Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, архивтегі сурет

Сағынтаев Шөкеевке: Елбасының алдында тағы да ұятқа қалмайық

184
(Жаңартылды 12:57 25.04.2018)
АШМ 2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасын таныстырды

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Нұргүл Абай. Қазақстан үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев алдағы он жылға әзірленген мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бір кісідей жұмылуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауыл шаруашылығының дамуы қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз. Елбасы өз сөзінде экономика өсімінің драйвері ауыл шаруашылығы болуы тиіс екенін айтқан болатын. Оның ішінде маңыздысы – етті мал шаруашылығы. Сол себептен бұл жұмысқа барлығымыз бір кісідей күш салып, кірісуіміз керек", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Премьер-министр бұған дейін мал шаруашылығы саласында орындалмаған міндеттерді еске салды.

"Жасыратын несі бар, кезінде біз 2010-2016 жылы 60 мың ірі қара мал етін сыртқа экспорттаймыз деп міндеттеме алған болатынбыз. Ақыры сол міндет орындалмады. Әртүрлі себептермен, әрине, қазір оны талқылауың қажеті жоқ. 2016 жылы біз бар болғаны 6,8 мың тонна ет экспорттасақ, 2017 жылы 5 мың тонна ірі қара мал еті сыртқа шықты. Енді қазір Елбасының тікелей араласуымен Қытайға жылқы еті мен қой етін кіргізу бойынша кедергілер алынып тасталды. Араб Әмірлігімен де ірі қара мал етін сатып алу, кіргізу кедергілері де алынып тасталды. Қытаймен ірі қара мал еті бойынша жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Алдағы уақытта мал  санын көбейтіп, экпортқа шығаруға мүмкіндіктер бар", — деді үкімет басшысы.

Осы орайда Сағынтаев бүгінгі бағдарламада жоспарланған шараларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен тағы бір мәрте пысықтап алуды тапсырды. 

"Үлкен тапсырма, міндет қойылып отыр. "Аспандағы құсты ұятқа қалдыратын жердегі жем" дейді, сол себепті үлкен тапсырманы орындау барысында Өмірзақ Естайұлы (ауыл шаруашылығы министрі – автор ескертп.), Елбасы мен халықтың алдында тағы да ұятқа қалмайық. Бақылау сізде", — деп тапсырды премьер.


184
COVID-19 ауруханасы

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау: жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

331
(Жаңартылды 18:47 22.01.2021)
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте. 

Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

"Ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деп нақтылады ол.

Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді. 

"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров. 

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау

18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.

БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. 

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды. 

Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.

331
Кілт сөздер:
түсініктеме, жемқорлық, коронавирус
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
"Мені ешқайда шақырмады": Нұрашев қылмыстық іс туралы ақпаратқа пікір білдірді  
BI Group басшысы миллиардтап қаржы жымқыру ісіне қатысты түсініктеме берді
Алматыда миллиардтап қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу басталды
Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты
Адам ақша ұстап тұр, архивтегі сурет

Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

2564
1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары ескі банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ұлттық банкі 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталатынын еске салды.

"Халықтың өтінішін ескеріп, банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнеткерлер белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", - деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтардан 1 ақпанға дейін ескі  банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшасына айырбастап алуды сұрады.

Банкнота номиналом 10 000 тенге
Номиналы 10 000 теңгелік банкнот
 Банкнота номиналом 5000 тенге
Номиналы 5000 теңгелік банкнот
Банкнота номиналом 2000 тенге
Номиналы 2000 теңгелік банкнот

Жеке тұлғалар банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сайтта көрсетілген.

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар.

2564
Кілт сөздер:
банкнот, Ұлттық банк