Премьер-министр Асқар Мамин

Мамин АЭА мен индустриялық аймақтарға қатысты бірқатар тапсырма берді

66
Премьер-министр тиімді экономикалық аймақтарға қолдау көрсету керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша үш жылдық даму стратегиясын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамин қаржыландыру кезінде тиімді экономикалық аймақтарға қолдау көрсету керек екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі салынады

"Өңір әкімдіктеріне жобаларды іске қосқан кезде жоғары технологиялық өндірістер мен экспорттық әлеуеті жоғары өнім шығаруға назар аударуды тапсырамын", - деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол жауапты мемлекеттік органдарға арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша үш жылдық даму стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

"Биыл қыркүйек айында әрбір аймақтың даму жоспарын талқылаймыз. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар өңірлердің экономикалық өсімін қамтамасыз ету көздеріне айналуы керек. Бұл үшін нақты жұмыс пен сапалы жобалар қажет", - деді Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында, Павлодар мен Алматы облыстарында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқару бойынша тиімді жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, "Оңтүстік" АЭА-да бюджеттің бір теңгесіне 15,5 теңге, ал Павлодарда 12,3 теңге жеке инвестиция тартылған.

"Бұл өте жоғары көрсеткіш", - деді Мамин.

Тағы оқыңыз: "Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағы құрылады

Дегенмен, премьер Қарағанды облысының "Сарырарқа" арнайы аймағы, Жамбыл облысындағы "Тараз" химия паркі секілді бірқатар аймақта даму әлеуеті толығымен жүзеге асырылмағанын атап өтті.

"Инвестиция көлемі мен жобалардың саны төмен. Сондықтан, осы бағыт бойынша белсенді жұмыс атқару керек", - деді үкімет басшысы.

66
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, арнайы экономикалық аймақтар
Тақырып бойынша
Мамин премьер-министр кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды
Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Грузия премьерлері не туралы сөйлесті?
Тоқаев: Мұнайға ғана сеніп, өмір сүруге болмайды
"Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін" Тоқаев Мамин мен Шөкеевке тапсырма берді
"Нашар ұйымдастырылған" Мамин әкімдерге тапсырма берді
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

10
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

10
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев кәсіпкерлерге: кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауына жол бермедік

18
(Жаңартылды 18:12 28.09.2021)
Мемлекет басшысы пандемия басталғалы әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралар жүргізілгенін айтты

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде адамдардың денсаулығын сақтау және толыққанды кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру азаматтар жаппай вакцинацияланған кезде ретке келетінін айтты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлер палатасы үкіметтің сенімді серіктесіне айналғанын және еліміздің орнықты дамуына зор үлес қосып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар келешекте ел үкіметі мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе атқаруы қажет істерге тоқталды.

Президент пандемия кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіргенін, алайда қиын сәтте мемлекет бизнес саласына жан-жақты қолдау көрсеткенін жеткізді.

"Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды. Бұл ахуалды түзеуге және экономикалық белсенділік пен кәсіпкерлік бастамаларды қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Жұмыссыздықтың бірден белең алуына және кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауына жол бермедік. Биыл 8 ай қорытындысы бойынша ел экономикасы 3%-ке өсті. Мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра береді", – деді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, 2022 жылы "Қарапайым заттар экономикасы" және Бизнестің жол картасы бағдарламаларының аясында 1 триллионнан кем емес қаржы бөлінген.

"Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, экономиканың толық іске қосылуы, тұрғындар табысының қалпына келтірілуі, сондай-ақ ең бастысы, жақындарымыздың денсаулығы туралы сөз болып отыр. Қазақстанда тиімді, қауіпсіз және тегін вакциналар бар. Сіздердің түсіністік танытып, белсенді жұмыс істегеніңіз маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ел президенті жиын кезінде елімізге жаңа реттеуші саясат қажет екенін айтты. Оның айтуынша, қатаң реттеуден бизнестің іскерлік белсенділігін ынтыландыруға smart regulation деп аталатын өзін-өзі реттеуге көшу керек.

"Менің тапсырмам бойынша мәжіліс "басынан бастап" реттеу жүйесіне негізделген заң жобасын енгізді. Оның басты қағидаттары: Оne in two out қағидасы, яғни қазіргі екі талаптың орнына бір жаңасын енгізу, шектен тыс реттеуге жол бермеу үшін түпкілікті міндетті талаптар реестрін жасау, реттеуші апелляция институтын енгізу, яғни кәсіпкерлердің шағымдары бойынша тиімсіз талаптарды сотсыз қайта қарау механизмдері болуы керек, жаңа реттеуші механизмді тәжірибеден өткізу үшін эксперименталды құқықтық режим тетіктерін енгізу. Заң жыл соңына дейін қабылдануға тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Айтуынша, құжатқа қатысты барлық базаны 2023 жылы осы қағидаттың енгізілуіне дейін дайындау қажет. Үкімет оны ұлттық палатамен тығыз ынтымақтаса отырып, дайындайды.

Сондай-ақ үкімет пен "Атамекен" бірлесіп, шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуі қажет. Құжатта бизнесті тікелей, адрессіз қолдау мен субсидиялаудан мейлінше нарықтық құралдар мен әдістерге көшу мәселесі қарастырылады. Және ел үкіметі "Атамекенмен" бірлесіп, жыл аяғына дейін шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдайды.

Мемлекет басшысы қазақстандық өнімді дамыту еліміздің экономикалық саясаттағы басымдығының бірі екенін айтты. Елімізді одан әрі индустрияландырудың маңызды міндеттерінің бірі – отандық өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету.

Осыған байланысты жылдың соңына дейін президенттің тапсырмасына сәйкес қордаланған мәселені шешуге бағытталған "Өнеркәсіп саясаты туралы" заң қабылданады.

18
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, кәсіпкер, банкрот
Тақырып бойынша
Тоқаев айтқан бустерлік вакцина кімге салынады? 
Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев
Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды
"Керемет сенсация": Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады
Тоқаев 2030 жылға дейінгі елдің жаңа әскери тұжырымдамасын бекітті
 Елбасы Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС-да болды

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын Назарбаев

4
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

4