Қызметкерлер

Президент министрлерге: Сендер бар болғаны қорқақсыңдар

1090
(Жаңартылды 15:50 30.01.2019)
Мемлекет басшысы ұлттық банкке акционерлердің өз банкін тонап, қашып кетпеуін қадағалауды тапсырды

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент экономикаға тиімді жобалар мен бәсекеге қабілетті кәсіпорындар керек екенін атап өтті. Айтуынша, тек соңғы үш жылда банкроттықтың алдында тұрған кәсіпорындар саны шамамен 2 есеге өскен. 

"Банк ақша бермейді деп шулайсыңдар, ал ол кімге береді? Барлық жерде  кәсіпорындар банкрот. Ешкім кепілдік бере алмайды, ешкім ақшаны қайтара алмайды. Кімге береді, қайтарып беретін адамдар жоқ. Қазір осы берешек 4 триллион теңгеден асады", — деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Елбасы қаржы жүйесін мысалға келтірді. 

"Мәселен, банк құрылады, жұмыс істей бастайды, адамдар сеніп, ақшасын сақтайды. Квазимемлекеттік сектор ақшасын құяды. Содан кейін акционерлер сол ақшаны шетелге шығарып, ұрлай бастайды. Бізде оларды түрмеге қамайтын заң жоқ. Бүкіл әлемде солай. Бәрі қашып кетеді, біз артынан жүгіреміз", — дейді мемлекет басшысы.

Назарбаев Ұлттық банк пен үкіметке акционерлердің өз банкін тонап, қашып  кетпеуін қадағалауды тапсырды. 

"Банкроттық институты нарықтық елдерде кең таралған құбылыс. Сендер министр емес, бар болғаны қорқақсыңдар. Аяқ-қолдарың дірілдеп, шешім қабыдай алмайсыздар?

Сонда не үшін жұмыс істеп жүрсіңдер? Барлық банктерді тазартыңдар, сонда мен бұл үкімет өз міндетін адал орындады деп санаймын, сосын осымен отставкаға кетіңдер. Міне, сонда бұл нағыз жұмыс болады", – деп ашуланды президент.

"Бәріміз бірдеңе жасап жүргендей қол сілтейміз, бірақ нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр жеке бақылауына алсын. Бұл мәселені шешсін. Мен "кетіңдер" деп жай айттым. Ешқайда кетпеңдер, жұмыстарыңды істеп, баяндаңдар", — деп түйіндеді Назарбаев.

1090
Кілт сөздер:
кеңейтілген отырыс, министрлер, үкімет, Назарбаев
Тақырып бойынша
Биылғы соңғы үкімет отырысы: Министрлер мен әкімдер Сағынтаевтан сөз естіді
Вице-министрлер, полицейлер мен жауапты хатшы: 2018 жылдың парақорлары кімдер?
"Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой" Министрлер Сағынтаевтан сөз естіді
Адам ақша ұстап тұр, архивтегі сурет

Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

2240
1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары ескі банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ұлттық банкі 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталатынын еске салды.

"Халықтың өтінішін ескеріп, банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнеткерлер белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", - деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтардан 1 ақпанға дейін ескі  банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшасына айырбастап алуды сұрады.

Банкнота номиналом 10 000 тенге
Номиналы 10 000 теңгелік банкнот
 Банкнота номиналом 5000 тенге
Номиналы 5000 теңгелік банкнот
Банкнота номиналом 2000 тенге
Номиналы 2000 теңгелік банкнот

Жеке тұлғалар банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сайтта көрсетілген.

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар.

2240
Кілт сөздер:
банкнот, Ұлттық банк
Halyk Bank ғимараты

Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады

2695
Halyk Bank біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шотты ашу бойынша екінші оператор атанды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Halyk Bank (Халық банкі) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша өкілетті оператор атанды. Алайда жинақты тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында ғана алуға болады.

Банк клиенттері біржолғы зейнетақы төлемін аударуға арналған арнайы шотты Halyk Homebank қосымшасында онлайн аша алады. Шотты ашу – зейнетақы төлемін алудың бірінші шарты, деп мәлімдеді Halyk Bank баспасөз қызметінен.

Екінші қадам – өтінім рәсімдеу, ол кейінірек іске қосылады.

Біржолғы зейнетақы төлемінің операторы ретінде Halyk Bank тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-дан төлем аудару үшін арнайы шоттарды ашу және жүргізуді жүзеге асырады:

  • бір банктік қарыз шарты аясында баспана (жөндеуімен қоса) сатып алу үшін ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарна енгізу жолымен;
  • бір банктік қарыз шарты аясында баспана (жөндеуімен қоса) сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті жартылай немесе толық өтеу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру.

"Біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім Halyk Homebank қосымшасында Қазақстанның өкілетті мемлекеттік органы/лауазымды тұлғасы біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану ережелерін бекіткеннен кейін, сондай-ақ, банк БЖЗҚ-мен келісімге қол қойып, техникалық тұрғыдан дайын болғаннан кейін ғана қолжетімді болады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Halyk Bank арқылы зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға болатыны хабарланды. Ал бұрын біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша тек бір ғана оператор – "Отбасы банк" болған еді.

2695
Кілт сөздер:
Халық банкі, зейнетақы жинағы
Сот отырысы, архивтегі сурет

Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты

0
2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.

"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.

Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.

Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.

Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.

Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.

0
Кілт сөздер:
экс-әкім, сот үкімі
Тақырып бойынша
Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды
Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді
Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендер сот залынан босатылды
Баянауыл туристерді қабылдай ма – бақылау тобының қорытындысы жарияланды
3 миллионға әжетхана салған экс-әкім ірі көлемде айыппұл төлейтін болды