Экономика

Министр Қазақстанда салық амнистиясы қалай жүргізілетінін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновСалық кодексі
Салық кодексі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Амнистия 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанға дейін созылады

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қаржы министрі Әлихан Смайылов салық амнистиясына қандай кәсіпорындар ілікпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр салық амнистиясы шағын және орта бизнеске қатысты екенін және осы жылдың 1 қазанына дейін өтелмеген берешек бойынша жүргізілетінін атап өтті.

Жолдау - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент салық амнистиясын өткізуді тапсырды

"Тиісті заңнамалық нормалар әзірленді, оларды заңнамаға енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір 90 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі 294 миллиард теңге қарыз. 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 178 миллиард теңгені құрайтын негізгі борыш өтелсе, 111 миллиард теңге өсімпұл мен 5,8 миллиард теңге айыппұл кешіріледі", — деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Амнистия 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Оның айтуынша, салық амнистиясына 90 мыңға жуық кәсіпорын ілікпейді. Олардың арасында акцизделетін компаниялар тобы, мұнай және жалған кәсіпорындар бар. 

"Амнистия елдегі бизнес ахуалды жақсарту үшін жүргізіледі", — деді ол. 

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті 5 қазанда жариялаған жолдауында шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуді тапсырған болатын. 

"Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 процентке азайту үшін пәрменді шаралар қабылдауы керек. Былайша айтқанда, бизнес жұмысын ақ парақтан бастауы үшін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын өткізуді тапсырамын", — деген еді президент Ақордада жолдауды жариялау барысында.

Жаңалықтар
0