Ұлттық валюта

Тоқаев 5% қосымша зейнетақы жарнасын аударуды кейінге шегерді

1377
Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне аударуы тиіс 5 проценттік қосымша зейнетақы жарнасы 2023 жылы енгізілетін болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 проценттік қосымша зейнетақы жарнасын енгізуді кейінге қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде әлеуметтік жарналардың көлемі артып келеді. Бір жағынан ондай алым-салықтар зейнетақы және әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Алайда бірқатар қауіп-қатер бар. Жұмыс берушілер жаңа жұмыс орындарын ашуға және жалақыны көтеруге деген қызығушылығын жоғалтуы мүмкін", - деді Тоқаев алғашқы жолдауын жариялау барысында.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік жарналар арта берсе, бизнес көлеңкелі сипатта істеп кетуі әбден мүмкін. Осыған байланысты үкіметке тиісті тапсырма берді.

"Мен үкіметке 5 процент көлеміндегі қосымша зейнетақы жарналарын аударуды 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын. Сол кезде тағы қарастыратын боламыз. Оған дейін үкімет, бизнес пен сарапшылар бір келісімге келуі тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.

1377
Кілт сөздер:
зейнетақы, Жолдау - 2019, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент жолдауы - 2019 (26)
Тақырып бойынша
Тоқаев келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы қаншаға өсетінін айтты
"Мемлекеттілікті жоғалтып алуымыз мүмкін": Тоқаев басты қауіпті атады
Тоқаев педофилияға қарсы қылмыстық жазаны қатаңдатуды тапсырды
Тоқаев: халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын
Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады

9
(Жаңартылды 20:21 19.01.2021)
Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда "Самұрық-Қазына" займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов акционерлік қоғамның 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндады.

"Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан, холдинг өткен жылы өз қызметін табысты атқарды. Қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің жаппай қысқаруына жол берілмеді. Қор компаниялары активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жетті", - деді ол.

Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда "Самұрық-Қазына" займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударғанын айтты. Холдингке қарасты компаниялардың бизнес-үдерістерін цифрлық трансформациялау нәтижесінде 171 миллиард теңге пайда түскен.

Сонымен қатар мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар туралы ақпарат берілді. 2018-2020 жылдардың қорытындысына сәйкес сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 410 миллиард теңге болды.

Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде "Самұрық-Қазына" холдингінің кредиттік рейтингі BB+/B "тұрақты" деңгейде екенін халықаралық Standart & Poor`s рейтинг агенттігі нақтылады.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мұнай бағасының едәуір арзандағанына және OPEC+ компаниясының шектеулеріне қарамастан, қаржылық рейтингте оң көрсеткішін сақтап қалды. "Қазақстан Темір Жолы" акционерлік қоғамы соңғы 6 жылда бірінші рет өткен жылды қаржылық тұрғыдан пайдамен аяқтаған. "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы активтерінің құны IPO-ға (2018 жылы) шыққалы 2,1 миллиардтан 5,1 миллиард АҚШ долларына дейін көтерілген. "Самұрық–Энерго" акционерлік қоғамының қарызы 100 миллиард теңгеге азайды.

Кездесу соңында президент Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді.

9
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Тоқаев сегіз лауазымды тұлғаны қызметінен босатты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшылығын мақтады
Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады
Ақша, теңге, банкноттар

Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

619
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен былтыр бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысы көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Биыл бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысы ұлғаяды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің тапсырмасымен үкімет 2020 жылы бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсірді. Атап айтқанда 609 мың педагогтың жалақысы 25 пайызға, 215 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін, мәдениет, архив және өнер саласындағы 34 мың қызметкер мен әлеуметтік қорғау саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы 50 пайызға дейін көбейген.

Тоқаев биыл да бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды міндет деп есептейді.

Соның ішінде 785 мың педагогтың жалақысын 25%-ке, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30%-ке, әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің айлығын 45%-ке көтеру жоспарланып отыр.

619
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

22
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

22
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады