Экономика

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы автокөлік кептелісі
Астанадағы автокөлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелден әкелінетін автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы 6 процентке төмендейді, дегенмен бұл отандық көлік саудасын тұралатпайды

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik.  Бірінші қыркүйектен бастап Қазақстанға сырттан әкелінетін автокөліктер үшін кедендік баж салығы 6 процентке төмендейді. Бұл жеңілдік Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ғана қатысы бар. 

Енді  шетелден көлік әкелу тиімді бола ма?

Полиция - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 400 полицей автокөлік базарларын тексеріп жатыр

Келесі айдан жеңілдік бойынша су жаңа темір тұлпарды елге кіргізу үшін оның кедендік құнынан 17% ғана жарна төлеу міндеттеледі. Ал, зауыттан шыққанына 7 жылдан асқан жеңіл автокөлікті тіркеу үшін салық құны 22%-ті құрады, деп хабарлады КТК. 

Дегенмен жаңа көлікті шетелден әкелу бәрібір әлдеқайда қымбатқа түсуі мүмкін. Мысалы, 10 мың долларға су жаңа көлікті шетелден алдыңыз делік. Кедендік рәсімдеу кезінде оған тағы 1700 доллар жарна қосылады. Сондай-ақ, оның қозғалтқышының әр текше метріне 1,14 еуро төлеу қажет. Көлемі үш литрдей көлік сізге шамамен 15 мың долларға түседі. Сол сәтте дәл осы көлік үлгісі қазақстандық автосалондарда  7-8 мың доллар төңірегінде тұрады. Міне, баға айырмашылығы жер мен көктей. 

Баж салығының төмендеуі отандық көлік саудасына әсер етпейді

Автозауыттардың ресми диллерлермен өзара келісімі бар болғандықтан, мұндағы өкілдіктерінен көлік алу тиімдірек.  Сондықтан жеңілдік жасалса да, шетелден автокөлік толассыз тасымалданады деу қиын. Себебі, экологиялық "еуро" стандартына сай көлікті сатып алуға кез келген адамның қалтасы көтермейді. Сондай-ақ, сіз тізгіндеген темір тұлпарға қойылатын талаптар күшейтілді. Оның үстіне бір жыл ішінде екі, не одан да көп көлік әкелсеңіз, салықты бұрынғы жоғары пайызбен төлеуге тура келеді. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк теңге бағамы неліктен ауытқып жатқанын түсіндірді

Сарапшылардың айтуынша, баж салығының төмендеуі отандық көлік тауарына еш әсер етпейді.Себебі, бағаны нарық реттейді. "Онсыз да доллардың өсуін сылтауратқан автодиллерлер көліктің бағасын шарықтатып жіберген", — дейді мамандар. 

"Баж салығының төмендеуі әу баста шешілген дүние. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғанда баж салығы 15 процентке төмендейді деп айтылған. Жеңілдіктің Қазақстанға пайдасы бар деп айта алмаймын. Алты пайызға арзандағанынан ештеңке өзгермейді. Көлікті сырт елден кіргізудің машақаты да көп. Отандық көлік саудасы одан тұралап қалмайтыны анық", — деп түсіндірді Тәуелсіз көлік жүргізушілері одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргенде автокөлік бағасы арзандайды деп күтілген еді. Дегенмен, нарықтағы жағдай басқаша.


Жаңалықтар
0