ЕАЭО

Сенат ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады

50
(Жаңартылды 18:50 03.03.2018)
ЕАЭО туралы шартқа Қырғызстаның қосылуы жөнінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын сенаторлар бірауыздан қолдады

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Сенатта ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы жөнінде жекелеген ережелерді қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аталған заң жобасы бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады. 

"Халықаралық шарттар туралы заңға сәйкес xаттама ратификациялануы тиіс. Хаттамаға қол қойылғанға дейін Қазақстан, Ресей, Армения нормативтері 7,11 %, 85,32 %, 1,11 %-ды құрады. Баждарды бөлу бойынша бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында одақтағы мемлекеттердің басшылары кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау туралы шешім қабылдады", — деді министр. 

Сүлейменов бірнеше қағидаттарды атап көрсетті.

Еуразия экономикалық одағы елдерінің тулары
© Sputnik / Болат Шайхинов

"Бірінші, Қазақстан, сонымен қатар, Армения Республикасының одақтың бірыңғай кедендік тарифінен  ауытқуларын есепке алмау; екінші, Армения Республикасының нормативтерін алуларды есепке алмай, 0,11 %-ға Қазақстан мен Ресей нормативтері есебінен қайта есептеу. Берілген принциптерді ескере отырып xаттамаға одақ мемлекеттерінің басшылары Армения Республикасы – 1,22 %; Беларусь Республикасы – 4,56 %; Қазақстан Республикасы – 7,055 %; Қырғыз Республикасы – 1,9 %; Ресей Федерациясы – 85,265 % нормативтермен қол қойды. Хаттаманы іске асыру кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу нормативінің азаюына байланысты шартты республикалық бюджет шығындары болжанып отыр. 2018 жылы – 1,9 млрд теңге, 2019 жылы 2 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы бар. Осылайша хаттаманы ратификациялау  мен жүзеге асыру бірыңғай тәсілдеме және баждарды одаққа мүше елдерінің бюджеттеріне тұрақты түрде бөлініп есептелуді қамтамасыз етеді", — деді ол. 

Заң жобасын сенат депутаттары бірауыздан қолдады.

50
Кілт сөздер:
ратификациялау, ЕАЭО, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қырғыз Республикасы
Мұнай өндіру

Тұрымов ОПЕК+ келісімі мұнай өндірісіне қалай әсер еткенін айтты

22
2020 жылы 18 миллион тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланған. Алайда ОПЕК+ келісіміне сәйкес, өңірде 16,5 миллион тонна мұнай өндіріледі

АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңірде ОПЕК+ келісіміне байланысты мұнай өндіру көлемі 16,5 миллион тоннаға дейін азайғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл басында мұнай бағасының құлдырауына байланысты біраз мәселе туындады. Одан кейін пандемияға байланысты мұнай-газ компаниясындағы қызметтерді шектеу, карантиндік шараларды толығымен орындау барысында да біраз қиындық болды. Қазір ОПЕК+ келісімін орындау үшін мұнай көлемін азайтып отырмыз", - дейді Тұрымов.

2020 жылы 18 миллион тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланған. Алайда ОПЕК+ келісіміне сәйкес, өңірде 16,5 миллион тонна мұнай өндіріледі. Облыс әкімі соған байланысты бұрғылау жұмыстары, күрделі жөндеу жұмыстары шектелетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ 2,9%-ке төмендеді 

"Яғни, қызмет көрсететін компаниялардың жұмысы азаяды. Сондықтан мұнай компаниясы басшыларымен бірге қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалу мақсатында бірнеше рет бірлескен жиын өткіздік", - деп толықтырды облыс басшысы.

Өңірдегі газ мәселесі

Сонымен қатар Тұрымов сұйытылған газ тапшылығына қатысты сауалға жауап берді. Айтуынша, Маңғыстауда Қазақгазөндеу зауытында 14,5 тонна газ өндіріледі. Ал облыстың ішкі сұранысы қыста 17 мың тонна, жазда 18 мың тонна болады.

"Мәселе өзімізде шығатын газдың ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмауында болып отыр. Сондықтан энергетика министрлігімен келісе отырып, қалған жетпейтін газды Ақтөбе, Атыраудан қосымша алып отырмыз", - деді облыс әкімі.

Бүгінде өңірде газ тапшылығына байланысты мәселе жоқ. Алайда бағасына байланысты айырмашылық байқалады.

Қазақгазөндеу зауытында шығатын сұйытылған газдың бағасы – 43 мың теңге, Атыраудан келетін газдың бағасы – 68 мың теңге.

22
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, мұнай
Тақырып бойынша
Маңғыстау әкімі Бозжыра шатқалында қонақ үй салуға қатысты ойын айтты
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар ма – әкім жауап берді
Қазақстанның ұлттық валютасы

Сарапшылар "байлық салығы" Қазақстанға қандай пайда әкелетінін айтты

946
(Жаңартылды 19:24 22.11.2020)
Сарапшылар байлыққа салық салу бастамасын қолдайды, бірақ, оны енгізбес бұрын жалпыға бірдей табыс декларациясын жүзеге асыру қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қазақстанда байлық салығын енгізу мәселесі қайта көтеріліп жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының пікірінше, бұл елде салық салудың әділетті жүйесін қалыптастыра алады. Сенатор яхта, ұшақ, қымбат көлік мініп, зәулім сарайда тұратын ауқаттыларға салынатын салықты арттыруды ұсынды. Осыған орай Sputnik Қазақстан отандық сарапшылардан бұл бастамаға қатысты пікірін сұрап білді.

Кімге қанша салық салынуы тиіс

GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халық байларға салық салу ұсынысын қолдайды. Дегенмен, дәулеттілерге салық салмас бұрын жалпыға бірдей табыс декларациясын енгізу қажет деп есептейді.

"Әрбір қазақстандық қанша табысы барын көрсетсе, сол кезде бәрі әділ болады. Өкінішке қарай, табыс декларациясын енгізу бізде үнемі кейінге шегерілуде. Менің ойымша, заңсыз жолмен байығандар өз мүлкін жария еткісі келмейді. Осындай лобби топтар парламентте де әрекет етіп жатқаны байқалады. Еш мүлкі жоқ, орта таптағы азаматтар табысын жария етуге қарсы емес деп ойлаймын. Байлықты заңсыз тапқандар қарсылық танытып жатқан жайы бар. Сондықтан мемлекет бұл мәселені соза бермей, өз назарына алуы қажет", - дейді сарапшы.

Айтуынша, жалпыға бірдей декларациядан кейін елде прогрессивті салық енгізілуі тиіс. Тек содан кейін барып байларға салық салуға болады.

Бұл ретте экономист айына 500 мың теңге табатын азаматтар орта тапқа жататынын атап өтті. Айтуынша, елімізде орта тап өкілдері өте аз. Кейбір деректер бойынша еңбекке жарамды халықтың 1%-ін ғана құрайды.

"Президент прогрессивті салықты енгізуге қатысты пікір білдірген кезде мынадай ой айтты: бірінші кезекте, кірісі 300 мың теңгеден аспайтын адамдарға табыс салығы аз салынуы керек. Қазір 100 мың теңге табатындар да, 1 миллион теңге табатындар да 10 процент төлейді. Президент мұны  дұрыс емес деп отыр. Мен ол кісіні қолдаймын. Айына 300 мың теңге табатындар 6-7% төлесін, 100 мың теңгеден төмен алатындар, тіпті де, салықтан босатылсын. Осындай шаралар қабылданса, қарапайым жұмысшыларға аз-маз көмек болар еді", - деп санайды Мақсат Халық.

Сарапшы жылдық табысы 25 миллион теңгеден асатын дәулеттілер үшін табыс салығын 15%-ке дейін көтеру әділ шешім болар еді дейді.  

"Байлық салығы бюджет тапшылығын жабар еді"

Мақсат Халықтың айтуынша, "байлық салығы" байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты аздап азайтады.

"Жалпы мемлекет Робин Гудтың қызметін атқаруы керек. Байларға заңды түрде салық салуы тиіс. Өйткені олар қайда байыды –  осы Қазақстанда байыды. Иә, мойындау керек, алғырлығы мен біліктілігі болған шығар, әкеден қалған мұрасы бар шығар, әйтсе де, қалай болған күннің өзінде, жақсы, жайлы өмір сүріп жатқаннан кейін салықтан жалтармағаны дұрыс. Көпке топырақ шашпаймын. Салығын уақытылы төлеп жүргендер де бар. Алайда, бірнеше коттедж тұрғызып, салықтан қашатын адамдар да қаншама. Менің ойымша, әрбір азамат жиып-терген дәулетіне сай салық төлеуі керек", - деді экономист.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты?

Айтуынша, байларға салық салынса, ел қазынасына қыруар ақша түседі.

"Бюджетке қомақты қаражат түсетінін сеніммен айта аламын және бюджет тапшылығы белгілі бір дәрежеде жабылар еді. Соның арқасында мемлекетте қосымша қаражат та пайда болады. Ал оны халықты әлеуметтік жағынан қолдауға, яғни көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге көмек көрсетуге жұмсауға болады", - дейді сарапшы.

"Біздің байлар Лондоннан үй сатып алуға құмар"

Экономист Асылхан Андашов та елде байлық салығынан бұрын мүлік пен табысты декларациялауды енгізген жөн деп санайды. Декларацияға бәрінің еті үйренген соң, байлық салығын енгізуге болады.

"Өз басым бұл бастаманы қолдаймын. Байлар – кез-келген қоғамның алға ілгерілетуші тобы. Батыс елдерінде ғылыми зерттеулердің барлығын дерлік байлар қаржыландырады. Ал Қазақстанда олай емес. Біздің адамдар байи қалса, Миланнан киініп, Лондоннан үй алып, яхта, жеке ұшақ мінуге құмар. Сондықтан, салықты көбірек төлеу арқылы болса да, қоғамға пайдасын тигізсін", - дейді ол.

Сарапшы байлыққа орта таптың қолы жетпейтін мүліктер мен қызметтер жатқызылуы тиіс деп есептейді. Мәселен, құны белгілі бір сомадан асатын үлкен үйлер, қымбат көліктер, сағаттар, зергерлік бұйымдар және тағы басқа.

"Байлық салығы" мен прогрессивті салықты қатар енгізу арқылы байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздікті жоюға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Өйткені, әлемде кедей мен бай арасындағы алшақтық ең төмен саналатын Скандинавия елдерінде прогрессивті салық та, байлық салығы да енгізілген. Сол себепті салықты қоғамның ауқатты тобынан көбірек, ал табысы аз адамдардан азырақ алу арқылы мемлекет қоғам теңдігін орнатуға жақын болады", - деді Андашов.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: сарапшылар жалақыдан қанша ұсталуы мүмкін екенін айтты

Ол жаңа салықтың ел экономикасына берер пайдасы жайлы сөз қозғағанда, прогрессивті салықты бірге қарастырған жөн деп санайды. Прогрессивті салық енгізілген жағдайда, табысы төмен азаматтар салықтан мүлдем босатылады немесе қазіргі 10%-тен аз салық төлейді.

Бірақ, экономистің пікірінше, белгілі бір сомаға дейін мүлдем салық салынбаса, жұмысшылар да, жұмыс берушілер де салықтан жалтару үшін "көлеңкелі жалақыға" көшуі мүмкін.

"Ресми статистика бойынша Қазақстанда орташа жалақы 212 мың теңгені құрайды. Ал шын мәніндегі көрсеткіш одан да төмен. Кейбір зерттеулер бойынша пандемияға дейін ең көп кездесетін жалақы 58 мың теңге еді, 3,5 миллион адамның жалақысы 112 мың теңгеден аз болатын. Яғни, бізде аз табыс табатындардың саны бірнеше миллион, ал табысы жоғары азаматтар өте аз. Сол себепті миллиондаған адамның салығын азайтып, жүздеген мың адамның салығын арттырғаннан бюджетке түсетін табыс көлемі ұлғаяды деп айта алмаймын. Керісінше, бюджет табысы азаюы да мүмкін", - дейді Андашов.

Бірақ, айтуынша, егер жалпыға бірдей декларация дұрыс жолға қойылып, ешкім өз табысын жасырмай, салықтан жалтармаса, бюджетке бірнеше миллиард теңге кіріс түсуі мүмкін.

946
Кілт сөздер:
байлық, салық, экономика, жалақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде салық төлеу керек
Қазақстанда байлыққа салық салу ұсынылды
Құбырдан шыққан түтін

Министр ауасы ең лас 10 қаланы атады

0
(Жаңартылды 10:19 24.11.2020)
Мырзағалиевтің айтуынша, атмосфералық ауа мен жер үсті суларының ластануы, қалдықтармен байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі жағдайды күрделендіре түскен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда экологиясы ең нашар қалаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша экологиялық мониторингке сәйкес 45 елді мекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады.

"Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сонымен қатар, ластаушы заттар шығарындыларының едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі", – деді Мырзағалиев үкімет отырысында.

Экология министрлігі барлық өңірде жұртшылықпен кездесу өткізіп, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылаған. Нәтижесінде 17 Жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты шаралар қарастырылған.

"Баршамызды экологиялық проблемалар аландатуда. Атап айтқанда, атмосфералық ауа мен жер үсті суларының ластануы, қалдықтармен байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сондай-ақ ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма

Мәселен, Алматы қаласының экологиясын жақсарту үшін Жол картасында жиырма 20 іс-шара қарастырылған.

Оның ішінде негізгісі: ТЭЦ-2 мен ТЭЦ-3-ті газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке меншік үйлерді газдандыру, коммуналдық және қоғамдық автокөліктерді табиғи газға көшіру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңмен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруіне/жүруіне шектеу қою жағын қарастыру және көгалдандыру.

Атмосфераның ластануын төмендету үшін не істеу керек

Сонымен қатар, жел режиміне зерттеу жүргізу мен соны ескере отырып, сәулет келбеті ережелеріне өзгерістер енгізу және құрылыстың бас жоспарларын түзету де көзделіп отыр.

Мырзағалиевтің айтуынша, Жол картасын іске асыру нәтижесінде ауаға тарайтын ластаушы заттардың көлемі 144,0 мың тоннадан 79,5 мың тоннаға дейін немесе 44%-ке азаяды. Яғни атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден (8) орташа деңгейге (6) дейін төмендейді.

0
Кілт сөздер:
атмосфералық фронттар, экология, ауаның ластануы
Тақырып бойынша
Пекинде ауаның ластануына байланысты қауіптің "қызыл" деңгейі енгізілді
Қытайдың 79 қаласы қалың түтіннің астында қалды
Алматыда ауаның ластануы жыл сайын ұлғайып барады
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Экология министрі қалдыққа бай облыстарды атады