Тұрғын үй

Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді

4360
(Жаңартылды 10:38 18.07.2018)
Ұлттық банк "7-20-25" бойынша бастапқы жарнаны зейнетақы жинағынан алуға қарсы шықты

АСТАНА, 4 мамыр  — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Ұлттық банк "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны төлеу үшін зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдалану туралы ұсынысты қолдамайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленіп отыр. Бірақ тұрғындардың көпшілігінде мұндай қаражат жоқ. Сондықтан "Нұр Отан" партиясында өткен отырыста бастапқы жарнаны төлеу үшін азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын пайдалану ұсынылған еді. 

"Жоқ, бұл жағдайда Ұлттық банк бұл идеяны мүлдем қолдамайды. Азаматтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинап жатқан қаржы қазір олардың әлеуметтік мәселесін шешуге емес, зейнетке шыққаннан кейін еңбекке қабілетсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бізде қабылданған зейнетақылық қамтамасыз ету тұжырымдамасы осындай. Біз бұл идеяны қолдамаймыз, ешқандай ондай амал қарастырылмайды", — деп жауап берді Ұлттық банк төрағасы журналистердің қойған сұрағына. 

Еске сала кетсек, президент "7 – 20 – 25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынған еді. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайды. Бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде, ал несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Банктерден кредиттерді сатып алатын оператор құрылып, ол "Баспана" ипотекалық компаниясы деп аталмақ.  Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады.


4360
Кілт сөздер:
Данияр Ақышев, Ұлттық банк, БЖЗҚ, баспана, бастапқы жарна, зейнетақы, '7-20-25' бағдарламасы.
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (69)
өткізу пункті

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатқанын түсіндірді

358
Бүгінгі күні Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр, деп атап өтті комитеттегілер

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының аумағында "Ақ Тілек автожол" автомобиль өткізу пунктінің алдында жүк көліктерінің жиналғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Соған байланысты Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті түсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылдың 30 шілдесіндегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымында көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай", - делінген ақпаратта.

Комитет ақпаратына сәйкес, қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлікпен тауар жеткізіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

 

358
Кілт сөздер:
шекара, көлік, кеден
күріш алқабы

Қазақстанда тағы бір азық-түлік қымбаттауы мүмкін

2908
Қызылорда облысында күріш құрғақшылық пен су тапшылығы салдарынан қурап жатыр. Ал әлеуметтік маңызы бар бұл тауардың өндіріс шығыны өскен

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қызылордалық диқандар осы жылы күріш алқабынан алынған өнім көлемі жоспарланған деңгейден аз болатынын және оның бағасы да қымбаттайтынын айтты, деп хабарлады "Хабар24".

2021 жылы облыстағы күріш өсіретін 550 шаруашылық 83 мың гектар жерге күріш екті. Бұл 2020 жылғы көлемнен 6 600 гектарға аз.

Сонымен қатар тыңайтқыш, техникаға арналған жабдықтар мен жанармай бағасы да шарықтап кетті.

Қармақшы ауданындағы ірі шаруашылықтың бірі қуаңшылыққа байланысты осы жылы күріш егу алқабын қысқартуға мәжбүр болды. Суаруға арналған су тапшылығына байланысты 70 гектардың өзі қазір қурап кеткен.

"Күріш бағасы 400 теңге шегінде болуы керек деп санаймыз. Себебі оның өз бағасы қатты көтерілді. Су тапшылығы салдарынан бірнеше жылдан бері егістік алқабын қысқартып жатырмыз. Суаруға арналған қымбат сорғылар сатып алдық. Қазір 270 адам, маусым кезінде 300-ге дейін адам жұмыс істейді. Барлығына уақытылы жалақы төлеу керек", - дейді шаруашылық маманы Сәбит Пірманов.

Күріш әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тізіміне кіреді. Оның шекті бағасын мемлекет белгілейді. Үшінші тоқсанда бір келі күріш құны 275 теңгені құрады. Алайда базарда ол орта есеппен 220 теңгеден сатылып жатыр.

2908
Кілт сөздер:
күріш
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0