Ақша

Кредит алған халықтың қарызы 4 триллионнан асты - Ұлттық банк көмек береді

2018
Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, қазір 670 000 адам кредитін төлей алмай жүр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Парламент сенаты отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жеке тұлғалардың кридетіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бүгінде екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға тиесілі қарыздың жалпы сомасы 6 триллион теңгеге жуықтады. Ал несие алған 2 миллион адам өз қарызын қайтара алмай отыр. Соның нәтижесінде қайтарылмаған несиелердің сомасы 3 триллион теңгеге жетті.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағын кредитті жабуға пайдалануға бола ма - Ұлттық банк жауап берді

Ал бас банкир Досаевтың сөзіне қарағанда, жеке тұлғалардың жалпы қарызы - 6 триллион емес, 4 триллион 100 миллиард теңге. Бұл – ресми статистиканың мәліметі.

"Оның ішінде біздің ипотекамыз, кепілсіз несиелер мен автонесиелер бар. 2017-2018 жылдардың ішінде банктер берген осындай несиелердің сомасы 47 процентке көтерілді. Енді, оған қатысты сұрақтарымыз бар. Бірақ бүгінде несиені төлемеген адамдардың саны 2 миллион емес, 670 000 адам біздің кредиттік бюромызда тұр", - деді Досаев сенат отырысында.

Қазір Ұлттық банк үкіметпен бірлесе отырып, көмек беру шараларын әзірлеп жатыр. Бұл жұмыс екі аптаның ішінде аяқталуы қажет.

Тағы оқыңыз: Кредит тарихы нашар қазақстандықтар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

"Алдымыздағы екі жетінің ішінде сол жұмыстарды бірге бітіреміз деп ойлап отырмыз. Қандай көмек бере алатынымызды. Бір жағынан айыппұл мен өсімақыны бөлеміз, сосын қалған қарыздарды... Содан қандай көмек, қандай мүмкіншілік болады, бүгін соны санап жатырмыз", - деді Досаев.

2018
Кілт сөздер:
Ерболат Досаев, қарыз, кредит, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды
Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді
Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізеді
"7-20-25" автокредиті берілмейтін болды – Ұлттық банк
Картоп

Картоп пен сәбіз тапшылығы: Сұлтанов қымбатшылықты ауыздықтауға уәде берді

55
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен келісімшарт жасаудың нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз тапшылығы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мен Орталық Азия елдеріне іссапармен шығамын. Негізгі мақсат – форвадтық келісімшарттарды пысықтау. Соның ішінде картоп, сәбіз, пияз пен қырыққабат сияқты өнімдерді өзара жеткізу мәселесі де бар", - деді Сұлтанов онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанмен форвардтық келісімшарттарды рәсімдеудің нәтижесінде бірқатар азық-түлік өнімінің тапшылығы жойылады. Себебі өзара тауар жеткізудің нақты тәртібі болады. Мәселен маусымаралық кезеңде піспей тұрған өнім көрші елдерден жеткізіледі, ал өз өніміміз шыққанда, керісінше көршілерге жөнелтіледі. Осылайша қымбатшылықтың алдын алуға мүмкіндік бар.

"Әрине қажетті өнімді мемлекет сатып алмайды. Кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс болуы қажет. Осыған байланысты мен өзіммен бірге Тәжікстан мен Өзбекстанға тиісті делегацияны алып барамын", - деп атап өтті Сұлтанов.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоптың қымбаттауына кінәлілерді атады 

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан жыл сайын көкөністің 765 мың тоннасын көрші елдерге жібере алады.

"Ал маусымаралық кезеңде бізге ерте пісетін 280 мың тонна көкөніс керек. Міне, осы мәселені әріптестермен талқылаймыз. Оны дер кезінде жеткізіп отыратын болсақ, баға 7-10 процентке, ары кетсе, 20 процентке өзгереді. Екі-үш есе өспейді", - дейді Сұлтанов.

55
Кілт сөздер:
қымбатшылық, картоп
Мұнай кен орны

Brent мұнайының бағасы 75 доллардан асты

1235
Мұнайдың бір баррелінің құны 75,02 долларға дейін өсті. 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап мұндай баға болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2019 жылдың 25 сәуірінен кейін алғаш рет барреліне 75 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлады РИА Новости/Прайм.

Оқи отырыңыз: Президент Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды 

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:22 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 0,20%-ке – барреліне 75,02 долларға дейін өсті.

Мұнайды тұтыну көлемінің артуына байланысты бағаның қымбаттайтыны туралы бұған дейін айтылған болатын – әлемдік экономика пандемиялық шектеулерден кейін қалпына келіп жатыр.

1235
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Үркер сыйлығының сертификаты

Sputnik Қазақстанның екі тілшісі "Үркер" ұлттық сыйлығының шорт-парағына енді

0
Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, журналистерден барлығы 340 жұмыс келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. "URKER-2021" Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды. Оған сәйкес, Sputnik Қазақстанның тілшісі Ксения Воронина "Жылдың үздік репортажы", фототілші Владислав Воднев "Жылдың үздік фотосуреті" номинациясы бойынша тізімге енді.

Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, ал "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал" номинациясы биылғы байқаудың жаңа номинациясы. Журналистерден барлығы 340 жұмыс келсе, солардың ішінде ең көп өтінім "Жылдың үздік сұхбаты", "Жылдың үздік танымдық материалы" және "Жылдың үздік аналитикалық материалы" номинациялары бойынша келіп түсті. Құрамына беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мене халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері ұлттық бәйге номинанттарын жариялады, шорт-параққа 44 номинант енді:

Жылдың үздік фотосуреті

  • Владислав Воднев Sputnik Қазақстан порталы
  • Мақсат Шағырбаев newsroom.kz порталы
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алихан Сариев Tengrinews.kz порталы

Жылдың үздік репортажы

  • Дина Литпин Adyrna порталы
  • Зарина Нокрабекова "Казахстанская правда" республикалық газеті
  • Ануар Абдрахманов BaigeNews.kz порталы
  • Ксения Воронина Sputnik Қазақстан порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы

  • Айбар Олжаев Nege.kz порталы
  • Жолдыбай Базаров "Егемен Қазақстан" газеті
  • Дина Имамбаева "Ақиқат" журналы
  • Азамат Галеев "Литер" газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі

  • Ермекбай Заңғыров "Ана тілі" газеті
  • Рысбек Қыдырбек "Aiqyn" газеті
  • Дархан Нұрұмбетова BaigeNews.kz порталы
  • Юрий Масанов, Александр Воротилов "Курсив" газеті

Жылдың үздік сұхбаты

  • Жасмин Ризабекова STEPPE порталы
  • Тамара Вааль Vlast.kz порталы
  • Әлия Тілеужанқызы "Túrkistan" халықаралық газеті
  • Юлия Тен BaigeNews.kz порталы

Жылдың үздік танымдық материалы

  • Талғатжан Мұхаметбекұлы "ҚазАқпарат" халықаралық агенттігі
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алтынбек Құмырзақұлы "Қазақстан тарихы" интернет-жобасы
  • Мөлдір Мұқит STEPPE порталы

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • "Қайырлы таң, Қазақ елі" "Қазақ" радиосы
  • "Новое утро" "NS" радиосы
  • "Жамбыл жолы" "Шалқар" радиосы
  • "Хроника Победы" "Алау" радиосы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • іnbusiness.kz
  • informburo.kz
  • inform.kz
  • lsm.kz

Жылдың үздік газеті

  • "Курсив"
  • "TÚRKISTAN"
  • "Оңтүстік Қазақстан"
  • "Деловой Казахстан"

Жылдың үздік журналы

  • "Forbes Kazakhstan"
  • "Таң-Шолпан"
  • "Айгөлек"
  • "Ақиқат"

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

  • Рыиза Молдашева "Семей таңы" газеті
  • Лэйла Тастанова "Время" газеті
  • Альберт Ахметов zakon.kz
  • Айгүл Бисембинова "Вечерняя Астана" газеті

"URKER-2021" Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 24 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі қарсаңында белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі "Қазмедиа" орталығында өтеді. Көрермендер марапаттау рәсімін urker-awards.kz ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жеңімпаздарға "URKER" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығы  табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық "URKER" сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

0
Кілт сөздер:
журналистика, журналист, сыйлық