Экономика

Сағынтаев: Қияр-қызанақ бағасы шарықтап барады, ал оны бақылайтын ешкім жоқ

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуҚызанақ
Қызанақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті болса, неге баға негізсіз өсіп отырғанын сұрады

АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев азық-түліктің негізгіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Халыққа біздің жылы сөзіміз керек емес" Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді

Бүгін үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 21 желтоқсандағы жағдай бойынша, негізінен, барлық өңірде азық-түліктің екі түрі – қырыққабат пен қант бойынша шекті мән 15 процентке көтерілген. 

"Мәселен, 10 өңірде қанттың бағасы шекті мәннен асты. Қырыққабат бойынша шекті мәннен асу 11 өңірде – Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Асана, Алматы, Шымкент қалаларында байқалып отыр",- деді Сүлейменов.

Ол қанттың бағасы объективті себептерге байланысты – қант нарығындағы әлемдік үрдістердің әсерінен өсіп отырғанын атап өтті. Ал қырыққабат бойынша жағдай өзгеше. 

"Қырыққабат мәселесі әкімдік деңгейінде шешілетін проблема", — деді ол. 

Министр жыл соңына дейін әкімдіктер келесі жылға арналған болжамдық мәндерді белгілеуі тиіс екенін айтты. Шекті мәндерді уақытында белгілеу одан әрі мониторингілеу мен қажетті шараларды тиімді түрде қабылдау үшін қажет.

"Алайда бірде-бір әкімдік шекті мәндерді бекіткен жоқ. Бұл 2019 жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне уақытылы ден қоюға кері әсерін тигізуі мүмкін", — деді Сүлейменов.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті болса, неге баға негізсіз өсіп отырғанын сұрады.

"Қырыққабат пен қантқа байланысты объективті себептер бар. Ал қалғаны негізгіз қымбаттап жатыр. Тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті деп отырсыздар. Онда баға неге өседі? Сіздердің тараптарыңыздан бақылау жоқ.  Қазір қияр, қызанақ бағасы шарықтап жатыр, оған қарап жатқан ешкім жоқ. Бақылауға алыңыздар",  — деп тапсырды премьер-министр.

Жаңалықтар
0