Пәтер

"7-20-25" баспанаға мұқтаждардың барлығын бірдей жарылқай алмауы мүмкін

510
(Жаңартылды 19:49 08.10.2018)
"Баспана" ипотекалық компаниясы жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін 150 миллиард теңге бөледі

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үй тапшылығы сезіліп жатыр, дейді "Баспана" ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Елде "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын шамамен 1,5 мың пәтер қалды.

Алтынбековтың сөзіне қарағанда, тұрғын үй жетіспеушілігінің екі себебі бар. Біріншіден, құрылыс салушылар 90% жағдайда тұрғын үйді пайдалануға бергенге дейін, яғни салынып жатқан кезінде сатып жібереді. Екіншіден, жеке құрылыс салушылар коммерциялық тұрғын үйді көбінесе Алматы мен Астанада салады, өңірлерге шыға бермейді.   

Шілдеде "7-20-25" бағдарламасының шарттарына үш мың пәтер сәйкес келеді. Олардың жартысы қазірдің өзінде сатып алынды, деді Алтынбеков.

Жаңа тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін "Баспана" жергілікті атқарушы органдарға үй салуға 150 миллиард теңге бөледі. Шымкенттің әкімдігіне қазірдің өзінде 500 мың шаршы метр үй салуға 20 миллиард теңге аударылды", — деді Алтынбеков. 

"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы 2018 жылдың шілдесінде іске қосылды. Қазақстанның жұмыс істейтін тұрғындары мынадай шарттармен баспана алуға құқылы: кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7% —дан аспайды, алдын-ала төлем – 20%-дан аспайды, кредит беру мерзімі – 25 жылға дейін. 


510
Кілт сөздер:
"7-20-25" бағдарламасы., тұрғын үй, баспана, Қазақстан
Тақырып бойынша
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
"Баспана" АҚ пәтер алғысы келетін қазақстандықтарды сақтандырды
"7-20-25" бағдарламасынан кейін баспана қымбаттай ма?
Астанада 130 отбасыға баспана берілді
Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді
Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді
Монета, архивтегі фото

"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты

1170
(Жаңартылды 11:05 15.01.2021)
Қазақстан президенті азаматтарға өз жинағын түрлі құрал арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясында зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің пікірінше, зейнетақы жүйесі әділ және адам мүддесіне сай келуі керек.

"Зейнетақы жүйесі әділ болып, адамдар мүддесіне сай болуы керек. Біз маңызды, бірегей реформаны – зейнетақы активтерін ішінара алу және пайдалану мүмкіндігін іске қостық. Сонымен қатар азаматтарға өз жинағын түрлі құрал арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

"Оны іс жүзінде жүзеге асыру сапалы заңнаманы талап ететіні анық", - деді Тоқаев.

Тоқаев: Басты мақсат – халықтың тұрмысын жақсарту

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясына қатысты.

10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтті: Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясы.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.

1170
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа қызмет іске қосылды
Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты
Бір күнде 12 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты
Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады
Телефон, иллюстративті фото

Бір күнде 12 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты

71
Зейнетақыны алуға арналған арнайы шотты қосымшаның көмегімен ғана емес, сонымен қатар бейне қоңырау арқылы да ашуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Бір күнде 12 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты. Бұл туралы "Отбасы банкінің" Instagram-дағы аккаунты хабарлады.

"Кеше 12 222 қазақстандық ЖССБ 24 қосымшасы және бейне қоңырау арқылы біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашты. Кейбір қиындықтарды мұқият анықтап, оларды жаңартылған қосымшада түзедік", - деп жазылған парақшада. 

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты 

Банк құжаттарды тану функциясын жақсартып, қосымшаның жылдамдығын арттырған.

ЖССБ 24 қосымшасының жаңартылған нұсқасын Play Market жүйесінен жүктеп алуға болады. AppStore жүйесінде қосымшасының жаңартылған нұсқасы сәл кейінірек іске қосылады.

 "Егер сіз ЖССБ 24 қосымшасы арқылы арнайы шотты ашу кезінде қиындыққа тап болсаңыз, оны БИО-дағы сілтеме бойынша бейне қоңырау арқылы ашуға болады", - делінген хабарламада.

71
Кілт сөздер:
шоттар, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын пайдалану үшін банкке бару керек пе?
Қазақстандықтардың табыс салығы дұрыс есептелмеді: ақшаны қалай қайтаруға болады
"Отбасы банкке" тағы бір қаржылық операция орындауына лицензия берілді
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тың ақпарат жарияланды
Зейнетақы жинағын шешіп алу үшін есепшот қалай ашылады – видео
Индонезиядағы жер сілкінісі

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

0
(Жаңартылды 19:49 15.01.2021)
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жерасты дүмпуі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.

Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

0
Тақырып бойынша
Тоқаев парламент отырысында қандай уәде берді – толық ақпарат
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Президент мәжіліске өтпеген саяси күштер туралы пікір білдірді
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Ауылға баратын әрбір жол толығымен жөнделеді – Тоқаев