Ақша ұстаған адам, архивтегі сурет

Депутаттар кредит бойынша берешегі бар қазақстандықтардың мәселесін көтерді

7983
Смирнованың пікірінше, банк алдында қарызы бар азаматтардың мүмкіндігін шектегенше, қаржы институттарына қойылатын талапты күшейткен дұрыс

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаттары кредит бойынша берешегі бар азаматтардың шетелге шығуына салынған тыйымды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Ирина Смирнованың сөзінше, соңғы он жылда банк секторына көрсетілетін көмек жүйелі сипатқа ие болды.

"Үнемі көмектескеннен банктер тәуекелдерге сапалы талдау жасаудан қалды. Пайданы ойлаған банктер кредитті кім төлеп, ал кім өтей алмайтынын ажырата алмайтын болды. Сондықтан қадағалау әдістерін қайта қарастырып, банктердің тәуекелдерге талдау жасау мотивациясын төмендететін элементтерді жою қажет", - деді ол ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, мұндай демотиваторға кредит бойынша берешегі бар азаматтарға шетелге шығуға салынған тыйымды жатқызуға болады.

"Банктер кіретін жекеменшік ұйымдар қарыз алушыны таңдау кезінде өздері жіберген қателігі үшін азаматтардың құқығын шектемеуі тиіс. Керісінше, несиені төлеуге қабілетсіз адамдарға кредит беретін банктер үшін талаптарды қатаңдату қажет", - деп санайды депутат.

Тағы оқыңыз: Досаев енді кімдерге кредит берілмейтінін айтты

Смирнова ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге жағдай жасау арқылы қосымша әлеуметтік тәуекелдерге себеп болатынын, бұл ел экономикасына кері әсерін тигізетінін атап өтті.

Депутаттар кредит бойынша берешегі бар азаматтардың шетелге шығуына салынған тыйымды алып тастауды, сонымен қатар, қарызын өтеуге шамасы келмейтін халыққа кредит беретін банктер үшін талаптарды күшейтуге қатысты ұсыныстар енгізуді ұсынды.

7983
Кілт сөздер:
кредит, депутаттар, Ирина Смирнова
өткізу пункті

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатқанын түсіндірді

359
Бүгінгі күні Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр, деп атап өтті комитеттегілер

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының аумағында "Ақ Тілек автожол" автомобиль өткізу пунктінің алдында жүк көліктерінің жиналғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Соған байланысты Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті түсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылдың 30 шілдесіндегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктінде 50-80 автокөлік тұр. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымында көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай", - делінген ақпаратта.

Комитет ақпаратына сәйкес, қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлікпен тауар жеткізіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

 

359
Кілт сөздер:
шекара, көлік, кеден
күріш алқабы

Қазақстанда тағы бір азық-түлік қымбаттауы мүмкін

2938
Қызылорда облысында күріш құрғақшылық пен су тапшылығы салдарынан қурап жатыр. Ал әлеуметтік маңызы бар бұл тауардың өндіріс шығыны өскен

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қызылордалық диқандар осы жылы күріш алқабынан алынған өнім көлемі жоспарланған деңгейден аз болатынын және оның бағасы да қымбаттайтынын айтты, деп хабарлады "Хабар24".

2021 жылы облыстағы күріш өсіретін 550 шаруашылық 83 мың гектар жерге күріш екті. Бұл 2020 жылғы көлемнен 6 600 гектарға аз.

Сонымен қатар тыңайтқыш, техникаға арналған жабдықтар мен жанармай бағасы да шарықтап кетті.

Қармақшы ауданындағы ірі шаруашылықтың бірі қуаңшылыққа байланысты осы жылы күріш егу алқабын қысқартуға мәжбүр болды. Суаруға арналған су тапшылығына байланысты 70 гектардың өзі қазір қурап кеткен.

"Күріш бағасы 400 теңге шегінде болуы керек деп санаймыз. Себебі оның өз бағасы қатты көтерілді. Су тапшылығы салдарынан бірнеше жылдан бері егістік алқабын қысқартып жатырмыз. Суаруға арналған қымбат сорғылар сатып алдық. Қазір 270 адам, маусым кезінде 300-ге дейін адам жұмыс істейді. Барлығына уақытылы жалақы төлеу керек", - дейді шаруашылық маманы Сәбит Пірманов.

Күріш әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тізіміне кіреді. Оның шекті бағасын мемлекет белгілейді. Үшінші тоқсанда бір келі күріш құны 275 теңгені құрады. Алайда базарда ол орта есеппен 220 теңгеден сатылып жатыр.

2938
Кілт сөздер:
күріш
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0