Калькулятор

Тоқаевтың жарлығы: Қазақстанда 2025 жылдан бастап қандай өзгеріс болады

5143
(Жаңартылды 10:07 06.07.2019)
Жалпыға ортақ декларациялау Қазақстанда алты жылдан кейін – 2025 жылдан бастап енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңмен көшу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   

Бейсенбі, 4 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев декларациялауды енгізуді 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына қалдыру туралы заңға қол қойды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев халықтың тұрмысын жеңілдететін тағы бір заңға қол қойды

Ведомство түсіндіргендей, бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жалпыға ортақ декларация аясында мына топтағы адамдар декларация тапсырады:

  • жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын қазақстандықтар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары;
  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Құнды қағаздар нарығы туралы" заңға сәйкес декларация тапсыру жөнінде міндеттеме жүктелген тұлғалар.

Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарынан, екі жылдан кейін басталады. Осы кезеңде мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін декларация қарастырылған.

Үшінші кезең 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады: заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайларына, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларына декларация енгізіледі.

Төртінші кезең 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады – азаматтардың қалған санаттары үшін декларация енгізіледі (барлық қазақстандық үшін).

Бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды ​​облысы аудандарының бірінде декларациялау бойынша іске қосылған пилоттық жобадан проблемалық мәселе табылғанын хабарлады. Қазақстан халқын жалпыға ортақ декларациялауға дайындау үшін қосымша уақыт қажет екені анықталды.

Осыған байланысты Қаржы министрлігі жалпыға ортақ декларациялауды кезең-кезеңмен жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады.

5143
Кілт сөздер:
өзгерістер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Бекешев: Кеден кодексінің маңызды қосымшасы – электронды декларациялау
Досаев банктің "қара тізіміне" енгендер неден құр қалатынын айтты
Тоқаев президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс жасады
Үкімет халықтың кредитін қашан өтеп беретіні белгілі болды  
Тоқаев тағы бір мораторий жариялады
Қол, жер

"Жер учаскелерін беру тәртібі жеңілдейді": заң жобасы әзірленді

24
Заң жобасы біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Парламентке енгізілген заң жобасы аясында жер учаскесін беру тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Тағы бір маңызды мәселе – жер қатынастарын цифрландыру. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын жасау бойынша ауқымды жұмыс жасалып жатыр. Ол жер учаскелері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтитын болады", - деді Мамин.

Үкімет парламентке жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекетте көрсетілетін қызметтерді цифрландыруға арналған заң жобасын енгізді. Құжат біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп отыр премьер.

Үкімет басшысы отандық агроөнеркәсіп кешенін толығымен цифрландыру басты міндет екенін ерекше атап өтті. Соның арқасында өнім өндіру шығындары азайып, сапаны жақсартуға мүмкіндік бар.

"Жалпы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 миллионнан астам гектар жер 5 жылдың ішінде цифрландырудан өткізіледі. Оған мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 50 миллард теңге көлемінде инвестиция қажет болады. Қазірдің өзінде осы саланы цифрландырудың нәтижесінде тиімді тәжірибе жинақталды. Алдағы уақытта цифрландыру есебінен астық жинау жылына 25 миллион тоннаға дейін ұлғаяды", - деп атап өтті Мамин.

Бұдан бөлек, цифрландыру шараларының нәтижесінде өсімідік және мал шаруашылығы саласындағы өнім өндіру 20 процентке дейін артады. Ал фермерлердің шығыны 15 процентке азаяды.

 

24
Кілт сөздер:
жаңа тәртіп, заң жобасы, жер
Тақырып бойынша
"Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Ағылшын саяхатшысын таңғалдырған жер: депутат Қапал ауылының жағдайына алаңдады
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Министрлік жерді тиімсіз игеретін шаруалардың "қара тізімін" жариялайды
Нұрсұлтан Назарбаев

"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

7695
(Жаңартылды 21:44 01.12.2020)
Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады, қаланың құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатыр, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының құрылысына бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл мәселе ылғи көтеріледі. "Ақшаны қайда жіберіп жатыр?" деп сұрайды. Астананы салғанда да солай болған. Бірақ қазір елордаға салынған бір теңге үш теңге болып қайтып жатыр. Сол сияқты бірінші кезеңде Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады", - деді Назарбаев "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде.

Оқи отырыңыз: Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты 

Елбасының айтуынша, Түркістанның құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатыр. Бизнес өкілдері қонақ үйлер, сауда мен туризм орталықтары сияқты ғимараттарды салады.

"Қазіргі кезде 160 нысанның тең жартысы салынып бітті. Соның ішінде әкімшілік ғимараты, қазақ драма театры, конгресс-холл, қонақтарды қабылдайтын үлкен нысан, 10 мың орындық стадион, жастар сарайы және тағы басқа ғимараттар бар", - деді Назарбаев. 

Осы орайда Қазақстанның тұңғыш президенті урбанизация жалғаса беретінін, одан қорқудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өтті.  

"Біздің қазақ бәрі қалаға кетсе, далада жағдай қалай болады деп қорқады. Далада бәрі дұрыс болады. Америкада ауылда тұратын халықтың үлесі – 5 процент. Сол бес процент тамақпен қамтамасыз етіп, шетке де шығарып жатыр. Бізде халықтың 40 проценті ауылда тұрады. Оның жартысы ауылда тұрса да, қалада жұмыс істейді. Технология дамыған сайын ол жерге жұмыскердің көп керегі болмайды. Ал ауылды жақсылап көтерсек, қаладан барамын деген адамдар табылады", - деп түйіндеді Назарабаев.  

7695
Кілт сөздер:
Түркістан, Назарбаев
Коронавирус, зерттеу

Биолог коронавирустың күтпеген салдарын атады

1
Қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Коронавируспен ауырған адамның ағзасы ерте қартаюы мүмкін. Мұндай жағдайда адамның аурудың жеңіл не ауыр түрімен ауырғанына қарамайды, деді Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова РИА Новости ақпарат агенттігіне.

Оның айтуынша, қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады.

"Науқастардың барлығы емді амбулаториялық жағдайда қабылдады. Бірақ арасында ауруханаға жатқызылғандар да болды. Ең әлсіз түрімен ауырып шыққан науқастардың 70%-інде кейбір ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Алайда бұл жүрек патологиясы емес, негізінен, майлы гепатоз (бауыр зардап шегеді) және ұйқы безі тінінің майлы дегенерациясы болды", - деді ол.

Оның айтуынша, әдетте мұндай диагноз 60 жаста қойылады. Ал коронавируспен ауырған адамдарда 40 жаста байқалады.

Баранова коронавирус адамдардың қартаюын тездетеді деп отыр. Сонымен қатар маман мұндай зерттеулер көп жасалуы керек деп санайды.

1
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
5G мен COVID-19-ға қатысты тағы бір видео жалған болып шықты 
"Инфекция жұқтыру қаупі жоғары": COVID-19 қай кезде жылдам тарайды
COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады
COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар саны 133 мыңнан асып кетті
COVID-19: жағдайы ауыр науқасты емдеуге 900 мың теңге жұмсалады