ЕАЭО

ЕАЭО Иран және Қытаймен келісімге қол қояды

33
(Жаңартылды 17:52 14.05.2018)
Одақ пен Қытай салалық ынтымақтастық бойынша келісімге қол жеткізді

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ Иран және Қытаймен келісім жасасуға дайындалып жатыр. Астанада 17 мамырда құжатқа қол қойылады.

"Одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағы іске қосылып, көптеген тауарлар бойынша кедендік баж салығы төмендетіледі немесе алынып тасталады. Қытаймен де жан-жақты әрі салалық ынтымақтастық бойынша келісімге қол жеткізілді", — делінген Еуразиялық экономикалық комиссия сайтында.

Сайттың хабарлауынша, Иранмен келісімде тауардың 502 түрі бойынша тарифтік жеңілдіктер туралы сөз қозғалады.

ЕАЭО тарапынан келісімге ЕЭК коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян қол қояды.

Дүйсенбі 14 мамырда Сочиде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

33
Кілт сөздер:
қол қою, келісім, ЕАЭО, Иран, Қытай
Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

1
(Жаңартылды 19:50 19.01.2021)
Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда "Самұрық-Қазына" займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов акционерлік қоғамның 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндады.

"Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан, холдинг өткен жылы өз қызметін табысты атқарды. Қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің жаппай қысқаруына жол берілмеді. Қор компаниялары активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жетті", - деді ол.

Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда "Самұрық-Қазына" займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударғанын айтты. Холдингке қарасты компаниялардың бизнес-үдерістерін цифрлық трансформациялау нәтижесінде 171 миллиард теңге пайда түскен.

Сонымен қатар мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар туралы ақпарат берілді. 2018-2020 жылдардың қорытындысына сәйкес сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 410 миллиард теңге болды.

Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде "Самұрық-Қазына" холдингінің кредиттік рейтингі BB+/B "тұрақты" деңгейде екенін халықаралық Standart & Poor`s рейтинг агенттігі нақтылады.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мұнай бағасының едәуір арзандағанына және OPEC+ компаниясының шектеулеріне қарамастан, қаржылық рейтингте оң көрсеткішін сақтап қалды. "Қазақстан Темір Жолы" акционерлік қоғамы соңғы 6 жылда бірінші рет өткен жылды қаржылық тұрғыдан пайдамен аяқтаған. "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы активтерінің құны IPO-ға (2018 жылы) шыққалы 2,1 миллиардтан 5,1 миллиард АҚШ долларына дейін көтерілген. "Самұрық–Энерго" акционерлік қоғамының қарызы 100 миллиард теңгеге азайды.

Кездесу соңында президент Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді.

1
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Тоқаев сегіз лауазымды тұлғаны қызметінен босатты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшылығын мақтады
Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады
Ақша, теңге, банкноттар

Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

482
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен былтыр бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысы көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Биыл бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысы ұлғаяды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің тапсырмасымен үкімет 2020 жылы бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсірді. Атап айтқанда 609 мың педагогтың жалақысы 25 пайызға, 215 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін, мәдениет, архив және өнер саласындағы 34 мың қызметкер мен әлеуметтік қорғау саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы 50 пайызға дейін көбейген.

Тоқаев биыл да бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды міндет деп есептейді.

Соның ішінде 785 мың педагогтың жалақысын 25%-ке, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30%-ке, әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің айлығын 45%-ке көтеру жоспарланып отыр.

482