Деньги

Қазақстанда орташа зейнетақы 101 мың теңге екені рас па? Министрдің жауабы

5926
(Жаңартылды 18:39 21.09.2018)
Әбілқасымованың айтуынша, ынтымақты және базалық зейнетақыны қосқанда, орташа зейнетақының мөлшері – 81 093 теңге, ал жинақтаушы зейнетақымен бірге 100 мың теңге шамасында

АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова зейнетақының ең жоғары және ең төменгі мөлшерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта ынтымақты және базалық зейнетақыны қосқанда, орташа зейнетақының мөлшері 81 093 теңгені құрайды. Ал жинақтаушы зейнетақымен бірге есептегенде, орташа мөлшер 100 мың теңге шамасында. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны көтердік, нәтижесінде зейнетақы мөлшері былтырғы жылмен салыстырғанда 23 процентке өсті. Былтыр 66 мың теңге болса, қазір 81 мың теңгені құрайды", — деді министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ Әбілқасымова Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшерін де атады.

"Ең төменгі мөлшері – 49 019 теңге. Бұл зейнетақыны еңбек өтілі расталмаған зейнеткерлер алып отыр. 2 миллион зейнеткердің 30  проценті еңбек өтілі 10 жылдан асатынын растай алмады. Яғни олардың зейнетақысы өскен жоқ. Базалық зейнетақы оларға күнкөріс деңгейінің 54 проценті шамасында төленеді. Ең алдымен, бұл еңбек өтілімен байланысты", — деді ведомство басшысы. 

Айта кетсек, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгерді. Егер бұған дейін барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, онда 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артты.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

Еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлдем жоқ азаматтарға базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде белгіленеді. Яғни 15 274 теңге. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, әр жыл үшін 2 процент үстеме қосылады. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан асатындарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ы немесе 28 284 теңге төленеді.

Халық зейнетақы қорындағы ақшасын кредитке ала ма?

5926
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы, зейнеткерлер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мадина Әбілқасымова
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Тақырып бойынша
Балаға берілетін жәрдемақы: кімге, қалай және қанша төленеді?
Банк карточкасының сіз білмейтін 8 құпиясы
Қартаң әйел зейнетақы үшін өлген күйеуімен бірге тұрған
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады
Отбасы банк басты бетінің скриншоты

Зейнетақы жинағын пайдалану: өтінім беру сайтында жаңа функция іске қосылды

89
Өтінім беру кезінде деректерді қате енгізген немесе зейнетақы жинағын пайдалану мақсатын өзгерткісі келетін адамдар берген өтінімін жоя алады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында жаңа функция пайда болды. Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын алуға берген өтінімін жойып тастай алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз онлайн-платформаның алғашқы жұмыс күнін бақылап, платформаның мүмкіндіктерін кеңейттік. Енді, егер сіз деректерді енгізу кезінде қате жіберген болсаңыз немесе біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын өзгерткіңіз келсе, жеке кабинетіңізге кіріп, өтініміңізді жойып тастай аласыз", - деп хабарлады "Отбасы банк" Instagram-да.

Ол үшін:

  • жеке кабинетке кіріп,"менің өтінімдерім" батырмасын басыңыз;
  • жойғыңыз келетін өтінімді таңдаңыз;
  • экранның төменгі бөлігіндегі "өтінімді жоюды" басыңыз.

Онлайн платформада жұмыс істеу үшін қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңба мен NCALayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Отбасы банк зейнетақы жинағын алуға қатысты барлық жұмысты тәулік бойы тек компьютерден немесе ноутбуктен орындауға болатынын еске салды.

Сондай-ақ, банк enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында өтінім неге жойылуы мүмкін екенін түсіндірді.

Оның бірнеше себебі бар:

  • егер қажет сома "0" деп көрсетілсе;
  • егер қаражат сомасы қосымша белгілермен жазылса.

"Мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек", - деп нақтылады банк.

Егер бәрі дұрыс енгізілсе, жүйені жаңарту немесе қайта кіру қажет.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтінім қабылдау басталды.

www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай беруге болатыны көрсетілген видеонұсқау жарияланды.

89
Кілт сөздер:
жаңа функция, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Ертең зейнетақы жинағын алатын сайт іске қосылады - мекенжайы қандай?
Зейнетақы жинағын пайдалану: процентсіз ипотеканы қалай алуға болады
Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау басталды: жұртты мазалаған 10 сұрақ жауабы
Бір жарым тәулік ішінде 15 мыңнан астам адам зейнетақы жинағын алуға өтініш берді
Компьютер, архивтегі фото

Бір жарым тәулік ішінде 15 мыңнан астам адам зейнетақы жинағын алуға өтініш берді

134
(Жаңартылды 19:18 24.01.2021)
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш қабылдау сенбі, 23 қаңтарда басталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. "Отбасы банк" қанша қазақстандықтың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға өтініш бергенін хабарлады.

"24 қаңтар сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 228 миллиард теңгеге (541 миллион доллар – Sputnik) 15 262 өтініш келіп түсті", - деп хабарлады банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

23 қаңтардан бастап "Отбасы банк" (бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш қабылдау үшін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасын іске қосты.

Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау басталды: жұртты мазалаған 10 сұрақ жауабы 

700 мыңнан астам қазақстандық БЖЗҚ-да жинақталған қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе кеңейтуге, емделуге және инвестициялауға жұмсай алады. Әзірге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ғана өтініш беруге болады.

Банк сонымен бірге қазақстандықтар өзінің зейнетақы жинағын жұмсауды жоспарлап отырған ең танымал бағыттарды атады. Олардың ішінде:

  • ипотекалық қарызды өтеу;
  • тұрғын үйді толығымен сатып алу;
  • жақын туыстарына зейнетақы жинағын беру;
  • "Отбасы банктен" тиімді шарттармен ипотекалық қарыз алу.

Зейнетақы жинағын алуға компьютерден ғана өтініш беруге болады. Сайттың мобильді нұсқасы жоқ.  

Айта кету керек, біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған арнайы шотты Halyk Bank арқылы да ашуға болады.  

БЖЗҚ қаражатын алуға өтініш беру үшін не істеу керектігін мына жерден оқи аласыз.

134
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан берілген жағдайда жәрдемақы қанша болады
БЖЗҚ салымшыларға 193 млрд теңгеден астам қаржы аударды
Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады
Зейнетақы жинағын пайдалану: процентсіз ипотеканы қалай алуға болады
Зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай береді – видеонұсқау
Ресей президенті Владимир Путин

Путин зәулім сарай туралы сұраққа жауап берді

0
Ресей президенті Алексей Навальныйдың фильмін компиляция және адамдардың "санасын шаюға" тырысу деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальный өз зерттеуінде айтқан "Геленджиктегі сарай" туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сұрақ Ресей студенттері күніне орай ұйымдастырылған университеттегі кездесу кезінде қойылды.

"Сіздің сұрағыңызға бірден жауап бергім келіп тұр. Ол жерде менің меншігім ретінде көрсетілгеннің ешқайсысы маған да, менің жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған. Ешқашан", - деп жауап берді Путин.  

Ол сондай-ақ, бұл көптен бері көпірте айтылып келе жатқанын, "азаматтардың санасын шаю" үшін толықтырылып отырғанын мәлімдеді.

"Бұл ақпарат он жылдан астам уақыттан бері көпірте айтылып келе жатыр. Қалай болғанда да, қазір өте ыңғайлы уақыт, бәрін жинап, осы материалдармен біздің азаматтарымыздың санасын шайып тастауға шешім қабылдады. Оны интернетте жариялаған – онда қандай да бір фильмдер, видео бағдарламалар бар", - деді президент.

Төрт мыңға жуық адам жиналған: Мәскеу алаңында не болып жатыр

Сондай-ақ, Ресей басшысы фильмді құрастыру кезінде халықты адастыру мақсатында монтаж қолданылғанын мәлімдеді.

"Олар менің баттерфляй стилінде жүзіп жүрген суретімді жариялады. Кейде осылай жүзгенді ұнатамын. Бірақ ол бассейнде ешқашан болмағанмын. Неғылған бассейн екенін білмеймін. Бірақ осылай жүздім. Қашан және қайда? 2016 жылы Енисейде. Сондықтан бұл компиляция, монтаж", - деп түйіндеді Путин.

0
Кілт сөздер:
Владимир Путин