Касым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты

Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты

1221
(Жаңартылды 19:22 12.06.2019)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің жарқын болашағы үшін, халық үшін аянбай еңбек етуге серт берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта жүргізетін негізгі реформаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1 қыркүйеккке дейін жемқорлықтың деңгейін мейілінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел, қоғамдағы өзара сенімге, жалпы, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз", - деді Тоқаев бүгінгі ұлықтау рәсімінде.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жастарға қандай уәде берді?

Оның айтуынша, жақын арада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Сол жерде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттар айқындалады.

"Тағы бір бағыт – сот және құқық қорғау жүйесін реформалау. Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы қажет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Жаңа жұмыс орындарын ашу мен халықты лайықты жалақымен қамту да ерекше назарда болады. Президенттің сөзіне қарағанда, ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі – бұл стратегиялық маңызы бар дүние.

Инаугурация избранного президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева проходит 12 июня 2019 года
© Sputnik / Владислав Воднев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта қолға алатын реформаларын атап өтті

"Мемлекеттік бюджеттің қаражатын ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу керек. Бұдан бөлек, түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қыбылдайды", - дейді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев президент ретіндегі басты мақсатын айтты

Оның айтуынша, жаппай білім беру мен сапалы медициналық қызмет көрсетуге басымдық беріледі. Осыған орай, мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесіне арналған жаңа заңдар қабылданады. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту шараларына баса назар аударылады.

"Антқа адал болу, сертке берік болу – менің халық алдындағы парызым. Қазақстанның жарқын болашағы үшін, халық үшін аянбай еңбек етуге серт беремін", - деді Тоқаев.

Инаугурация избранного президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева проходит 12 июня 2019 года
© Sputnik / Владислав Воднев
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі
1221
Кілт сөздер:
реформа, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев мемлекетті басқару жүйесіне жастарды тартатынын мәлімдеді
"Ұлт бірлігі үшін": Тоқаев халықтың сан алуан пікірімен санасу керектігін айтты
"Жағымды бір жаңалық келді": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Мен "транзиттік жолаушы" емеспін - Тоқаев көзқарасын ашық білдірді
"Таяу арада жаңа шешімдер жарияланады": Тоқаев қандай уәде берді?
Теңге, ақша, тиын

БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

724
(Жаңартылды 10:12 30.11.2020)
Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады.

Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.

Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

724
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды
ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді
Акорда ғимараты

Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады

28
Тараптар сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын  талқылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.

28
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, саммит, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды – Тоқаев заңға қол қойды  
Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады
Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

51
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

51
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті