Руслан Дәленов

Жаңа министр: таяуда жәрдемақының жаңа мөлшері жария етіледі

18815
(Жаңартылды 11:20 26.02.2019)
Руслан Дәленовтың пікірінше, жәрдемақының қазіргі мөлшері жеткіліксіз  

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету ведомствоның басты мақсаты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің мақсат – экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету. Сапа болса, бәрі жақсы болады. Халықтың қалтасы үнемі қалың болуы керек. Бұл үшін біз жұмыс істейміз", - деп сендірді Дәленов үкімет кулуарында.

Жаңа министр көлеңкелі экономиканы төмендету үшін салық кодексіне өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, журналистер одан көп балалы аналарға арналған жәрдемақы туралы да сұрады.

"Қазір есептеулер жүргізіліп жатыр. Арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді. Жуырда жәрдемақының мөлшері жария етіледі. Жәрдемақының қазіргі мөлшері, әрине, жеткіліксіз деп ойлаймын", - деді ол.

Сондай-ақ, Дәленов бұрынғы басшысы, экс-министр Тимур Сүлейменовтің қандай қызметке тағайындалғаны әзірге белгісіз екенін және оның жақсы министр болғанын айтты.

18815
Кілт сөздер:
экономика, Руслан Дәленов, жәрдемақы
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (60)
Тақырып бойынша
Көпбалалы отбасылар: мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар
Қазақстанда бала күтіміне берілетін жәрдемақы мерзімін ұлғайту ұсынылды
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге, қалай және қанша төленеді?
Құжатқа қол қою

Кәсіпкерлер барлық мемлекеттік қызметті жеке кабинет арқылы алатын болады

22
(Жаңартылды 16:24 30.10.2020)
"Атамекен" палатасы мен үкімет өзара келісімге қол қойылды. Соның негізінде мемлекеттік ақпарат базаларымен интеграция жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов үкіметпен арадағы келісімге қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Күні кеше біз үкіметпен арадағы келісімге қол қойдық. Соның негізінде  мемлекеттік ақпарат базаларымен интеграция жасалады. Сонда кәсіпкерлер өзіміздің atameken.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы барлық мемлекеттік қызметті ала алады. Мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат та ұсынылады", - деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Палата басшысының айтуынша, бухгалтерлік және заңгерлік қызметтер де болады. Ал, ең бастысы, "Бизнес петициялар" деген бөлім ашылды. 

"Мысалы, маңызды мәселе жарияланады. Кәсіпкерлер оны белгілеп, өз даусын береді. Сонда өзекті деген мәселелер бірден көрініп тұрады. Ал үкімет тиісті шараларды шұғыл қолға алатын болады. Кешегі келісімшартта осы мәселе де жазылған. Барлығы цифрлық форматта жасалады. Әрине, олай жұмыс істеген ыңғайлы әрі тиімді", - деп атап көрсетті Мырзахметов. 

Бүгінде микро және шағын бизнесте кәсіби бухгалтерлер аз, заңгерлік көмек те жетіспейді. Ал келісім аясында әрбір шағын кәсіпкердің жеке кабинетіне қажетті ақпарат жіберіледі. Сондай-ақ, бизнес қай нарықтарға өз тауарын шығара алатынын біле алады. Үкімет болса, бизнес жағдайға қатысты толыққанды талдауды көреді және осы саладағы саясатты дер кезінде өзгертіп тұрады.

 

22
Кілт сөздер:
құжат, бизнес, Қазақстан
Тақырып бойынша
Назарбаевтың өзі сияқты: отандық кәсіпкер Елбасы костюмдерін кімнің киіп көретінін айтты
Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін
Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді
Мамин пандемия кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Дәмхана, архивтегі сурет

Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін

70
Карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлерді мазалап жүрген негізгі мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Отандық кәсіпкерлерді мазалап жүрген мәселеге келетін болсақ, пандемия көп нәрсені шектеп отыр. Көптеген салада бизнестің жабылып қалу қаупі бар. Бұл оңай кезең емес. Қазіргі болжамдар бойынша тағы жарты жыл, бәлкім, келесі жылдың аяғына дейін жалғасатын шығар", - деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, бизнеске карантиндік шектеулерден аман шығу маңызды. "Атамекен" палатасы өз кезегінде отандық кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетіп, үкіметке өзекті проблемаларды жеткізіп тұрады. Қазірдің өзінде бизнес салық, кредит, жалға алу ақысы және әлеуметтік төлемдер жағынан жеңілдік жасап беруді жиі сұрайды. 

"Кәсіпкерлердің көбісі арзан кредиттер мен қайта қаржыландыруды сұрайды. Бүгінде бизнес үшін барлық бағдарламалар бойынша 6 проценттік мөлшерлеме белгіленген. Алайда кәсіпкерлер 2 процентке дейін төмендетуді сұрайды, я болмаса, Ресейде сияқты 0 процентке түсіру керек дейді. Бәлкім, локдаун қайталанса, осы шараларды қарастыруға болады. Президент тапсырма берді, біз үкіметпен бірге сан алуан сценарийді пысықтап жатырмыз", - деп атап көрсетті Мырзахметов.

Оның сөзіне қарағанда, "Атамекен" палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, зардап шеккен салалардың тізімін кеңейту жағын қарастыруда. Қазіргі мәліметке сәйкес, карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам қатты шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан әртүрлі мөлшерде зардап шекті.

70
Кілт сөздер:
"Атамекен" ҰКП, карантин, коронавирус, Абылай Мырзахметов
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Бір минут үнсіздік: Тоқаев пандемия құрбандарын еске алды – видео
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды
Шекара пункті

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны демаркациялау жұмысы қалай жүріп жатыр

0
Қазақстан мен Ресей 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарды. Комиссияның келесі отырысы қарашада Ресейде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Алматыда 26-30 қазан аралығында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 103-ші отырысы өтті.

"Тараптар 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарып, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді жалғастырды", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен.

Делегациялар комиссияның жұмыс жоспарын, сондай-ақ, 2021 жылдағы далалық және камералдық демаркациялық жұмыстарды талқылады.

Келіссөздер достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың қараша айында Ресейде өтеді.

2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Ресей шекарасын (ұзындығы – 7,5 мың шақырымнан астам) делимитациялау процесі аяқталғаны хабарланған еді. Ресей президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі шекараны шегендеу, яғни демаркациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, бүкіл мемлекеттік шекараның 86,7%-ы белгіленгенін нақтылады.

0
Кілт сөздер:
шекара, Ресей
Тақырып бойынша
Мемлекеттік шекараны кімдер кесіп өте алады
Қазақстан мемлекеттік шекараны дронмен күзетуі мүмкін
Қазақстан Ресей және Өзбекстанмен шекараны демаркациялап жатыр