Монеталар, архивтегі фото

Үкімет болашақ ұрпақтың "қалтасынан" қанша ақша алатынын айтты

647
Президент Тоқаев Ұлттық қордың ақшасын болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін одан қаржы алуды азайтуды тапсырған болатын  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, 2020-2021 жылдары Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынатын трансферт 2 триллион 700 миллиард теңге көлемінде болады. Ал 2022 жылы аталған сома 100 миллиард теңгеге төмендеп, 2,6 триллион теңгені құрайды деген жоспар бар.  

Тағы оқыңыз: "Негізсіз шығындарды қысқарту керек". Тоқаев бюджетке қатысты тапсырма берді 

Осы орайда депутат Амангелді Дәуренбаев маңызды бір мәселені еске түсірді. Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылы республикалық бюджет қаралғанда үкімет мүшелері 2020 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2 триллион теңгеге дейін төмендетуді көздеген болатын. Ал келесі жылы ол жоспарды тағы бір жылға шегерген.

"Енді, бүгінгі заң жобасында өзіңіз айтқандай, 2022 жылдан бастап 2,6 триллион теңгеге, яғни 100 миллиардқа ғана төмендеп отыр. Демек, үкімет кепілдендірілген трансферт көлемін төмендете алмады. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында 2022 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт көлемін 2 триллион теңгеге дейін біртіндеп төмендетуді тапсырды. Сіздер президенттің тапсырмасын қалай орындамақсыздар және қай жылдан бастап кепілдендірілген трансферт көлемін 2 триллион теңгеге түсіресіздер?", - деді Дәуренбаев.

Министр Дәленов аталған жоспардың тек 2025 жылда ғана орындалатынын жеткізді. 2022 жылдан бастап трансферт көлемі 100 миллиард теңгеге төмендесе, одан кейінгі жылдары 200 миллиард теңгеге азаяды. Сөйтіп, бес жылдан кейін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2 триллион теңгеге дейін түседі.

"Ол туралы мемлекет басшысына осы жылдың 15 қазанында экономиканы дамыту жөніндегі кеңесте баяндалды. Ал жылдың аяғына дейін Ұлттық қордың тұжырымдамасына қажетті өзгерістер енгізілетін болады", - деді Дәленов.

Айта кетейік, 2000 жылы Қазақстанда Ұлттық қор құрылған болатын. Онда мұнай саудасынан түсетін қаржы жинақталады. Биыл перезидент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қордан берілетін қаржыны қысқартуды тапсырды. Себебі бұл – болашақ ұрпақтың ақшасы.

"Ұлттық қордан мақсатты трансферт ретінде біраз қаржы бөлінген болатын. Енді, ондай шығындарды қысқарту қажет. Ұлттық қордың ақшасы болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек", - деді Тоқаев "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттеріне берген сұхбатында.

647
Кілт сөздер:
үкімет, болашақ, бюджет
Тақырып бойынша
Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды
Халықтың тұрмысын қалай жақсартуға болады – Назарбаевтың бүгінгі барлық тапсырмасы
"Қорқынышты түстей ұмыт болсын": Тоқаев шығынға батқан ҚазАгроға қатысты талап қойды
200 теңгенің тиынға айналуы нені білдіреді – экономистер түсіндірді
Архивтегі фото

Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды

1
Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнімдерді эспорттау саласындағы қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндамасын тыңдай келе, шикізат экспортын ұлғайту үкіметтің күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе екенін атап өтті.  

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев

Оның пікірінше, экспортқа қатысты кедергілерді жою, экспорттың географиясы мен номенклатурасын кеңейту, ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау үшін бүкіл үкіметтің күш-жігерін жұмылдыру керек. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелері экспортты ілгерілету, нарықтарға жол ашу және кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарға белсенді атсалысуы қажет.

"Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Транзиттік жүктер өтеді, ал біздің жүктеріміз шекарада қалып қояды. Қазақстандық тауарлар тиелген мыңдаған вагон бекеттерде тұр. Бизнес тікелей президенттен көмек сұрайды. Мұндай жағдайларда үкімет жедел әрекет етіп, серіктестермен арадағы барлық мәселені реттеуі тиіс", – деді мемлекет басшысы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында.

 Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылды. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.

1
Қасым-Жомарт Тоқаев

Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен Тоқаев

24
Президент халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру жүйелі шаралар керек екенін мәлімдеді.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы биылғы жыл өндіріс, өнімдерді сақтау және өткізу саласында қордаланған проблемалар бар екенін көрсеткенін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Инфляция, әсіресе азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен.

"Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс", - деп атап өтті Тоқаев.

Бұл ауылда тұрып, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдар үшін аса маңызды. Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде.

"Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – "егіс басынан сөреге" дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою", – деді президент.

Мемлекет басшысы халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді.

Оқи отырыңыз:

 

24