Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаевты Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда-саттықтың өсу қарқыны қуантады

50
(Жаңартылды 21:47 07.11.2019)
2003 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемі 3,5 есеге өсті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыдағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-инвестициялық өзара әрекеттестіктің нығайғанын атап өтті.

Тоқаев сөз басында атап өткендей, бірлескен форумдар жақсы дәстүрге айналды.

"Омбы – бұл біздің өңіраралық байланыстарымыздың жаңа кезеңдегі дамуының бастау алған жер болып саналады. Осы қалада 16 жыл бұрын сіз және біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шекаралас облыстардың алғашқы форумын өткізді", - деп еске алды Тоқаев.

Президенттің пікірінше, форум шекара форматынан шығып, екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың толыққанды механизміне айналды. Бұған өткен жылдардағы ынтымақтастық нәтижелері дәлел бола алады.

"Сауда-инвестициялық ынтымақтастық едәуір кеңейді. 2003 жылдан 2018 жылға дейін өзара тауар айналымы 3,5 есеге өсті. 2018 жылы тауар айналымы 6,5 триллион теңгеден асты немесе 19 миллиард долларға жуықтады. Біздің мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымының өсу қарқыны өте жақсы, өсім әрі қарай жалғаса береді", - деді Тоқаев.  

Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды 

Ол сондай-ақ өзара инвестициялардың да өскенін атап өтті.

"2005 жылдан 2018 жылға дейін Ресейдің тікелей инвестицияларының ағыны 14 миллиард долларды құрады. Ресейдегі қазақстандық бизнестің жалпы инвестициясы 4 миллиард доллардан асты. Бұл шетелдегі қазақстандық инвестицияның жиынтық қоржынында үшінші орынды алып отыр", - деп атап өтті президент.

Айта кету керек, Қазақстанда 6 800-ден астам ресейлік кәсіпорын мен 3200 бірлескен Қазақстан-Ресей компаниясы жұмыс істейді.    

50
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей Sukhoi Superjet 100 ұшағын жеткізу туралы келісім жасауда
Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының алғашқы съезі 2020 жылы өтеді
Қазақстан мен Ресей шекара межелеуді аяқтады
Тоқаев пен Путин бірлескен мектеп пен университет ашу мәселесін талқылады
Теңге, ақша, тиын

БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

570
(Жаңартылды 10:12 30.11.2020)
Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады.

Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.

Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

570
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды
ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді
Акорда ғимараты

Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады

28
Тараптар сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын  талқылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.

28
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, саммит, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ЕАЭО-дағы кедендік баждың жаңа нормативтері қабылданды – Тоқаев заңға қол қойды  
Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет
Сұлтанов сыртқы сауданың қаншалықты төмендегенін айтты
Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады
Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

10
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

10
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті