Экономика

Қазақстандықтардың жалақысы рекордтық көрсеткішке жетті

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңгелік банкнота
500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде орташа жалақы 160 мың теңгеден асты

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Өткен жылдың қазан-желтоқсан айларында елдегі орташа жалақы рекордтық көрсеткішке жеткен. Ол 163 725 теңгені құрады, деп хабарлады Astanatv.kz

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде бүгіннен бастап ең төменгі жалақы көлемі артады
Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар бұрын-соңды мұндай жалақы алмаған. Өткен жылғы айлық өсімі әртүрлі. Ал еңбекақының 4-ші тоқсанда өсуі маусымдық жұмыстармен байланысты көрінеді. Жылдық орташа жалақы 150 мың теңге шамасында. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары. 

Былтыр жылдық инфляция көлемі 7 пайызды құрады. Демек, жалақы өсімі бағалар өсімінен төмен. Сондықтан жұрттың әл-ауқаты жақсармай отыр. Ал табысты сала көрсеткішінде өзгерістер бар. Өткен жылдың 4-ші тоқсанында қаржы, сақтандыру саласындағы қызметкерлердің орташа айлығы 316 мың теңге болған. Ал жалақы ең аз салалар — білім мен ауыл шаруашылығы. Айлық 100 мың теңгенің о жақ бұ жағында.   


Жаңалықтар
0