", — деп жауап берді Сұлтанов. 

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов қарызды қайтару шығынсыз болмайтынын мойындады. 

"Әзербайжан халықаралық банкі өз құнды қағаздарын 8,5 пайыздық ставкамен он жылға шығарған болатын. Қазір олар мемлекеттік бағалы қағаздарға ауыстырылған кезде 3,5 пайыздық ставкаға дейін төмендеді. Әрине, түсім азайды, шығын бар. Бірақ зейнетақы қорының қаражаты сақталып қалды", — деді ол. 

Еске сала кетсек, биыл жазда зейнетақы қорында үлкен дау-дамай шықты. Салымшылардың 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның банкрот болған халықаралық банкіне инвестицияланғаны мәлім болды. Бұл оқиғадан кейін қордағы миллиардтаған қаржының сақталуына қоғам алаңдаушылық білдірді.Ал кейбір экономистер мұндай ақылға қонымсыз шешімге таңданысын жасырмады. 

Қазақстандықтардың зейнетақысына әзербайжандық банктің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім Ұлттық банкке Қайрат Келімбетов жетекшілік еткен жылдары қабылданған. Сондықтан болар үкімет оны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесіне қайтарады. Кейін Келімбетов әзербайжандық банкке салынған қаржыны толық қайтаратынын мәлім етті. Бірақ оған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев банк қарызын қайта қараудың үш жолы ұсынылғанын, үшеуі де шығынсыз болмайтынын айтқан еді.

Жаңалықтар
0