Экономика

Пәтер мен көлік сатудан зейнетақы жарнасын төлейміз бе? Вице-министр жауап берді

© PhotoМонеталар, жылжымайтын мүлік
Монеталар, жылжымайтын мүлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер сатып алу-сату шарттары азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарға жататын болса, зейнетақы қорына қосымша жарна жасау керек пе?

АЛМАТЫ, 29 шілде — Sputnik. Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова сатып алу-сату шарттарын жасау кезінде мәміле сомасынан он процент зейнетақы жарнасын аудару қажеттігіне қатысты "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңға енгізілген өзгерістер туралы ақпаратқа түсініктеме берді.    

Жарнаны мүлікті сатқандар емес, сату барысында табыс тапқандар төлейді

сәби - Sputnik Қазақстан
Экономика
Балаға берілетін жәрдемақы: кімге, қалай және қанша төленеді?

Кеше әлеуметтік желілерде енді "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заң бойынша қазақстандықтар мүлкін, мәселен, пәтері мен автокөлігін сатқан кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  мәміле сомасынан он процент аударуы тиіс екені туралы ақпарат дау тудырды.

Заңнамадағы жаңашылдықтар Uchet.kz сайтында "Қазақстандықтар пәтер мен көлік сатудан зейнетақы аударымдарын төлеуі тиіс" деген тақырыппен 27 шілдеде жарияланған материалда келтірілді. Айта кетейік, бұл сайтты Қазақстанның бухгалтерлері белсенді пайдаланады.  

Әйелдердің жүктілік мерзімін 7 айға дейін қысқарту керек – петиция авторы

Атап айтқанда, мәтінде сатып алу-сату туралы шарттар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарға жататындықтан 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап қазақстандықтар зейнетақы қорына пәтері мен көлігі секілді жеке мүлкін сатқан кезде аударымдар жасауы тиіс екені туралы ой айтылған.   

Осыдан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жаңа талапты қызу талқылай бастасымен-ақ вице-министр Светлана Жақыпова желідегі жеке парақшасында мән-жайды түсіндірді.  

"Барлық зейнетақы аударымы азаматтың тікелей табысынан төленеді", — деп жазған Жақыпова, азаматтардың табысына қандай қаржы жататынын атап өтті. 

"Табыс" деген не?  

зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстандықтар зейнетақы жайында нені білуі тиіс?

Вице-министр түсіндіргендей, кәсіпорын қызметкерінің жалақысы оның табысы болып саналады, жеке кәсіпкер табысты тікелей кәсіпкерлік қызметтен, жеке нотариустер өздері көрсеткен қызметтерден алады.    

Ақылы шарттар негізінде (азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар, басқа сөзбен айтқанда фрилансерлер) жұмыс істейтін немесе қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар міндетті зейнетақы жарнасын атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметінен алған табысынан төлейді.   

"Жеке мүлікті сатудан зейнетақы жарнасы төленбейді", — деді Жақыпова.

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады?  

Сайып келгенде, қазақстандықтар сатып алу-сату шарттарынан БЖЗҚ-ға төлем жасауға міндетті емес болып шықты.  

Оның айтуынша, қазіргі таңда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі мен мерзімін анықтайтын жобаны дайындап жатыр.  


Жаңалықтар
0