Жүк көлігі алдындағы шлагбаум, архив фото

$314 миллион: Ресей Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғыртады

74
Қазақстан мен Ресейдің шекара бойындағы пунктерін жаңғырту жоспарының алғашқы кезеңін үш-төрт жылда іске асыру көзделіп отыр

ОМБЫ, 8 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей шекарасындағы ресейлік өткізу бекеттерін қайта құру және жаңғырту бағдарламасы 20 миллиард рубльді (шамамен 314 миллион доллар) қажет етеді. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкин Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Қазіргі таңда шекарада 49 өткізу пункті жұмыс істейді, олардың көбінде кептеліс қалыптасады. Сол себептен инфрақұрылымды жаңарту қажет.

"Бағдарлама әзірленді, алғашқы 18 өткізу бекеті бірінші кезеңге кіреді. Ресейлік тараптан бұл бағдарламаны қаржыландыру шамамен 20 миллиард рубльді құрайды", - деді Орешкин.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей арасында өзара сауда өсімінің қарқыны сәл баяулаған. Себептердің бірі - шекараны кесу кезінде операторлардың шығынға батуы.

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды

Ресей ведомствосының пікірінше, екі мемлекеттің жұмысын үйлестіру қажет.

"Өткізу пунктін, бүкіл инфрақұрылымды шекараның бір жағынан істеуге болады, ал басқа жағында ол болмайды – сонда бұның бәрі жұмыс істемейді. Мәселен, "Сағаршын" шекара бекетін қазақстандық тарап 2017 жылы жаңғыртты. Азаматтар ол жақтан алты жолақты жолмен келіп, еліміздің екі жолақты жолы мен жөнделмеген өткізу пунктіне кеп тіреледі. Ал кейбір жерлерде керісінше жағдай кездеседі", - деп мысал келтірді Орешкин.

Тағы оқыңыз: Ресеймен шекарада жаңа өткізу пунктерін ашу қажет – Тоқаев

Ресейлік тараптың болжамы бойынша, бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыруға 3-4 жыл кетуі мүмкін.

Атап өтсек, Қазақстан өңіраралық форумда шекара мәселелерін шешу жөнінде комиссия құруды ұсынды.

Форумда екі елдің шекара ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасы қабылданды.

74
Кілт сөздер:
шекара бекеті, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды
Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды
Қазақстан президенті Путинге үшінші елдердің нарығына бірге шығуды ұсынды
Ынтымақтастық бағдарламасы Қазақстан мен Ресейдің 20 облысын қамтиды
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Ауыл шаруашылығы

"Тікелей қадағалап отырамын": президент маңызды бағдарлама туралы айтты

933
(Жаңартылды 20:49 29.10.2020)
Үкіметке ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Президент агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламалық құжаттың әзірленуін тікелей қадағалап отыратынын айтты.

"Бұл ретте шенеуніктердің де, кәсіпкерлердің де, сарапшылардың да пікірін тыңдаймын. Өйткені ауыл шаруашылығының әлеуетін көтеретін кез жетті. Олай болмаған жағдайда біздің экономикамыз үшін өкінішке ұрындыратын теріс салдар болуы мүмкін, – деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.

Оның айтуынша, алдымен, қолдау институттарын айқындап, дұрыс реттеу ортасын қалыптастыру керек.

Отандық өнім көлемін ұлғайту және қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау мәселелері басты назарда бола бермек. Үкімет сатып алуды реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны өзектендіруді бастады.

Квазимемлекеттік секторды сатып алу жобасы бойынша жоба жүріп жатыр. Өңдеу өндірісіне шикізат жеткізу тетіктері әзірленуде. Отандық өнеркәсіп секторы үшін жаңа заңнамалық база дайындалып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компанияларды белсенді түрде сыртқы нарыққа шығуға шақырды.

Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған. Мұндай жобаларға қаржыландыру жеңілдігі, экспорттық қолдау тетіктері, заттай грант беру секілді кешенді қолдау шаралары көрсетіледі.

Қазақстан келер жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 29 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр.

933
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді
Қордай мен Сәтбаевта болған қайғылы оқиғалардан сабақ алу қажет – президент
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев
Президент биліктегі әйелдер туралы не ойлайтынын айтты
Ақорда ғимараты

Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді

1347
(Жаңартылды 18:46 29.10.2020)
Жаңартылған бағдарламада бірінші кезеңді іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескеру қажет екені айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке 2021 жылға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын ұзартуды тапсырды.

Жаңартылған бағдарламада бірінші кезеңді іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескеру қажет екені айтылды.

"Бұл жерде өңірлерге бөлінетін қаражаттарды сапалы әрі тиімді бөлу жөнінде сөз болып отыр. Ақшаны желге ұшыруға немесе "өз" компанияларына келісімшарттарды бөліп беруге жол берілмеуі тиіс. Қаражаттардың бір бөлігін микро кредит беруге жұмсауға болады", - деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.

Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық Банк 1 желтоқсанға дейін нақты ұсыныстар беруі тиіс екенін атап өтті.

"Ұлттық палата дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу мен оларды іске асыруда біршама қолдау көрсеткенін атап өткім келеді. Медицина тілімен айтсақ, біз бірлесе отырып проблемаға дұрыс диагноз қойып, емдеудің қажетті шараларын қабылдай алдық", – деді президент. 

Оның айтуынша, пандемия мен дағдарыс Қазақстанның алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан мемлекет елімізде бизнес жүргізудің шарттарын жүйелі түрде жақсартуды жалғастыра береді.

Президенттің тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады. Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.

1347
Кілт сөздер:
үкімет, Ұлттық банк, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Қайта қарау қажет": Тоқаев қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын айтты
Қордай мен Сәтбаевта болған қайғылы оқиғалардан сабақ алу қажет – президент
Президент биліктегі әйелдер туралы не ойлайтынын айтты
Тоқаев үкіметке кімдердің жалақысын өсіруді тапсырғанын айтты
Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек – Тоқаев
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

0
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

0
Кілт сөздер:
шағым, жол