Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей Sukhoi Superjet 100 ұшағын жеткізу туралы келісім жасауда

40
Қазақстанда қазіргі таңда Comlux-KZ әуе компаниясына тиесілі бір Sukhoi Superjet 100 ұшағы пайдаланылып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Sukhoi Superjet 100 (SSJ100) ұшақтарын жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко.

"Шынында да біршама табысты келіссөздер жүріп жатқандығын растаймын", - деді Руденко Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық форумы аясында РИА Новостиге берген сұхбатында.

SSJ100 – ресейлік қысқа қашықтықтағы жолаушылар ұшағы, шамамен 4,4 мың шақырымға дейінгі қашықтыққа  98 жолаушыға дейін тасымалдауға арналған. Ұшақ алғашқы рейсін 2008 жылдың мамыр айында жасап, 2011 жылы коммерциялық пайдалануға енгізілді. 

Қазақстанда бір Sukhoi Superjet 100 ұшағы пайдаланылып келеді, ол Comlux-KZ әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: 2019 жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресей тауар айналымы 12,2 млрд долларға жетті

Айта кетейік, Омбыда қаласында Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Бірінші күні жоғары технологиялар көрмесі ашылды, панельдік сессиялар және жастар көшбасшыларының форумы өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін жалпы отырыс 7 қарашаға жоспарланған.

40
Кілт сөздер:
ұшақ, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады
Омбы форумының алғашқы күні қалай өтті?
Омбыда қазақ суретшісіне ескерткіш орнатылды
Қазақстан мен Ресей шекара межелеуді аяқтады
Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының алғашқы съезі 2020 жылы өтеді
Құжатқа қол қою

Кәсіпкерлер барлық мемлекеттік қызметті жеке кабинет арқылы алатын болады

46
(Жаңартылды 16:24 30.10.2020)
"Атамекен" палатасы мен үкімет өзара келісімге қол қойылды. Соның негізінде мемлекеттік ақпарат базаларымен интеграция жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов үкіметпен арадағы келісімге қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Күні кеше біз үкіметпен арадағы келісімге қол қойдық. Соның негізінде  мемлекеттік ақпарат базаларымен интеграция жасалады. Сонда кәсіпкерлер өзіміздің atameken.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы барлық мемлекеттік қызметті ала алады. Мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат та ұсынылады", - деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Палата басшысының айтуынша, бухгалтерлік және заңгерлік қызметтер де болады. Ал, ең бастысы, "Бизнес петициялар" деген бөлім ашылды. 

"Мысалы, маңызды мәселе жарияланады. Кәсіпкерлер оны белгілеп, өз даусын береді. Сонда өзекті деген мәселелер бірден көрініп тұрады. Ал үкімет тиісті шараларды шұғыл қолға алатын болады. Кешегі келісімшартта осы мәселе де жазылған. Барлығы цифрлық форматта жасалады. Әрине, олай жұмыс істеген ыңғайлы әрі тиімді", - деп атап көрсетті Мырзахметов. 

Бүгінде микро және шағын бизнесте кәсіби бухгалтерлер аз, заңгерлік көмек те жетіспейді. Ал келісім аясында әрбір шағын кәсіпкердің жеке кабинетіне қажетті ақпарат жіберіледі. Сондай-ақ, бизнес қай нарықтарға өз тауарын шығара алатынын біле алады. Үкімет болса, бизнес жағдайға қатысты толыққанды талдауды көреді және осы саладағы саясатты дер кезінде өзгертіп тұрады.

 

46
Кілт сөздер:
құжат, бизнес, Қазақстан
Тақырып бойынша
Назарбаевтың өзі сияқты: отандық кәсіпкер Елбасы костюмдерін кімнің киіп көретінін айтты
Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін
Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді
Мамин пандемия кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Дәмхана, архивтегі сурет

Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін

100
Карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлерді мазалап жүрген негізгі мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Отандық кәсіпкерлерді мазалап жүрген мәселеге келетін болсақ, пандемия көп нәрсені шектеп отыр. Көптеген салада бизнестің жабылып қалу қаупі бар. Бұл оңай кезең емес. Қазіргі болжамдар бойынша тағы жарты жыл, бәлкім, келесі жылдың аяғына дейін жалғасатын шығар", - деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, бизнеске карантиндік шектеулерден аман шығу маңызды. "Атамекен" палатасы өз кезегінде отандық кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетіп, үкіметке өзекті проблемаларды жеткізіп тұрады. Қазірдің өзінде бизнес салық, кредит, жалға алу ақысы және әлеуметтік төлемдер жағынан жеңілдік жасап беруді жиі сұрайды. 

"Кәсіпкерлердің көбісі арзан кредиттер мен қайта қаржыландыруды сұрайды. Бүгінде бизнес үшін барлық бағдарламалар бойынша 6 проценттік мөлшерлеме белгіленген. Алайда кәсіпкерлер 2 процентке дейін төмендетуді сұрайды, я болмаса, Ресейде сияқты 0 процентке түсіру керек дейді. Бәлкім, локдаун қайталанса, осы шараларды қарастыруға болады. Президент тапсырма берді, біз үкіметпен бірге сан алуан сценарийді пысықтап жатырмыз", - деп атап көрсетті Мырзахметов.

Оның сөзіне қарағанда, "Атамекен" палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, зардап шеккен салалардың тізімін кеңейту жағын қарастыруда. Қазіргі мәліметке сәйкес, карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам қатты шығынға батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан әртүрлі мөлшерде зардап шекті.

100
Кілт сөздер:
"Атамекен" ҰКП, карантин, коронавирус, Абылай Мырзахметов
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Бір минут үнсіздік: Тоқаев пандемия құрбандарын еске алды – видео
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды