Экономика

"7-20-25": пәтер алғандардың айлық табысы 200 мың теңге екені анықталды

CC0 / / Пәтер кілті
Пәтер кілті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека алуға 1300-ден астам адам өтініш берген

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы бойынша алынатын баспананың орташа аумағы 62 шаршы метрді құрады,  деп хабарлайды "Баспана" Ипотекалық ұйымы.

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Экономика
"7-20-25" бойынша алғашқы айдағы қорытынды: қанша қазақстандық баспаналы болады

Нарықты зерттеу нәтижесінде, аумағы 62 шаршы метр баспананың негізінен екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды.

Сонымен бірге, "7-20-25" бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді. Қазіргі таңда ол көрсеткіш 14 миллион 68 мың теңгені құрайды. 

Қарыз алушының ортақ сипаты да белгілі болды. Ол — Қазақстан Республикасының азаматы, жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде.

"Қазіргі таңда бағдарламаға қатысқан көптеген азаматтың өтініші мақұлданғанын байқап отырмыз. Ол "7-20-25" бағдарламасының көкейкестілігін, дер кезінде қолға алынғанын және әлеуметтік бағытын айқын дәлелдейді", — деді "Баспана" Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Оның сөзінше, жылдық үстемесі 7 пайыз болатын "7-20-25" ипотекасының ай сайынғы төлемі пәтерді жалға алып тұрғаннан арзан шығады.

Гранд Астана тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы: шарттары мен ережелері

"Пәтер жалдағаннан гөрі, өз баспанаңда тұрғанға не жетсін", — деп қайырды Қайрат Алтынбеков. 

13 тамыз күнгі жағдай бойынша, Қазақстан халқынан бағдарламаға қатысуға 15,4 миллиард теңге сомасына 1323 өтініш келіп түскен. Оның ішінде жалпы сомасы 9,7 миллиард теңгені құрайтын 843 өтінішті банктер мақұлдады. 

Қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасының ипотекалық несиесін Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK мен ЦеснаБанк арқылы алуға болады. 

Мұғалімдер мен дәрігерлерге баспана алуға пайызсыз қарыз  біріледі 

Қазақстанда мұғалімдер үшін жеке бағдарлама әзірленуі мүмкін  


Жаңалықтар
0