НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын баспанаға немесе кредитті жабу үшін пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тағы оқыңыз: Зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін
"Мен өзім зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдалануға қарсымын. Бұл – менің жеке пікірім. Иә, неше түрлі жағдайлар болады. Қаржылай қиындықтар болғанда несие алуға тура келеді. Кепілдік те бар. Ал кредитті ақшамен, я болмаса, кепілдікпен өтеу керек. Бірақ БЖЗҚ-дағы жинақтар зейнетке шыққаннан кейін керек қой. Мәселен, ол ақшаны пайдалануға рұқсат берілсе, несие алған адам зейнетақы жинақтарын жұмсап, кепілдіктен де айрылуы мүмкін. Меніңше, ондай жағдайда зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдаланған қисынсыз сияқты", - деді Смоляков журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, барлық қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бірдей емес. Ал оны басқа мақсаттарға пайдалануға рұқсат берілсе, біреулер зейнетақысыз қалуы әбден мүмкін.
Тағы оқыңыз: Келесі жылдан бастап кімдер зейнетке ерте шыға алады
"Негізі, осы мәселелердің бәрі пысықталуда. Жалпы, зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыстар атқарылып жатыр. Иә, оның бәрін қарастырып жатқанымызға біраз уақыт болды. Дегенмен, күзге таман алдын ала қорытынды болады деген ойдамын", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.
Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деп нақтылады ол.
Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді.
"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров.
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.
БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ұлттық банкі 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталатынын еске салды.
"Халықтың өтінішін ескеріп, банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнеткерлер белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", - деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.
Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтардан 1 ақпанға дейін ескі банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшасына айырбастап алуды сұрады.
Жеке тұлғалар банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сайтта көрсетілген.
21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.
Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, 26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.