Дариға Назарбаева

"Өзін-өзі жазалауы керек" Дариға Назарбаева мүдделер қақтығысы мәселесін қозғады

1305
(Жаңартылды 17:54 28.12.2018)
Сенатор құрамына ең жемқор ведомстволар кіретін қаржы министрлігінің экономикалық тергеу қызметін басқаруы қаншалықты тиімді деген сауал тастады

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаты Дариға Назарбаева қаржы министрлігінде туындап отырған мүдделер қақтығысы мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаеваның ақпаратына сүйенсек, Бүкіләлемдік банктің соңғы есебі бойынша, сыбайлас жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдар – салық және кеден ұйымдары екен. Осы орайда сенатор экономикалық тергеу қызметінің жұмысы қаншалықты тиімді деген сауал тастады. 

"Мүдделер қақтығысы мәселесі қаралып отыр. Ең жемқор ведомстволар қаржы министрлігінде. Оған қоса қаржы министрлігі Экономикалық тергеу қызметін басқарады. Сонда олар өзін-өзі тергеп, өзін-өзі жазалауы керек", — деді сенатор. 

Сондай-ақ, ол соңғы жылдары жемқорлық қылмыстарымен айналысатын Қаржылық мониторинг комитетінің (қаржы министрлігіне қарайды) жұмысы туралы ештеңе естілмейтінін де ескертіп айтты. 

"Қалай ойлайсыз, экономикалық тергеу қызметі қаржы министрлігі мен басқа да министрліктерден тәуелсіз болуы керек емес пе?",- деп сұрады Назарбаева ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтен. 

Сүлейменов экономикалық тергеу қызметіне қаржы министрлігінің құрылымында жұмыс істеу тиімдірек екенін айтты.

"Біз үкімет ведомстволары арасында өзара іс-қимылды оңайлату бағытында үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Экономикалық тергеу қызметі жұмысының тиімділігінде мәліметтер базасы үлкен рөл ойнайды. Ал мәліметтер базасын кеден және салық органдары толтырады. Сондықтан бұл тұрғыдан тиімдірек жұмыс істеуге көмектеседі", — деп сендірді министр. 

Ал қаржы вице-министрі Қанат Баеділов қаржы және мониторинг комитетінің құрамында дербес бөлімше құру қарастырылып отырғанын атап өтті. Ол Өзіндік қауіпсіздік басқармасы деп аталады. 

"Ол тікелей министрге бағынады және барлық комитеттің жұмысында жемқорлық болмағанын қадағалайды. Бұл келешекте өз жемісін береді деп ойлаймын", — деді Баеділов.

1305
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева, Қаржы министрлігі, сенат отырысы, депутаттар, экономика, жемқорлық
Тақырып бойынша
"Бес тонна өлі балық жиналды" Депутат қазақстандықтардың денсаулығына алаңдады
Вице-министрлер, полицейлер мен жауапты хатшы: 2018 жылдың парақорлары кімдер?
"Журналистердің сөзіне әуес болмаңыз" Министр Тоқаевтан сөз естіді
Сенат депутаты: Қытай Қазақстанды басынан бақайшағына дейін зерттеп отыр
Қасымбек жаңа министрлік не үшін қажет болғанын айтты
Архивтегі фото

Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды

7
Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнімдерді эспорттау саласындағы қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндамасын тыңдай келе, шикізат экспортын ұлғайту үкіметтің күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе екенін атап өтті.  

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев

Оның пікірінше, экспортқа қатысты кедергілерді жою, экспорттың географиясы мен номенклатурасын кеңейту, ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау үшін бүкіл үкіметтің күш-жігерін жұмылдыру керек. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелері экспортты ілгерілету, нарықтарға жол ашу және кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарға белсенді атсалысуы қажет.

"Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Транзиттік жүктер өтеді, ал біздің жүктеріміз шекарада қалып қояды. Қазақстандық тауарлар тиелген мыңдаған вагон бекеттерде тұр. Бизнес тікелей президенттен көмек сұрайды. Мұндай жағдайларда үкімет жедел әрекет етіп, серіктестермен арадағы барлық мәселені реттеуі тиіс", – деді мемлекет басшысы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында.

 Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылды. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.

7
Қасым-Жомарт Тоқаев

Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен Тоқаев

27
Президент халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру жүйелі шаралар керек екенін мәлімдеді.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы биылғы жыл өндіріс, өнімдерді сақтау және өткізу саласында қордаланған проблемалар бар екенін көрсеткенін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Инфляция, әсіресе азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен.

"Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс", - деп атап өтті Тоқаев.

Бұл ауылда тұрып, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдар үшін аса маңызды. Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде.

"Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – "егіс басынан сөреге" дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою", – деді президент.

Мемлекет басшысы халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді.

Оқи отырыңыз:

 

27