Теңге

Сайлаудан кейін девальвация бола ма Ұлттық банк жауап берді

5274
(Жаңартылды 17:41 14.05.2019)
Ұлттық банк төрағасының орынбасары айтқандай, 9 маусымнан кейін айтарлықтай өзгерістер болмауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкінің басшылығы девальвацияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың сөзіне қарағанда, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жарияланған төлем балансының статиcтикасы бойынша тауарлар мен қызметтердің айырбасы +800 миллион АҚШ долларын құрайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қаржылық реттеу агенттігі қайта құрылады

"Мәселен, өткен жылы бірінші тоқсанда - 900 миллион доллар болған. Негізі, төлем балансының тарихына қарасақ, бізде ағымдағы операциялардың "дефициттік есепшоты" жиі болады. Бұл дегеніміз елге келетін валютаға қарағанда ақша жұмсауымыз басым. Ал өткен жылдың төртінші тоқсанында +1,5 миллиард АҚШ доллары болды. Оған бірінші тоқсанның +800 миллионын қосыңыз, сонда таза 2,4 миллиард доллар елге келіп отыр. Ол кететін ақшадан көп", - деді Смоляков журналистерге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, қазіргі мұнай бағасы, рубльдің бағамы, депозиттердің динамикасы және тағы басқа факторлар бір қалыпты және теңгенің бағамына айтарлықтай әсер етіп тұрған жоқ.

"Бүгінде түрлі қауесеттер девальвация туралы әңгімені көбейтіп отыр. Ұлттық банк валютаның бағамын реттемейді. Біздің негізгі міндетіміз – инфляция. Оны проценттік мөлшерлеме арқылы реттеп отырамыз. Ал айырбас курсын реттеуге қатысты ешқандай міндетіміз жоқ", - деп атап көрсетті Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ал журналистердің "Сайлаудан кейін девальвация бола ма?" деген сұрағына ол "жоқ" деп қысқа қайырды. Бірақ 9 маусымнан кейін айтарлықтай өзгерістердің болмайтынына кепілдік берген жоқ.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ЖІӨ-нің өсу қарқыны артты

"Курс күнде өзгеріп жатады. Бірақ айтарлықтай өзгерістер болмауы керек. Мәселе мынада, қазіргі кезде біз мүлдем басқа жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ әлі күнге дейін артқа жалтақтап жатамыз. Ол кезде ақша-кредиттік режиміміз басқаша болды. Курстың нақты бағамы белгіленіп отырды. Біз саналы түрде курстың ауытқуын барынша төмендеп, өзіміз реттеп отырдық. Содан неше түрлі қауіп-қатерлердің салдарынан девальвация болатын. Қазір мүлдем басқаша режим", - дейді Олег Смоляков.

5274
Кілт сөздер:
Ұлттық банк, теңге бағамы, президент сайлауы
Картоп

Картоп пен сәбіз тапшылығы: Сұлтанов қымбатшылықты ауыздықтауға уәде берді

52
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен келісімшарт жасаудың нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз тапшылығы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мен Орталық Азия елдеріне іссапармен шығамын. Негізгі мақсат – форвадтық келісімшарттарды пысықтау. Соның ішінде картоп, сәбіз, пияз пен қырыққабат сияқты өнімдерді өзара жеткізу мәселесі де бар", - деді Сұлтанов онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен форвардтық келісімшарттарды рәсімдеудің нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады. Себебі өзара тауар жеткізудің нақты тәртібі болады. Мәселен маусымаралық кезеңде піспей тұрған өнім көрші елдерден жеткізіледі, ал өз өніміміз шыққанда, керісінше көршілерге жөнелтіледі. Осылайша қымбатшылықтың алдын алуға мүмкіндік бар.

"Әрине қажетті өнімді мемлекет сатып алмайды. Кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс болуы қажет. Осыған байланысты мен өзіммен бірге Тәжікстан мен Өзбекстанға тиісті делегацияны алып барамын", - деп атап өтті Сұлтанов.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоптың қымбаттауына кінәлілерді атады 

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан жыл сайын көкөністің 765 мың тоннасын көрші елдерге жібере алады.

"Ал маусымаралық кезеңде бізге ерте пісетін 280 мың тонна көкөніс керек. Міне, осы мәселені әріптестермен талқылаймыз. Оны дер кезінде жеткізіп отыратын болсақ, баға 7-10 процентке, ары кетсе, 20 процентке өзгереді. Екі-үш есе өспейді", - дейді Сұлтанов.

52
Кілт сөздер:
қымбатшылық, картоп
Мұнай кен орны

Brent мұнайының бағасы 75 доллардан асты

1202
Мұнайдың бір баррелінің құны 75,02 долларға дейін өсті. 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап мұндай баға болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2019 жылдың 25 сәуірінен кейін алғаш рет барреліне 75 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлады РИА Новости/Прайм.

Оқи отырыңыз: Президент Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды 

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:22 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 0,20%-ке – барреліне 75,02 долларға дейін өсті.

Мұнайды тұтыну көлемінің артуына байланысты бағаның қымбаттайтыны туралы бұған дейін айтылған болатын – әлемдік экономика пандемиялық шектеулерден кейін қалпына келіп жатыр.

1202
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Ақорда

Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

0
Шайх-Хасан Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев сыртқы істер саласында ауыс-түйіс жасады

Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, кадрлық тағайындаулар