Apple негізін қалаушы Стив Возняк

Apple компаниясының негізін қалаушы Астанаға келеді

60
(Жаңартылды 18:54 03.05.2018)
Возняктан бөлек, Астана экономикалық форумына Митио Каку, Франсуа Олланд және Пан Ги Мун қатысады

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Apple Computer компаниясы басшыларының бірі Стив Возняк 2018 жылғы Астана экономикалық форумына қатысады. Global Challenges Summit деп аталатын форум Астанада 17-19 мамырда өткелі отыр.

"Биыл елімізге келетін спикерлердің саны рекордтық көрсеткішке жетті, 500-ге тарта, олар әлемнің түпкір-түпкірінен келіп, алуан түрлі ойлар мен бағыттар жайында сөз қозғайтын болады. Дәлірек айтсақ – визионерлер, саясаткерлер, технологиялық жаңалықтардың көшбасшылары және денсаулық сақтау және ресурстар саласының өкілдері. Жаһандық деңгейдегі қаншама спикерлер сөз сөйлейді. Олардың арасында баршамызға белгілі – Apple негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк, жаһандық визионер, ең басты футуролог, технология элитасының өкілі,  Shazam негізін қалаушылардың бірі Митио Каку", — деп атап өтті Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Астана экономикалық форумына дайындық бойынша баспасөз мәслихаты кезінде.

Бұрын хабарланғандай, он бірінші Астана экономикалық форумында 24 елден келген спикерлер сөз сөйлейді, атап өтсек — Франция экс-президенті  Франсуа Олланд, БҰҰ-ның сегізінші бас хатшысы және Халықаралық олимпиадалық комитеттің этика бойынша комиссиясының төрағасы Пан Ги Мун, Грузия сыртқы істер министрі Михаил Джанелидзе және тағы басқалары.

60
Кілт сөздер:
Стив Возняк, Астана экономикалық форумы
Ақорда ғимараты

Мамин президентке халықтың тұрмысын жақсартатын жобалар туралы айтып берді

173
Ұсынылған жобалар сумен, газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарын салу, көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр мен Самұрық-Қазына АҚ басшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр мен "Самұрық-Қазына" АҚ басшысын қабылдады

Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Ұсынылған жобалар Батыс Қазақстан облысын сумен, өңірлерді газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.

173
Архивтегі сурет

Қазақстанда жылдық инфляция 8,4%-ке жетті

43
Шілде айында азық-түлік бағасы – 0,7%, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%, ақылы қызметтер 0,8%-ке өсті

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жылдық инфляция шілденің қорытындысы бойынша 8,4%, ал шілде айында 0,7% құрады.

Инфляцияға ең көп үлесті азық-түлік тауарлары қосты – жыл қорытындысы бойынша 11%, азық-түлік емес тауарлар 7,2%-ке қымбаттаса, халық үшін ақылы қызметтер 6,1%-ке өсті.

Қырыққабат бағасы – 12,6%, қызылша – 9,1%, түйінді пияз – 8,2%, күнбағыс майы – 4,2%, құс еті – 3%, қарақұмық жармасы – 2,6%, жылқы еті – 2,5%, қой еті – 2,4%, сиыр еті – 2,2%, шошқа еті, шай – 2%, жұмыртқа – 1,3%, құмшекер – 1%, ұн 0,9%-ке өскен.  Темекі өнімдері – 4,1%, минералды және ауыз су – 1,2%, алкогольды сусындар – 0,8%, салқындатылған сусындар 0,7%-ке қымбаттады.

Ал картоп бағасы – 20%, қызанақ – 14,8%, қияр– 11,9%, сарымсақ – 6,8%, банан – 2,5%, сәбіз 2,2%-ке төмендеген.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өсірді: баға мен теңге жайы не болмақ

Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 1,7%, құрылыс материалдарына, ыдысқа – 0,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,5%, киім және аяқ киімге, жеке қолданылатын тауарларға 0,4% құрады. Баллондағы сұйытылған газ – 2,1%, дизель отыны – 2%, бензин 0,9%-ке қымбаттады.

Санаторий қызметтеріне баға – 1,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,8%, кешенді демалу ұйымдарына – 0,7%, шаштараз бен сұлулық салондары, қонақ үй қызметтеріне 0,4% жоғарылады. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 9,9%, такси 1,2% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында электр энергиясы тарифі – 5%, суық су – 1%, суды бұру 0,7%-ке өсті. Тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 1,5%-ке көтерілді.

2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,9% құрады (мамырда – 7,2%).

43
Кілт сөздер:
азық-түлік, инфляция
АҚШ полицейлері

АҚШ-тың гипердыбысты зымыраны тағы да сынақтан өте алмады

0
Алғашқы америкалық гипердыбысты зымыран прототипінің бірнеше сәтсіз сынағы АҚШ-тың Ресей мен Қытайдан технологиялық тұрғыда кейіндеп қалғанын көрсетеді   

28 шілдеде АҚШ-тың әскери-әуе күштері AGM-183A Air-Launched Rapid Response Weapon (ARRW) гипердыбысты зымыранын ұшыру сынақтарын сәтсіз аяқтады. Super duper missile өнімі Оңтүстік Калифорния жағалауында B-52H Stratofortress бомбалаушы ұшағынан бөлініп шықты, алайда реактивті тартылыс іске қосылмады. Прототипі Тынық мұхитқа құлады.

Сәуірдегі ұшу сынағы кезінде AGM-183A зымыраны тасымалдағыш ұшақтың қанатынан ажырамай, Эдвардс авиабазасына қайта оралды.

Салыстыру үшін айтсақ, ресейлік гипердыбысты "Кинжал" зымыран кешені 2017 жылдың желтоқсанында әскери-ғарыш күштеріне қарулануға қабылданды. Зымыран әскері қатарында стратегиялық мақсаттағы "Авангард" гипердыбысты блоктары 2019 жылдан бері кезекшілікте тұр. Ресейлік әскери-теңіз флоты "Циркон" кемеге қарсы гипердыбысты зымыранының мемлекеттік сынақтарын аяқтап жатыр. РФ әскери-ғарыш күштері үшін үлкен қашықтыққа ұша алатын Х-95 гипердыбысты зымыраны әзірленіп жатыр.

АҚШ перспективалы гипердыбысты зымыранын әзірлеуді 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. AGM-183A аппараты "сипаттамасы жағынан кез келген ресейлік аналогтан озық болады деп күтілуде". Бұл шындыққа жанаспайтын секілді.

Америкалықтар 5 Махтан асатын гипердыбысты жылдамдыққа қол жеткізуді әзірше армандап қана жүр. Ресейдің "Авангард" гипердыбысты блогы 28 Махқа дейінгі жылдамдықпен ұшады. "Кинжал" мен "Циркон" 10 Махқа дейін жылдамдықты үдете алады.

Ал Қытайдың орташа қашықтыққа ұшатын гипердыбысты DF-17 техникасы 10 Махты еңсере алады. Ол 2019 жылдан беру қарулануға қабылданған.

АҚШ-тың әскери-әуе күштері 2022 қаржы жылында 212,8 миллиард доллар, соның ішінде құпия жобалар үшін 39 миллиард доллар сұрап отыр. Бұл 2021 жылдың бюджетімен салыстырғанда 7,3 миллиард долларға жоғары. Гипердыбысты қаруды дайындауды қаржыландыру 386 миллионнан 438 миллион долларға дейін артады.

AGM-183A аппаратын дайындау 2018 жылы басталған болатын және Lockheed Martinм компаниясы 480 миллион долларға келісімшарт жасады. Оның жобалық қашықтығы 1600 километр болса, жылдамдығы 20 Махты құрауы керек.

The Drive басылымының мәліметі бойынша америкалық әскери-әуе күштері ARRW ұшу сынақтарының кестесі бойынша жеті жылға кешігіп келеді. Бастапқыда оны іске қосу 2020 жылға жоспарланған болатын. АҚШ-тың әскери бюджеті 700 миллиард доллардан баяғыда-ақ асып кетті. Әйтсе де әскери өнеркәсіптік кешен Пентагон үшін гипердыбысты зымырандар құрастырудан жақсы нәтиже көрсете алмай келеді.

Мәскеу мен Бейжің өз территориясын қорғау үшін басымды мақсатта гипердыбысты зымырандарды дайындауға кірісті. Ресей мен Қытай басқа мемлекеттерге әскери шабуыл жасап, басқыншылықпен айналысуды көздемейді. Бұл ұжымдық Батыстың кей кезде агрессияға толы әрекеттерінен қорғану үшін жасалып жатқан шаралар.

Америка Құрама Штаттары 2021 жылдың басында F-15EX сегіз жойғыш ұшағын қаржыландыруды мақұлдады (құны 1,2 миллиард доллар болатын келісімшарт). Бүкіл бірінші партия бойынша ықтимал шығын көлемі шамамен 23 миллиард долларды құрайды. Қалай дегенмен де бүгінде Ресей мен Қытай гипердыбысты қару-жарақ дайындауда оқ бойы озық шықты.

0