Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мерейтойлық отырысы

ЕАЭО премьер-министрлері Қырғызстанда қандай мәселе талқылап жатыр?

152
(Жаңартылды 14:45 09.08.2019)
Қырғызстан үкіметінің басшысы Шолпан-Атада отырыс өткізуге келіскені үшін әріптестеріне алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мерейтойлық отырысы шағын құрамда Шолпан-Атада өтіп жатыр. Жиынға ЕАЭО елдерінің премьерлері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Тигран Саркисян қатысып отыр.

Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиев қатысушыларды Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімшартқа қол қоюдың бес жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толып отыр. Қырғызстан үкіметінің басшысы Шолпан-Атада отырыс өткізуге келіскені үшін әріптестеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды үкімет аппараты.

Юбилейное заседание Евразийского межправительственного совета в городе Чолпон-Ата (Кыргызстан)
© Sputnik / Екатерина Штукина
Шолпан-Атадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мерейтойлық отырысы (Қырғызстан)

Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Қырғызстанға 8 тамыз күні барды. Тамшы селосындағы Ыстықкөл әуежайында оны Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Замирбек Асқаров қарсы алды.

Жұмыс сапары кезінде Маминді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтіліп отыр.

Шолпан-Атада кеңейтілген құрамдағы отырыс өтеді. Нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылады.

 Премьер-министр Армении Никол Пашинян, премьер-министр Беларуси Сергей Румас, премьер-министр Казахстана Аскар Мамин и премьер-министр Кыргызстана Мухаммедкалый Абылгазиев
© Sputnik / Екатерина Штукина
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Белоруссияның премьер-министрі Сергей Румас, Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин, Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев және Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиев

Күн тәртібіне ішкі нарық жұмысы, өнеркәсіп кооперациясы, технология трансферты, ауыл шаруашылығы, кедендік басқару, көлік, логистика және трансшекаралық өзара ақпарат алмасу мәселесі қойылған.

Премьерлер одаққа түсетін кедендік баж салығын қатысушы елдер бюджетіне үлестіру жайын талқылайды.

Қырғызстандағы ахуал

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы Қырғызстанда резонанс туғызған оқиғалармен тұспа-тұс келді. Елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Алмазбек Атамбаев Первомай аудандық сотының шешімімен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі экс-президентке қылмыстық кодекстің 319-бабы "Жемқорлық" бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады.

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Тағы оқыңыз: Желіде Атамбаевтың тергеу абақтысында түсірілген фотосы жарияланды

8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды.

Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 98 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

152
Кілт сөздер:
Қырғызстан, премьер-министр, ЕАЭО
COVID-19 ауруханасы

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау: жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

1038
(Жаңартылды 18:47 22.01.2021)
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте. 

Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

"Ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деп нақтылады ол.

Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді. 

"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров. 

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау

18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.

БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. 

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды. 

Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.

1038
Кілт сөздер:
түсініктеме, жемқорлық, коронавирус
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
"Мені ешқайда шақырмады": Нұрашев қылмыстық іс туралы ақпаратқа пікір білдірді  
BI Group басшысы миллиардтап қаржы жымқыру ісіне қатысты түсініктеме берді
Алматыда миллиардтап қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу басталды
Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты
Адам ақша ұстап тұр, архивтегі сурет

Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

3546
1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары ескі банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ұлттық банкі 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталатынын еске салды.

"Халықтың өтінішін ескеріп, банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнеткерлер белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", - деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтардан 1 ақпанға дейін ескі  банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшасына айырбастап алуды сұрады.

Банкнота номиналом 10 000 тенге
Номиналы 10 000 теңгелік банкнот
 Банкнота номиналом 5000 тенге
Номиналы 5000 теңгелік банкнот
Банкнота номиналом 2000 тенге
Номиналы 2000 теңгелік банкнот

Жеке тұлғалар банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сайтта көрсетілген.

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар.

3546
Кілт сөздер:
банкнот, Ұлттық банк
Коронавирус вакцина

Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз

0
Вакцинаны әзірлеген "Вектор" орталығының мамандары "ЭпиВакКоронаның" иммунологиялық тиімділігі 100 процент деп атады

Бұл COVID-19 қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 тікенді ақуызының кішкентай бөлшектерінен тұратын синтетикалық препарат. Қазір бұл вакцинаны сынауға үш мыңнан астам ерікті қатысып жатыр. Сондай-ақ, ол азаматтық айналымға да түсті. Оның кері әсері өте аз деп хабарланды. Сондықтан, вакцина егде жастағы адамдарға қолдануға да жарамды.

"ЭпиВакКорона" неден тұрады

Осы вакцина тасымалдағыш ақуызға бекітілген SARS-CoV-2 коронавирусының тікенді ақуызының қысқа бөлшектерінен тұрады. Бұл бөлшектердің құрамында пептидтер деп аталады. Сондықтан, вакцина да пептидтік деген атауға ие болды. Тасымалдаушы ақуызға коронавирустың РНҚ-сын қоршап тұрған нуклеокапсидті ақуыздың бөліктері бар. Иммундық әсерді күшейтетін зат - адъювант ретінде алюминий гидроксиді жұмыс жасайды. Сонымен қатар қосалқы қосылыстар мен су бар. Барлық құрауыш элементтер синтетикалық болып табылады.

Вакцина құрамында қандай пептидтер бар

РИА Новости агенттігіне "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталықта хабарлағандай, вакциналық пептидтердің құрамында ең алдымен В-жасушалы эпитоптар бар. Т-хелперлі эпитоптардың көзі ретінде тағысалдаушы ақуыз қызмет етеді.

SARS-CoV-2 - нуклеокапсид  қабыршағына оралған РНҚ молекуласы болып табылады. Мұның бәрі сыртынан тәж тәрізді тікенді ақуыздармен безендірілген липидті қапшықта тұрады. Сондықтан, оны коронавирус деп айтады.

Тікенді ақуыздар вирустық бөлшектің адам жасушасына жабысып, ішке енуіне көмектеседі. Көптеген зерттеулер бұл тікендердің организмде ең үлкен иммундық реакцияны тудыратынын анықтады. Биологтардың терминологиясында тікенді ақуыз -  антиген болып табылады. 

Бұл ақуыздың молекуласы өте үлкен және оның ішінде ерекше аймақтар – эпитоптар бар. Иммундық жүйенің жасушалары оларды анықтап, инфекциямен күресті іске қосады.

Вакцина қалай жұмыс істейді

Екпе нәтижесінде ақуыз тасымалдаушы барлық үш пептидті адамның Влимфоцитіне жеткізеді. Олар пептидті белсендіреді де, қорғаныш антиденелер - иммуноглобулиндер өндіріле бастайды. Әрбір В-эпитопы бірегей иммуноглобулиннің синтезіне жауап береді. Алдымен M (IgM) тобына жататын антиденелер түзіледі. IgG - содан кейін қалыптасады да, олар иммунитетті көрсетіп, ұзақ уақытқа қанда қалады. 

"Вектор" орталығындағылар екпеден туындайтын антиденелер коронавирустың тікенді ақуыз үшін айрықша екенін растайды. Иммунизацияланған еріктілердің қан сарысулары вирусты бейтараптандыратын белсенділік танытады. Демек, антиденелер коронавирусты танып қана қоймай, оны жоюға қабілетті.

"ЭпиВакКорона" құрамында коронавирус бар ма

Онда ешқандай вирус және оның бөліктері жоқ. Бұл вакцина құрамында аденовирустар бар "Спутника V" вакцинасынан өзгеше. "ЭпиВакКорона" құрамында РНҚ, ДНҚ, тірі құрауыштар, консерванттар немесе антибиотиктер жоқ. Оның құрамында пептидтер бар. Олар коронавирустың ақуыздарымен бірдей пептидтер – ақуыздар бөлшектері бар. 

Пептидтік вакцина қалай жасалады

Ол пептидтердің химиялық синтездері, яғни, жекелеген аминқышқылды қалдықтардан бірізді тізбек құру процесімен әзірленеді. 

"Егер пептид қысқа - сегізден онға дейінгі қалдықтар болса, онда синтездеу ерітіндіде өтуі мүмкін болады. Ол ұзағырақ, бірақ арзан. Ұзынырақ пептидтер қатты фазалы әдіспен синтезделеді. Сегіз аминқышқылының қалдықтарынан тұратын пептид қатты фазалық әдіспен көлеміне, аминқышқылдарының реттілігі мен жабдық сипаттамаларына байланысты екі сағат ішінде, ұзақ дегенде бір тәулік ішінде синтезделеді. Әрі қарай тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясымен тазарту жүргізіледі. Бұл әлдеқайда тез, бірақ арзан емес", - дейді В.Н.Орехович атындағы биомедициналық химия ғылыми-зерттеу институтының пептидтік инженерия зертханасының меңгерушісі Екатерина Колесанова.

Екпе қалай жасалады

Вакцина суспензия түрінде шығарылады және шприцпен иық бұлшықетіне енгізіледі. Пептидті препараттар иммунитеттің қуатты әрі жылдам жауап қатуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, "ЭпиВакКорона" 21 күн аралығымен екі рет бірдей мөлшерде енгізіледі.

Қандай кері әсері бар

І және ІІ кезеңдегі сынақтарға қатысушылар екпе салған орынның аздап ауыратынын, бірақ, тез басылатынын айтқан. Басқа жағымсыз әсер тіркелген жоқ. 

Тіркеуден кейінгі сынаққа қатысушылар құрған ресми емес #ЭпиВакКорона Telegram арнасында қолайсыздық, екпе салған орынның тәулік бойы қызарып тұруы, иықты қатты ауырсыну секілді аздаған кері әсер жайлы айтқан. Дене қызуының көтерілуі, қалтырау секілді белгілер ешкімнен байқалмаған немесе оның екпемен байланысы расталған жоқ. 

"ЭпиВакКорона" қаншалықты тиімді

"Иммунологиялық және профилактикалық тиімділік бар. Біріншісі - айрықша антиденелер шығару. Клиникалық зерттеулердің I-II кезеңдерінің нәтижелері бойынша барлық еріктілерде айрықша антиденелер түзілді. Профилактикалық тиімділік - бұл екпе салдырғандардың аурудан қорғануы. Бұл бағыттағы зерттеулер тіркеуден кейінгі клиникалық сынақтар барысында жалғасып жатыр. Мәліметтер ақпан айында дайын болады", - деп түсіндірді Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінің баспасөз қызметінде. 

"Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығында І-ІІ кезеңдердің клиникалық сынақтары әлі аяқталмағанын айтты. 

Қазір плацебо тобымен рандомдалған зерттеу өтіп жатыр. Адамдарды кездейсоқ іріктеумен топтарға бөліп, олардың біріне вакцина, біріне физикалық ерітінді салынып жатыр. Сынақтар соңғы еріктіге екпе салғаннан кейін 180 күннен соң аяқтайды. 

Бір уақытта жасы 60-тан асқан азаматтарға да сынақ жүргізіліп жатыр. Осы топ бойынша алдын ала мәлімет те ақпан айында дайын болады. 

Вакцинаның әсерін өз бетінше қалай тексеруге болады

IgG тобындағы антиденелердің коронавирустың S-ақуызына әсері бойынша қан талдауын вакцина егілген күннен бастап 35-42 күн өткен соң ғана жасау керек. Алайда, барлық тест-жүйелер "ЭпиВакКорона" түзген антиденелерді көре бермейді.

Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінде мәлімдегендей, ол үшін "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы әзірлеген "SARS-CoV-2-IgG-Вектор" тест-жүйесі сәйкес келеді. 

Коронавирусқа қарсы пептидтік вакцинаны тағы кім әзірлеп жатыр

Бүкіл әлемде пептидтік вакциналар эксперименттік сатыда тұр. Олардың әзірлеу және тексеру үлкен шығынды қажет етеді. Сондықтан, олар мРНҚ, векторлық және инактивацияланған / өлтірілген вакциналардан артта келе жатыр. Ресейде бұл мәселені өз бетімен шешу үшін қажетті ресурс пен білікті мамандар жеткілікті. 
19 қаңтардағы ДДҰ тізімінде "ЭпиВакКоронадан " басқа тағы екі пептидтік вакцина бар. Олар да адам ағзасында тексеріліп жатыр.

 

0