Экономика

Теңге нығайды, алайда мұнай бағасы төмендеп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинВалюта айырбастау пункті
Валюта айырбастау пункті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылар ұлттық валюта бағамы долларға шаққанда 363 теңгеге дейін құнсызданады деп болжап отыр

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясында ұлттық валюта бағамы долларға шаққанда 361,66 теңге болып бекітілді, яғни қазақ валютасы 1,62 теңгеге нығайды. 

Айырбастау пункті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Теңге бағамы: Қазақстанда доллар арзандады

Сонымен қатар, ұлттық валюта бағамы долларға шаққанда 363 теңгеге дейін қайта әлсіреуі мүмкін.  

"Әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатқандықтан жақын күндері теңге долларға шаққанда қайта әлсіреуі мүмкін. Мұнай бағасының құлдырауынан ұлттық валюта шамамен 1-1,5 теңгеге құнсызданады деп болжауға болады", — деді Forex Club КТ сарапшысы Иван Марчена.

Мұнай бағасын белгілеушілер Америка мұнай институтының (API) АҚШ мұнай қоры өткен аптада аяқ астынан 411,1 миллион баррелге дейін өскені туралы мәліметінен кейін шара қолданды. 


Жаңалықтар
0