Жеңіс Қасымбек

Министр АЭА туралы: біз күткен үмітті ақтамады

123
(Жаңартылды 11:30 15.02.2018)
Жұма күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент АЭА-ға қатысты біраз сын айтқан болатын

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек арнайы экономикалық аймақтарға қатысты заң жобасы бойынша жұмысты жеделдетуді тапсырды.

"Біз АЭА бойынша үлкен талдау жүргіздік. Біраз кемшін тұстар бар. АЭА инфрақұрылымына қыруар қаржы құйылды, бүгінде мемлекет инвестициясына құрылған 11 АЭА біз күткен үмітті ақтамады деп санаймыз", — деді министр ведомство алқасының кеңейтілген отырысында. 

Оның айтуынша, осы және келесі апта әкімдіктермен бірлесіп әр экономикалық аймақтың мәселесі тыңдалады. Кейін АЭА-ның одан арғы жұмысы бойынша нақты ұсыныстар енгізілмек.

"Кеңейтілген отырыста президент арнайы экономикалық аймақтарға қатысты көп сын айтқан болатын. Қазір парламентте заң жобасы қаралып жатыр. Осы заң бойынша жұмысты жеделдету керек", — деді Қасымбек.

123
Кілт сөздер:
Жеңіс Қасымбек, ҚР инвестициялар және даму министрлігі, арнайы экономикалық аймақтар, АЭА
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

9
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

9
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

16
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

16