Ақша

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін

3586
Вице-министрдің айтуынша, қазір Қазақстан әлем елдерінің тәжірибесін зерделеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Болашақта қанша зейнетақы аласыз - онлайн калькулятор

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде көптеген әлем елдері жалға берілетін баспана құрылысына жеке инвестицияларды, банк ақшасын, зейнетақы қорындағы қаражатты құяды. Яғни, олар инвестор рөлін атқарады, баспана тұрғызып, оны жалға береді. Ал одан түскен ақша елдің кіріс бөлігіне түседі.

"Қазір Қазақстан барлық әлемдік тәжірибені зерделеп жатыр, түрлі позицияны қарастырамыз. Егер зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану тиімді болса, онда жұмсайтын боламыз", - деді Өскенбаев сенат кулуарында.

Оның айтуынша, биыл 6 мың көпбалалы отбасы сатып алу құқынсыз жалға берілетін баспанамен қамтылады. Бұған қоса, тағы 6 мың отбасы, яғни көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2 проценттік жеңілдетілген ипотекамен үй ала алады. Сонда барлығы 12 мың отбасының осы жылы баспаналы болуға мүмкіндігі бар.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер шешіп ала алады?

3586
Кілт сөздер:
баспана, ақша, зейнетақы қоры
Қол, жер

"Жер учаскелерін беру тәртібі жеңілдейді": заң жобасы әзірленді

21
Заң жобасы біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Парламентке енгізілген заң жобасы аясында жер учаскесін беру тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Тағы бір маңызды мәселе – жер қатынастарын цифрландыру. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын жасау бойынша ауқымды жұмыс жасалып жатыр. Ол жер учаскелері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтитын болады", - деді Мамин.

Үкімет парламентке жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекетте көрсетілетін қызметтерді цифрландыруға арналған заң жобасын енгізді. Құжат біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп отыр премьер.

Үкімет басшысы отандық агроөнеркәсіп кешенін толығымен цифрландыру басты міндет екенін ерекше атап өтті. Соның арқасында өнім өндіру шығындары азайып, сапаны жақсартуға мүмкіндік бар.

"Жалпы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 миллионнан астам гектар жер 5 жылдың ішінде цифрландырудан өткізіледі. Оған мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 50 миллард теңге көлемінде инвестиция қажет болады. Қазірдің өзінде осы саланы цифрландырудың нәтижесінде тиімді тәжірибе жинақталды. Алдағы уақытта цифрландыру есебінен астық жинау жылына 25 миллион тоннаға дейін ұлғаяды", - деп атап өтті Мамин.

Бұдан бөлек, цифрландыру шараларының нәтижесінде өсімідік және мал шаруашылығы саласындағы өнім өндіру 20 процентке дейін артады. Ал фермерлердің шығыны 15 процентке азаяды.

 

21
Кілт сөздер:
жаңа тәртіп, заң жобасы, жер
Тақырып бойынша
"Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Ағылшын саяхатшысын таңғалдырған жер: депутат Қапал ауылының жағдайына алаңдады
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Министрлік жерді тиімсіз игеретін шаруалардың "қара тізімін" жариялайды
Нұрсұлтан Назарбаев

"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

7605
(Жаңартылды 21:44 01.12.2020)
Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады, қаланың құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатыр, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының құрылысына бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл мәселе ылғи көтеріледі. "Ақшаны қайда жіберіп жатыр?" деп сұрайды. Астананы салғанда да солай болған. Бірақ қазір елордаға салынған бір теңге үш теңге болып қайтып жатыр. Сол сияқты бірінші кезеңде Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады", - деді Назарбаев "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде.

Оқи отырыңыз: Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты 

Елбасының айтуынша, Түркістанның құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатыр. Бизнес өкілдері қонақ үйлер, сауда мен туризм орталықтары сияқты ғимараттарды салады.

"Қазіргі кезде 160 нысанның тең жартысы салынып бітті. Соның ішінде әкімшілік ғимараты, қазақ драма театры, конгресс-холл, қонақтарды қабылдайтын үлкен нысан, 10 мың орындық стадион, жастар сарайы және тағы басқа ғимараттар бар", - деді Назарбаев. 

Осы орайда Қазақстанның тұңғыш президенті урбанизация жалғаса беретінін, одан қорқудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өтті.  

"Біздің қазақ бәрі қалаға кетсе, далада жағдай қалай болады деп қорқады. Далада бәрі дұрыс болады. Америкада ауылда тұратын халықтың үлесі – 5 процент. Сол бес процент тамақпен қамтамасыз етіп, шетке де шығарып жатыр. Бізде халықтың 40 проценті ауылда тұрады. Оның жартысы ауылда тұрса да, қалада жұмыс істейді. Технология дамыған сайын ол жерге жұмыскердің көп керегі болмайды. Ал ауылды жақсылап көтерсек, қаладан барамын деген адамдар табылады", - деп түйіндеді Назарабаев.  

7605
Кілт сөздер:
Түркістан, Назарбаев
Көлік жүргізуші құжаты

Жүргізуші куәлігіне байланысты жаңашылдық қалай жүзеге асырылады 

98
Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Парламент мәжілісі жол жүру ережесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізуге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа нормаға сәйкес, көлік жүргізушілері өзімен бірге тек жеке куәлігін ғана ұстап жүре алады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, көлікке қатысты барлық құжаттар электронды форматта тексеріледі. 

"Қазір өзіңіз жақсы білесіздер, полиция органдарының техникалық жағдайы жақсы, жолдағы барлық әкімшілік құқықбұзушылықты планшет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік бар. Хаттамалардың бәрі солай жасалады. Ал жол ережесін бұзған адамға қатысты барлық дерек ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасынан алынады. Полиция оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді де, барлық мәліметті көре алады. Көлікке қатысты деректер де солай. Мемлеттік тіркеу нөмірін енгізсе жеткілікті", - деді Қожаев мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның сөзіне қарағанда, кейбір жерлерде интернет дұрыс ұстамайды. Ондайда қажетті мәліметті деректер базасынан автоматты түрде алу қиын. Дегенмен, полицейлер радиобайланысты пайдалана алады. 

"Біз рация арқылы шұғыл басқару орталығына немесе кезекшілік бөліміне көлік иесі туралы мәліметті береміз де, бір-екі минуттың ішінде сол жерден қажетті деректі аламыз. Осылайша, тексеріс жүргізіледі. Сондықтан проблема жоқ. Біз жаңа бастаманы іске асыруға дайынбыз ", - деп атап көрсетті Қожаев.

Айта кетейік, шетелдіктер мен шетел көліктері үшін тәртіп өзгермейді. Өзге елдің азаматтары бұрынғыдай көлік жүргізу куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруге міндетті.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді.

98
Кілт сөздер:
жүргізуші куәлігі, көлік
Тақырып бойынша
"Полицейлердің өзі білмейді": Мыңбай жүргізуші куәлігін алу емтиханын сынға алды
Көлік тізгінінде 61 жыл – жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді
Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады
Ақмола облысында көлік ұрламақ болған жігіт ажал құшты
Көлік салығын төлеу мерзімі ауысуы мүмкін