БЖЗҚ

Банктерге зейнетақы қорынан 300 млрд теңге бөлінеді

194
(Жаңартылды 18:41 16.10.2018)
Екінші деңгейлі банктерге бөлінетін 600 млрд теңгенің жартысы БЗЖҚ-дан, қалғаны Ұлттық банктен бағытталмақ

АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті екінші деңгейлі банктерге бөлуді тапсырған 600 миллиард теңгенің жартысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынады. Бұл туралы бүгін қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті 5 қазанда жасаған жолдауында басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырған болатын. Бүгін мәжілісте 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы таныстырылғаннан кейін, қаржы министрі 600 миллиард теңгенің қайдан алынатынын айтты.

"Бұл сұрақты Ұлттық банкке қойған дұрыс болар еді. Бірақ қаржы министрі ретінде, менің қолымда Ұлттық банк қаржының жартысын БЖЗҚ-дан, қалған жартысын Ұлттық банктің өз қаржысынан бөлуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат бар. Ол ақша екінші деңгейлі банктерге коммерциялық, нарықтық мөлшерлеме бойынша қайтарымды негізде беріледі. Мемлекет басшысы айтқандай,  бұл қаражат экономика үшін басымдыққа ие жобаларға бөлінеді. Қазір біз қаржының мақсатты орындалуын, экономикамыз үшін басым бағыттар мен жобаларға бағытталғанын бақылау тетіктерін әзірлеуіміз керек",-деді Смайылов мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, зейнетақы қорындағы ақша БЖЗҚ активтерінің өсуі үшін инвестицияланып, табыс әкелуі керек. 

"Сондықтан оларды бір жаққа инвестициялау керек. Бұл тұста нарықтық мөлшерлеме бойынша ел экономикасына инвестициялау туралы сөз болып отыр. Сондықтан бұл қалыпты жағдай. Мұндай практика барлық әлем елінде қолданылады", — деді министр.

194
Кілт сөздер:
Қазақстан, БЖЗҚ, инвестициялау, зейнетақы қоры
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (69)
Тақырып бойынша
Қазақстанда келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы өседі
Фрилансерлер зейнетақы жарнасын келесі аптадан бастап аудара алады
Қазақстандықтардың біраз бөлігі зейнетақы алмайды: БЖЗҚ түсініктеме берді
БЖЗҚ: екі миллион қазақстандық зейнетақы жинағын тұрақты толтырмайды
БЖЗҚ Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақ
БЖЗҚ зейнетақы активтерімен мәмілелер туралы толық ақпаратты жариялап отыратын болады
Қасым-Жомарт Тоқаев

Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен Тоқаев

3
Президент халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру жүйелі шаралар керек екенін мәлімдеді.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы биылғы жыл өндіріс, өнімдерді сақтау және өткізу саласында қордаланған проблемалар бар екенін көрсеткенін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Инфляция, әсіресе азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен.

"Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс", - деп атап өтті Тоқаев.

Бұл ауылда тұрып, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдар үшін аса маңызды. Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде.

"Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – "егіс басынан сөреге" дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою", – деді президент.

Мемлекет басшысы халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді.

Оқи отырыңыз:

 

3
Процент белгісі

Қазақстанда екі банкке айыппұл салынды

43
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ мен "Сбербанк" АҚ заңнама талаптарын бұзғаны үшін 145 850 теңгеден айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Қарыздар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты жариялаған кезде сыйақы мөлшерлемесін дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептеп көрсетпегені үшін екі банкке әкімшілік жаза қолданылды. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 2021 жылдың шілдесінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ға 145 850 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар 2021 жылдың тамызында агенттік "Сбербанк" АҚ-ға дәл осындай көлемде әкімшілік айыппұл салды.

2021 жылдың тамызында "Шинхан Финанс" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның Микрокредит беру туралы үлгілік шарты Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жазбаша ұйғарым жіберілді.

Шілде және тамызда бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне, сақтандыру нарығы субъектілеріне қатысты құқық бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттер және алаяқтық фактілер анықталған жоқ.

Оқи отырыңыз:

43