Экономика

Зейнетақы қорындағы 20 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтардың зейнетақы қорында қанша қаражат жинағаны және Ұлттық банктің ол ақшаны қайда жұмсағаны туралы ақпарат шықты

АЛМАТЫ, 25  қазан — Sputnik. Қыркүйек айында Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 20 миллиард теңгені "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының облигациясын сатып алуға жұмсады. Табыстылығы - жылына 11,5%.

2019 жылдың 1 қазанына дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі портфелінің көлемі 10 426,3 миллиард теңге болды. Ақша мен ұлттық валютадағы қаржы тетігі 6 850,6 миллиард теңге немесе 65,7%. Шетелдік валютада - 3 575,7 миллиард теңге немесе 34,3%.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы қорындағы ақшаны қашан алуға болады – министрдің жауабы

Өткен жылдың қыркүйек айында зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 55,3 миллиард теңгеге жетті.

2019 жылдың қыркүйек айында Ұлттық банк БЖЗҚ есебінен қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының негізгі қарызын өтеді. Жалпы сомасы - 16,9 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, Қазақстанның екінші деңгейлі банк депозиттерінің негізгі қарызының 1,4 миллиард теңгесі өтелді. Салымшылардың есебіне түскен зейнетақы активтерінің табысы 2019 жылдың басынан бері 4,98% болды.

Жаңалықтар
0