Монеталар

Қазақстанда дағдарыс бар ма?

230
(Жаңартылды 16:51 12.02.2018)
Қазақстанда дағдарыс бар ма деген сұраққа Ұлттық экономика министрлігі жауап берді

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Қазақстанда дағдарыс жоқ. Бұл пікірді орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды, Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тілшінің сұрағына жауап берген Дәленов Қазақстанда 2017 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрағанын атап өтті. Былтырғы экономикалық ахуалдың жаман болмағанын келесі көрсеткіштерден білуге болады: өндіруші емес өнеркәсіп салаларында 2/3 өсімге қол жеткізілді; барлық ішкі салада алға ілгерілеушілік байқалады; өңдеуші өнеркәсіп салаларында бес жылдық максимум тіркелді; қажетті салаларда да айтарлықтай өсім бар (мәселен фармацевтикада 41,8%); шикізаттық емес және терең өңдеуден өткен тауарлар экспорты ұлғаюда.

Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық экономика министрінің орынбасары айтқандай, мұнай бағасы биыл барреліне 45 доллар деңгейіне жетті.

"Қазір биылғы бюджет үшін болжамды шынайы бағаны таңдап жатырмыз. Тағы бір жайтты ескеруіміз қажет, экспорт айтарлықтай өсті, әрі қарай да ұлғаятын болады, өнеркәсіп те жақсы дамып келеді, барлық параметр жоғарылады. Нақты таңдалатын күнді анықтап айта алмаймын. Қаржы министрлігі ұсыныстарды жинап жатыр, үкіметте ақылдасып шешкен соң, шешім қабылданады", — дейді Руслан Дәленов.

230
Кілт сөздер:
Ұлттық экономика министрлігі, дағдарыс, Руслан Дәленов
Көлік, архивтегі сурет

"Көлікті ЕАЭО аймағынан шығару қажет": салықшылар ескерту жасады

119
(Жаңартылды 17:05 22.07.2021)
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі пандемияға байланысты жеке тұлғалардың шет елден әкелген көлігін пайдалану мерзімін ұзартқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті қыркүйектің соңына дейін шетелден әкелінген көліктерді Еуразиялық экономикалық одақтан шығару қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі пандемияға байланысты жеке тұлғалардың шет елден әкелген көлігін пайдалану мерзімін ұзартқан болатын. 2021 жылы 5 сәуірде қабылдаған № 25 шешімге сәйкес, ЕАЭО аймағына шетелден әкелінген көліктерді 30 қыркүйекке дейін жеке мақсатта пайдалануға рұқсат бар.

Одан бөлек, кеңес шешімі бойынша одаққа тұрақты түрде көшіп келуші, босқын немесе мәжбүрлі түрде көшіп келуші мәртебесін алған шетел азаматтары үшін жеке мүлікті 18 айға салықсыз әкелуге рұқсат беру режимі тоқтатылған еді. Осыған байланысты салықшылар қыркүйектің соңына дейін шетелден әкелінген көлікті ЕАЭО аймағынан шығару қажеттігін еске салды.

"Ондай көліктерді одақ аймағынан шығаруды сұраймыз. Ал осы санаттағы көлік 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Еуразиялық экономикалық одақтан шығарылмаса, кедендік баж бен салықтарды толығымен төлеуге тура келеді", - делінген ресми хабарламада.

119
Кілт сөздер:
ЕАЭО, видео, салық, көлік
Тақырып бойынша
Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды
Қазақстанда көліктің электронды паспорты енгізілді
Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды
Ақтөбе облысында үш жасар бала ауладағы көліктің ішінде тірідей жанып кетті
Маман телефон көлікте қалып қойса не болатынын айтты
Қаржы пирамидасы

Екі мыңнан астам адам алданған: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

56
(Жаңартылды 20:22 21.07.2021)
Келтірілген шығын 450 миллион теңгеден асқан. Алаяқтық схеманың  ұйымдастырушы 2 айға қамауға алынды

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Ақмола облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің жергілікті департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына 2 000-нан астам азамат тартылған", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Келтірілген шығын 450 миллион теңгеден асқан. Қазір алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Соған байланысты қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150-бабы ("қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау") және Қылмыстық кодекстің 217-бабына ("қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасының тағы бір басшысы құрықталды 

Бұған дейін Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құрған бірнеше адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаржы құюды ұсынған.

Бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік берген.

56
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

2
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

2
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы