Ақша

Депутат әр балаға ең төменгі жалақының 50% көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды

11321
(Жаңартылды 16:26 14.02.2019)
Мұрат Бақтиярұлы одан бөлек көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға бастапқы жарнасыз баспана беру тетіктерін қарастыру қажет екенін айтты

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы әрбір балаға кәмелетке толғанға дейін ең төменгі жалақының 50 проценті мөлшерінде жәрдемақы төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор ұсынған ресми ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда елімізд 340 мыңнан аса көп балалы отбасы бар. Оның 237 мыңы – "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иелері. Сонымен бірге, 85 мың мүгедек бала, 400 мыңға жуық балалары бар, бірақ асыраушысы жоқ не одан айрылған жалғызбасты ана бар.

"Сондықтан үкімет "Алтын алқа", "Күміс алқасы" бар аналардың, асыраушысы жоқ аналардың, мүгедек әйелдер мен мүгедек баласы бар аналардың әлеуметтік-тұрмыстық әл-ауқатын көтеру үшін әрбір балаға кәмелетке толғанға дейін ең төменгі жалақының 50 проценті көлемінде жәрдемақы төлеу мүмкіндіктерін қарастыру керек", - деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңге болып бекітілді. Яғни оның 50 проценті 21 250 теңге болады. 

Сонымен қатар, депутат көпбалалы отбасын қолдау мақсатында "Үлкен отбасы" арнайы мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде зейнеткердің, мүгедектің, студенттің және бір жасқа дейінгі бала күтіміне, мүгедек баланы қарағаны үшін төленетін жәрдемақы мен шәкіртақы табыс көзі ретінде есепке алынбауы керектігін айтты.

Бұған қоса, көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылар үй кезегіне бөлек тіркеуді, бастапқы жарнасыз баспана беру тетіктерін қарастыруды ұсынды.

 

11321
Кілт сөздер:
баспана, көп балалы отбасы, жәрдемақы
Тақырып бойынша
Қазақстанда бала күтіміне берілетін жәрдемақы мерзімін ұлғайту ұсынылды
Бірінші қаңтардан жәрдемақы мен зейнетақы өседі: кімге және қанша төленеді?
Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге, қалай және қанша төленеді?
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
Құжатқа қол қою

Кәсіпкерлер барлық мемлекеттік қызметті жеке кабинет арқылы алатын болады

69
(Жаңартылды 16:24 30.10.2020)
"Атамекен" палатасы мен үкімет өзара келісімге қол қойылды. Соның негізінде мемлекеттік ақпарат базаларымен интеграция жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов үкіметпен арадағы келісімге қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Күні кеше біз үкіметпен арадағы келісімге қол қойдық. Соның негізінде  мемлекеттік ақпарат базаларымен интеграция жасалады. Сонда кәсіпкерлер өзіміздің atameken.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы барлық мемлекеттік қызметті ала алады. Мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат та ұсынылады", - деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Палата басшысының айтуынша, бухгалтерлік және заңгерлік қызметтер де болады. Ал, ең бастысы, "Бизнес петициялар" деген бөлім ашылды. 

"Мысалы, маңызды мәселе жарияланады. Кәсіпкерлер оны белгілеп, өз даусын береді. Сонда өзекті деген мәселелер бірден көрініп тұрады. Ал үкімет тиісті шараларды шұғыл қолға алатын болады. Кешегі келісімшартта осы мәселе де жазылған. Барлығы цифрлық форматта жасалады. Әрине, олай жұмыс істеген ыңғайлы әрі тиімді", - деп атап көрсетті Мырзахметов. 

Бүгінде микро және шағын бизнесте кәсіби бухгалтерлер аз, заңгерлік көмек те жетіспейді. Ал келісім аясында әрбір шағын кәсіпкердің жеке кабинетіне қажетті ақпарат жіберіледі. Сондай-ақ, бизнес қай нарықтарға өз тауарын шығара алатынын біле алады. Үкімет болса, бизнес жағдайға қатысты толыққанды талдауды көреді және осы саладағы саясатты дер кезінде өзгертіп тұрады.

 

69
Кілт сөздер:
құжат, бизнес, Қазақстан
Тақырып бойынша
Назарбаевтың өзі сияқты: отандық кәсіпкер Елбасы костюмдерін кімнің киіп көретінін айтты
Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін
Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді
Мамин пандемия кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Дәмхана, архивтегі сурет

Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін

120
Карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлерді мазалап жүрген негізгі мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Отандық кәсіпкерлерді мазалап жүрген мәселеге келетін болсақ, пандемия көп нәрсені шектеп отыр. Көптеген салада бизнестің жабылып қалу қаупі бар. Бұл оңай кезең емес. Қазіргі болжамдар бойынша тағы жарты жыл, бәлкім, келесі жылдың аяғына дейін жалғасатын шығар", - деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, бизнеске карантиндік шектеулерден аман шығу маңызды. "Атамекен" палатасы өз кезегінде отандық кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетіп, үкіметке өзекті проблемаларды жеткізіп тұрады. Қазірдің өзінде бизнес салық, кредит, жалға алу ақысы және әлеуметтік төлемдер жағынан жеңілдік жасап беруді жиі сұрайды. 

"Кәсіпкерлердің көбісі арзан кредиттер мен қайта қаржыландыруды сұрайды. Бүгінде бизнес үшін барлық бағдарламалар бойынша 6 проценттік мөлшерлеме белгіленген. Алайда кәсіпкерлер 2 процентке дейін төмендетуді сұрайды, я болмаса, Ресейде сияқты 0 процентке түсіру керек дейді. Бәлкім, локдаун қайталанса, осы шараларды қарастыруға болады. Президент тапсырма берді, біз үкіметпен бірге сан алуан сценарийді пысықтап жатырмыз", - деп атап көрсетті Мырзахметов.

Оның сөзіне қарағанда, "Атамекен" палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, зардап шеккен салалардың тізімін кеңейту жағын қарастыруда. Қазіргі мәліметке сәйкес, карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам қатты шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан әртүрлі мөлшерде зардап шекті.

120
Кілт сөздер:
"Атамекен" ҰКП, карантин, коронавирус, Абылай Мырзахметов
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Бір минут үнсіздік: Тоқаев пандемия құрбандарын еске алды – видео
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды
Қар, архивтегі сурет

Қазақстанда 1 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

10
(Жаңартылды 14:55 31.10.2020)
Sputnik Қазақстан 1 -14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 - "Астана Операда" "l`esprit du vents" камералық музыка кеші.  Дамиля Махпірова, Әсет Нелдібаев, Гүлжанат Жанатаева өнер көрсетеді (Қонаев көшесі, 1).

Алматы

11.00 – "Алмакон" халықаралық комикстер фестивалі. Бәрібаев көшесі, 36. Байланыс телефоны: +7 (771) 462-85-52).

2 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Ауылым – алтын бесігім" онлайн-концерті (@astana_philharmonic Instagram парақшасында).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

10
Кілт сөздер:
қараша, Қазақстан