Нұрбибі Наурызбаева

Наурызбаева зейнетақы қорындағы ақшаның тағдыры не болатынын айтты

1022
(Жаңартылды 18:51 27.09.2018)
БЖЗҚ активтерінің табыстылығы 2,9% инфляция кезінде 7,9%-ті құраған

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева ұлттық валютаның құнсыздануы қазақстандықтардың жинағына кері әсерін тигізіп жатпағанын айтып сендірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Құнсыздану туралы сөз болып отырған жоқ. Ұлттық валюта бағамы өзгергенімін, біздің зейнетақы активтеріміз, керісінше, ұлғайды. Сегіз ай ішінде инвестициялық табыс 2017 жылдағы табысқа жетіп қалды. Инвестициялық табысты біз күн сайын салымшылардың есепшотына бөлеміз. Салымшылардың жинағы өсіп жатыр", — деп сендірді Наурызбаева. 

Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің табыстылығы сандық мәнде 2,9% инфляция кезінде 7,9%-ті құраған. 

"Қазір, өздеріңіз көріп отырғандай, табыстылық инфляция деңгейінен үш есе артық. Бұл валюта бағамының айырмасы есебінен болды. Сол кезеңде шетелдік валютада номинацияланған қаржы құралдарын қайта бағалау жүргізілген еді", — деді қор төрайымы. 

Сондай-ақ Наурызбаева мәжілісмендердің зейнетақы жинағын индексациялап, оны валюта бағамына байланыстыруға қатысты да пікір білдірді. 

"Бірақ мұның кері әсері де болуы мүмкін ғой. Ертең теңге бағамы нығайғанда, біз оны қайта есептейік демейміз ғой? Меніңше, бағам құбылмалығы нарықтық экономикамен байланысты құбылыс", — дейді ол.


1022
Кілт сөздер:
теңге бағамы, зейнетақы, Нұрбибі Наурызбаева, Қазақстан
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Тақырып бойынша
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды
Қазақстанда орташа зейнетақы 101 мың теңге екені рас па? Министрдің жауабы
Қазақстандықтардың біраз бөлігі зейнетақы алмайды: БЖЗҚ түсініктеме берді
Сәтбаев: Халық зейнетақы қорындағы өз ақшасын кредит ретінде алады
Жақыпова: пәтер мен көлікті сатудан зейнетақы жарнасы алынбайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады
Ақорда

Тоқаев үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

59
(Жаңартылды 22:14 02.12.2020)
Бұған дейін сенат спикері келесі жылы бюджет шығыстарының 50% -тен астамы әлеуметтік салаға бөлінетінін айтқан еді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сыртқы нарықтардағы күрделі жағдай ескеріліп, дағдарысқа қарсы кешенді шараларды қаржыландыру жалғасады деп мәлімдеді. Басым бағыт – алдағы үш жылда азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу. Осылайша 2021 жылы бюджет шығыстарының 50% -тен астамы әлеуметтік салаға бөлінеді, деді спикер.

Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды

Ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ЖІӨ-нің нақты өсімі 2021 жылы 2,8%, 2022 жылы 3,7% және 2023 жылы 4,6% деңгейінде болжанып отырғанын хабарлады.

Мұнай бағасы консервативті тәсіл ескеріле отырып, 2021-2023 жылдары барреліне 35 доллар деңгейінде белгіленді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметті бойынша республикалық бюджетке (трансферттерді қоспағанда) 2021 жылы 6,9 триллион теңге, 2022 жылы 8,5 триллион теңге және 2023 жылы 9,2 триллион теңге кіріс кіреді.

Президент бұған дейін  "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды.

Заңда Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы –  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

Сондай-ақ, құжат кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағытын айқындайды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейді. 

 

59
Кілт сөздер:
бюджет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Алдағы үш жылда Қазақстанда инфляция 4%-ке дейін төмендейді
Қазақстанда салықтардың саны қысқарады
Халықтың кредиті кешіріле ме – экономистер жауап берді
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Ақша санап отырған адам

"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр

2369
"Ақ жол" фракциясының депутаттары мониторингтік топтардың жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бақылауға алуы қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Мониторингтік топтардың басшылары кәсіпкерлерді ірі айыппұлмен қорқытып, тұрақты "алым-салық" жинайды деген ақпарат бар. Олардың бір айлық табысы 100 миллионға жетуі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін "Ақ жол" фракциясы премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап, орта және шағын бизнесті тексеріп жүрген мониторингтік топтар жұмысын реттеуді талап еткен болатын. Себебі заңсыз қысым жасау фактілері жиілеп кеткен.  

"Біздің сауалымыздан кейін осы мәселеге қатысты арыз-шағымдар көбейіп кетті. Өңірлерден хабарласып жатқан кәсіпкерлер мониторингтік топтарға қатысты тағы бір мәселе туралы айтты. Олар шенеуніктердің туған-туыстары ұстап отырған мейрамханалар мен клубтарды айналып өтеді екен, еш тексермейді. Осы санаттағы орындар карантин басталғалы тәулік бойы істейді-міс", - деді Перуашев мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның айтуынша, мониторингтік топтардың басшылары ірі айыппұлмен қорқытып, тұрақты "алым-салық" та жинайды деген ақпарат бар. Тіпті, 50 мың теңге көлемінде апталық тариф енгізілген. 

"Бүгінде ірі қалалар мен облыс орталықтарында, шамамен, 1-2 мың қоғамдық тамақтану орны мен басқа да қызмет көрсету нысандарының бар екенін ескерсек, әрбір қалада тексерушілердің "рентасы" бір айда 100 миллион теңгеден асуы мүмкін. Бұның барлығын онсыз да қиын жағдайға тап болған орта және шағын бизнес көтеруге мәжбүр. Ал "алым-салықты" төлеуден бас тартқан кәсіпкерлерге айыппұл салынып, БАҚ қатысуымен демонстрациялық тексеріс жасалады", - деп атап көрсетті Перуашев.

Осы орайда депутат мониторингтік топтарды құру тәртібі мен өкілеттілігі заңмен реттелмегенін тағы бір мәрте еске салды. Мәселен, Кәсіпкерлер кодексі бойынша тексерісті осы салаға жауапты мамандар жүргізуі тиіс. 

"Алматыда санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандарына мониторингтік топ жұмысына қатысуға тыйым салынған. Демек, барлық тексеріс заңсыз жүргізіледі. Біз тәртіп бұзатындарды қорғап отырған жоқпыз. Заңды сақтауды ғана талап етеміз. Себебі пара беру арқылы тексерістен құтылған орындар қауіпсіздік шараларын сақтамай, жұмыс істейді. Сөйтіп, инфекцияны тарату ошағы болып қала береді. Ондайда мониторингтің нәтижесі де болмайды", - дейді Перуашев.

"Ақ жол" фракциясының депутаттары мониторингтік топтардың жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бақылауға алуы қажет деп санайды. Ал айыппұлдардың көлемін екі есе төмендету керек. Сонда пара бергеннен гөрі айыппұл төлей салу жеңіл болады.

2369
Кілт сөздер:
миллион теңге, Азат Перуашев, карантин
Тақырып бойынша
"Ақырзаман сияқты": Нығматулин карантин кезінде халықты шошытқан ақпарат туралы айтты
"Жеке пікірі ме?": Перуашев кімдердің жұмысына көңілі толмай отырғанын айтты
"Төреғали қарындасын ұзатты": Полиция карантин кезінде той ұйымдастырғандарды анықтады
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

ОСК мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді

0
"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. ОСК кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Nur Otan" партиясы парламент сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылдың 26 қарашада ұсынды.

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. Оның 40-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 процентін құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді", - деп атап өтті ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырыс барысында.

Тексеріс нәтижесінде партиялық тізімге енгізілген барлық адам заң талаптарына сай келетіні белгілі болды.  

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері "2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады.

0
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады – Назарбаев
Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады