Экономика

Теңгенің құнсыздануына байланысты жалақыны көтеру ұсынылды

© Sputnik / Болат ШайхиновБанкнот
Банкнот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат Қоңыров зейнетақы қорындағы қаржыға индексация жасауды талап етті, ал экономистер ең алдымен халықтың жалақысын көтеру керек деген пікірде

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров теңгенің құнсыздануына байланысты зейнетақы қорындағы қаржыға қауіп төніп тұрғанын айтып, шенеуніктерден шұғыл индексация жасауды талап еткен болатын. Ал экономист Сергей Домнин адамдардың жинаған ақшасын емес, табысын қорғау керек деп есептейді. Оның пікірінше, алдымен халықтың айлық жалақысын көтеру керек. 

Зейнетақы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтардың біраз бөлігі зейнетақы алмайды: БЖЗҚ түсініктеме берді

Депутат Айқын Қоңыров ай сайынғы табысының он пайызын мемлекетке аударатын жұмысшылардың жеке шотындағы қаржы девальвация мен инфляция кесірінен күн санап құнсызданып бара жатыр деп мәлімдеді. Ол жұрттың қартайғанда қажет болады деп, жинап жүрген ақшасына қауіп төніп тұрғанын айтып, тұрғындарды үрейлендіріп қойды.  

"Қазір Ұлттық банк пен Үкімет қол қусырып қарап отыр. Халықтың басындағы мәселеге ешкім бас қатырмайды. Ал доллар қымбаттаған сайын зейнетақы қорындағы қаржы қатар  құнсыздануда. Салымшылар  зейнетақы қорындағы ақшаға  өзі иелік етіп, оны жеке басқаратын депозит те емес. Және теңгемен ғана жинау міндет", — дейді Қоңыров.

Мәжіліс депутаты Ұлттық банкке  Бірыңғай зейнетақы қоры мен депозиттердегі  ақшаны индексация жасауды ұсынды, деп хабарлады КТК.  

"Үкімет салымшыларға  доллар мен теңгенің арасындағы айырмасын төлеп берсін. Оған 3 триллион теңге қажет.  Бұдан бюджет  кедейленіп қалмайды", — деп толықтырды ол.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады

Депутаттың пікірінше, индексацияға қажет соманы мұнай экспортынан түскен ақшадан алу керек.  Сонда адамдардың ұлттық валютаға, Үкіметтің  қаржы саясатына  деген сенімі артады. 

Депутаттың пікірін экономистер де қолдайды. Бірақ, мамандардың өз ұсынысы бар.  

"Алдымен адамдардың жинаған ақшасын емес, табысын қорғау керек. Мәселен, айлық жалақысын көтерсін. Бұл әлемдік тәжірибеде де бар. Сонда қарапайым халық инфляциядан зардап шекпейді. Ал зейнетақы қорын индексация жасау заңда жазылған", — деп түсіндірді экономист Сергей Домнин.



Жаңалықтар
0